Жақында Тобыл қаласы «Маңдай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының филиалында дін қызметкерлеріне арналған «Жеті рухани қазық» атты аймақтық семинар болып өтті.
Осы аса маңызды жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы қатысып, алғашқы болып сөз алды. Ол «Жеті рухани қазық» жайында жан-жақты әңгімеледі.
Одан кейін Қостанай облысы әкімдігінің дін істер басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев қозғалған тақырып хақында пікірін білдірді.
Жиынға аймаққа қарайтын бір қатар аудандардың бас имамдары мен ауыл молдалары қатысты. Басқосуда көтерілген тақырып бойынша алдағы жұмыс жоспары құрылды.
Семинарда «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Мұханбетжанұлы, осы мешіттің найб имамдары Азамат Мурзаканов, Медет Өтепқалиев, Қарасу және Сарыкөл аудандарының Бас имамдары Халық Абсаттаров, Нұрбол Балахметтер де өз ойларымен бөлісті.
Басқосу соңында беделді ақсақалдар қонақтар мен жиналғандарға ақ батасын берді.
Арқалық қалалық «Мұтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен осы шаһарда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан, болашақ маман иелері, сондай-ақ мешітте ислам дінін үйрену мақсатында дәріс алып жатқан қырыққа жуық шәкірттерге дәстархан жайылды.
Осы жүздесуде найб имам Балғабай Шәйкемелов «Исламдағы бауырмашылдық» тақырыбында тұшымды әңгіме өрбітіп, оның маңыздылығына тоқталды.
Арнайы шақырылған студенттер мен мешіт шәкірттері дастарханнан дәм татып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін мешіттің ұжымына шынайы алғысын білдірді.
Қазіргі қоғамымыздағы діни ахуал мен ішкі тұрақтылықты және рухани тазалықты сақтауда имандылықтың ролі зор. Әсіресе, жастар арасында діни түсінікті дұрыс қалыптастыру және имандылық иірімдерін сауатты түрде насихаттау ісі маңызды.
Осы тұрғыда "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде Денисов ауданы "Жұма" мешітінің Бас имамы Руслан Жиенбаев, ішкі саятат бөлімінің бас маманы А.Бондаренко аудандық кітапханада және мешітте «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жайында кездесу өткізді.
Осы жүздесуде Бас имам «Асыл дінімізде адам баласының негізгі мұраты – жер жүзінде өркениет пен мәдениетке негізделген өмірді көркейту» екендігіне және басқа да өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды.
Республикалық имамдар форумында қабылданған "Жеті рухани қазық" қағидалары да жастардың өмірінде ерекше орын алатындығы айтылды. Кездесулер соңында қатысушыларға «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жөніндегі кітапша таратылды.
Қайырымдылық халқымызда ерекше қасиет болып табылады. Айналамыздағы үлкенді-кішілі қауымға қамқор болып, ізгі ниетімізді білдіргенге не жетсін.
Осы жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Құрткөже қайырымдылық» шарасы болып өтті.
Оның тиісті деңгейде өтуіне мешіт қызметкерлерімен қатар осындағы «Әйелдер секторы» елеулі үлес қосқандығын айрықша атап өткен абзал.
Таяуда Жангелдин ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте «Оспанқожа әулие» мешітінің найб имамы Аян Хасенов «Ислам ынтымақ діні» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Бұл жүздесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушылардың көтеріліп отырған мәселеге байланысты ой-пікірлері, көз қарастары тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.
Ұзын сөздің қысқасы, аталған білім ордасында ұйымдастырылған мұндай басқосудың тағылымдық және танымдық жағы өте мол болды.
Қазіргі таңда еліміздің барлық мекендерінде ораналасқан үлкенді-кішілі ас дайындайтын орындар аз емес. Мұсылман қауымы халал тамақ әзірлейтін жерлерге құштарлық танытуда.
Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде ұйымдастырылған әрі әйел-қыздарға арналған уағыз – насихат шараларының тәлімдік-тәрбиелік маңызы ерекше.
Таяуда ғана мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев бір топ әйелдер жамағатына «Дұғаның қабыл болуы – адал астан» деген тақырыпта берері мол басқосу өткізді.
Онда көтерілген тақырыпқа орай «Е» қоспалары кездесетін азық-түлік, тіпті тәтті тағамдардың құрамында бар қоспалар жайлы мәліметтер берілді. Әйелдер көп жайды көңілдеріне түйді.
Бір қуантарлығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» өнімдерінен жасалған тағамдарды бақылау мен тексерістері нәтижесінде қоспасыз әрі күмәнсіз тағам тізімдері күн сайын артып келеді.
Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай «Талап еңбек терен ой, Қанағат, рақым ойлап қой!»-деп аталатын ұлы ақынның қара сөздері мен өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының арасында білім сайысы болып өтті.
Алдымен аудандық мешіттің бас имамы Есет Ғабдімәліков сөз алып, Абайдың өмірі мен ҚМДБ-ның 30 жылдығына тоқталды. Жиналған жастарды терең білім алуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа және діни сауатты болуға шақырды.
Сайыс қорытындысында қара сөз оқудан Алтынгүл
Жомарт, Дильназ Серикова, Әйгерім Мұхтаровалар жүлдегер атанса, Наргиз Каипова ынталандыру сыйлығына ие болды.
Сонымен қатар өлең шумақтарын оқудан Аяжан Төлеубек, Диана Салыкова, Медина Достяровалар ерекше көзге түсті. Ал Мадина Байсейітова болашағынан үлкен үміт күттіретіндігін байқатты.
Өткен аптада Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлы Алтынсарин ауданындағы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде жұма уағызын өткізді.
Ол мешітке келген жамағатқа «Мешіт әдебі» тақырыбында уағыз айтып намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.
Содан кейін аудандық мәдениет үйі қызметкерлері және жастармен де кездесу өткізіп, өзекті мәселелер жайында әңгімелеп, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.