Қостанай облыстық мешітінде Мәуліт айының құрметіне қайрымдылық шарасы жасалды.
Мешітіміздің демеушілері арқылы және облыс бойынша «Зекет» қорының облыстағы өкілі Мейрам Исламханұлының іскерлігі мен найб имам Бақытжан Икрамның ұйымдастыруы арқасында азық-түлік таратылды.
Осы шара аясында мешіттегі қызметкерлерге және тұрмысы төмен, көп балалы тағы басқа мұқтаж кісілерге күзгі жиынннан үлестірілді.
«Жалпы мұндай шараларымыздың орындалуына үлесін қосушы әрбір демеушіге Алла тағаланың нұры жаусын. Лайым «Жақсылықта жарысу» қағидасын ұстанайық» деп алғысын білдірді облыстың Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі