Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
19 01.21

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы тағы бір білікті маманмен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Балахмет Мұртаза Ертайұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметіне тағйындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бесін намазына жиылған жамағатқа жаңа қызметкерді таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Бірнеше халықаралық Құран жарыстарына қатысып, еліміздің абыройын асқақтатқан қари Мұртаза Ертайұлына ізгі ниетін білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Балахмет Мұртаза Ертайұлы 2017 жылдары «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында» қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап шыққан.

2012-2017 жылдары Көкшетау қаласы «Ж.Мусин» атындағы педагогикалық колледжінде оқыған.

2016 жылы Малазияда мемлекетінде өткен Халықаралық Құран жарысқа қатысқан.

2017 жылы Индонезия елінде Халықаралық Құран жарысқа қатысқан.

2017 жылы Рессей еліндегі Халықаралық Құран жарысқа қатысқан. 

2019-2021 жылдары Т8ркия мемлекеті, Стамбул қаласы «Әд Дияр Әш-Шами» медресесінде «Асым» қырағаты, «Шұғба» және «Хафс» риуаяты бойынша ижаза алған.

2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр-Астана» мешітінде, 2018-2019 жылдары «Әзірет Сұлтан» мешіттерінде тарауих намаздарында Құран хатым еткен Мұртаза Ертайұлы елорда жамағатына кеңінен танымал.

алдыңғы жаңалық
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ: 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ
келесі жаңалық
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником