Әулиекөлдік ағайындар «Жақсылықта жарысу» қағидасын ұстанып, өзгеге үлгі болар қайрымдылық жасады. Мұнда жергілікті кісілер ғана емес, өзге жақта тұратын бауырлар да атсалысты.
Ал осынау сауапты істе аудандық «Әмит ишан» мешітінің діни қызметкерлері игілікті шараға мұрындық бола білуде.
Аудандық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов жамағаттан жиналған қаражатқа сонау Түркиядан тапсырыспен тыныс алу аппаратын алғызып, оны Әулиекөлдегі аудандық ауруханаға табыс етті.
Ол қаншама адамдардың қауіпті дерттен айығып, отбасына қуаныш сыйлайтындығы даусыз. Науқастанған жандарға Алла тағала шипасын бергей.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі