Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 01 Июнь 2021 14:44

Арқалық: Балалар қуансын

   Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Арқалық қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мекемесіндегі бүлдіршіндерді  қуанышқа бөледі.

Бас имам Дархан Қосылбаев бастаған мешіт ұжымы ондаңы тәрбиеленіп жатқан 50 балаларға ішіне тәтті тағамдар салынған 50 пакетті тапсырды.

Еліміздегі  есте қаларлық мерекелерді өз деңгейінде өткізуді өзінің азаматтық парызы санайтын мешіт мекеме қызметкерлерінің алғыстары шексіз.

«Мынау тіршілікте балдырғандардың жүзінен қуаныш нышанын көруден асқан бақыт жоқ. Ал балалар қолдарына сыйлықты алған кездеріндегі сәтті тілмен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жағасын табатын болады» дейді Дархан имам. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Май 2021 12:15

Зираттар тазалаудан өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Қамқор - Шарапат» саллтық қызмет көрсету орталығы құрылғаннан бері бірқатар игі бастамаларға ұйытқы болып келеді.

Осы мамыр айының соңғы күндері олардың ұйымдастыруымен бүкіл елімізде зираттарды қоқыстардан тазалау мақсатында жұмыс атқарылды. Бұл бастаманы Қостанай өңіріндегі мешіт имамдары мен жамағатта да қолдады.

Міне, мұндай ұйымшылдықтың арқасында барлық зираттар қалыппа келтіріліп, барша жүрегінде иманы бар кісілер көпшіліктің алғысына бөленді.

Мәселен, Арқалық, Рудный қалалары мен Сарыкөл, Амангелді, Мендіқара аудандарындағы мешіт имамдары зиратты тазалау акциясына белсене қатысқан жамағаттарға түскі ас пен моншаға түсу мәселесін қолға алды.

Жалпы облыстағы дін қызметкерлері «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағиданы ерік ұстанып отырғаны баршаны да шексіз қуанышқа бөлейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 25 Май 2021 12:16

Меңдіқара ауданында

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және наиб имам Әлішер Ертайұлы Мендіқара ауданында арнайы іс сапарда болды. Бас имам алдымен аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлымен кездесіп, мешіт жанынан асхана құрылысының салыну жоспарымен танысты. Өңірдегі діни ахуалдың жай-жапсары жайлы тілге тиек етті.

Сондай-ақ, осы сапар барысында облыстың Бас имамы Бахытбек Тәжімбет республикаға белгілі Мұхамеджан Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығының ұжымымен жүздесті. Онда Ислам дінінің өткен кезеңдегі тарихы, оның мәні мен мақсатына жан-жақты тоқталды.

Ал Әлішер Балахмет өзекті мәселелер бойынша Меңдіқара аудандық әскери комиссариат қызметкерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына нақты жауап берді.

Сонымен қатар «Халал даму» саласы бойынша Әлішер Ертайұлы аталмыш аудандағы нан өнімдерін шығаратын наубайхананың тыныс- тіршілігімен танысып, сертификат алушыларға қойылатын талаптары жөнінде түсіндірді.

Жалпы, осы жолғы дін қайраткерлерінің Меңдіқара ауданындағы сапары өте әсерлі өтті. Көкейде жүрген маңызды жайлар ортаға салынып, алдағы  жүзеге асырылатын мәселелер айқындалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пандемия жүрегінде иманы бар азаматтардың мейірімділігі мен қайырымдылығын арттыра түсті. Олар дерттің алдын алу мақсатында да өздерінің жанашырлық қырларын барынша таныта түсуде.

Мәселен, жуырда сонау Мәскеу қаласында кәсіпкерлікпен айналысатын бауырымыз Жарас Баймұханов және оның достары Талғат Әубәкіров, Айбат Темірбеков үшеуі демеушілік жасады. Олар 1250 бет пердені тарту етті.

Жомарттық жасап, нағыз азаматтық қырларын көрсеткен кәсіпкер жігіттерге алдағы уақытта мықты денсаулық тілейміз. Жұмыстары әрдайым алға басып, табыстан-табысқа жете берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

21.05.2021

Пятница, 21 Май 2021 15:42

Үмітсіз тек шайтан ғана

                                                                                        «Дүние бір қисық жол бұраңдаған,                                                                                         Бақ тайса мал мен басың құралмаған.                                                                                          Күніне мың бір пәле көрсеңдағы                                                                                         Сонда да күдер үзбе бір Алладан!»

Бүгінде өз ғұмырында басына іс түспеген, қиыншылыққа ұшырамаған адамды табу қиын болар. Осындай сәттерде басқа түскен іске төтеп бере алмай сабырсыздық танытып, көптеген қателікке ұрынып қайғы үстіне қайғы қосып жататындар бар. Сондай кезде: «Я, Құдай мен саған не жазып едім» - деп Аллаға қарсылық танытып-та қоятынымыз жасырын емес.   

       Негізінде адам баласы тағдырындағы істердің бір Алладан екендігіне сену бұл – иманның шарттарының бірі. Құранда:  

«Жер бетіндегі және өздеріңе тап келген қандай да бір мұсибат (бәле) Біз оны жаратпастан бұрын Кітапта жазылған. Ақиқатында бұл Алла үшін оңай. Біз бұл туралы сендердің өткізіп алғандарың үшін қайғырып, сендерге берілген нәрсе үшін қатты қуанбауларың үшін айттық..» (Хадид с.22-23).    

       Түсінген жан үшін адамды тағдыр ісіне күмәнды етіп қою бұл – ібіліс шайтанның айла-шарғысы. Мысалы: бір адам қандай бір іске үлгіре алмай қалса не басына бір сынақ түссе, шайтан келіп: «Егер сен былай істегеніңде ғой, мұндай болмас еді», – деп азғырып, пендені өкінішті жағдайға түсіріп қояды. Ардақты Пайғамбарымыз мұндай жағдай туралы-да біздерге ескертіп кеткен. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с)  былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында да қайырлылық бар. Өзіңе пайда әкелетін нәрсеге тырысып, Алладан көмек сұра, әлсіздік танытпа. Егер бір нәрсе болып қалса «егер былай істегенімде олай болмас еді» деме, «Алла солай мөлшерледі, қалағанын қылды» деп айт. Расында «егер» сөзі шайтанға жол ашады». (Мүслім риуаяты). Сол үшін-де Алланың тағдырға жазған ісіне разы болып, сабырлықпен шүкір етуіміз керек.

       Адам баласы өзінің қимасын жоғалтып қайғыға душар болғанда, қиындық үстіне қиындыққа тап болып, алдағы күннің сәулесі өше бастаған шақта үміт – адам баласын әуелете тік көтеріп әкетеді. Үміт арқылы адам Алланың қалауымен өзінің шамам келмейді-ау деп ойлаған нәрселеріне қол жеткізеді.           

        Қоғамда ауруынан айыға алмай жүрген науқастар, перзент көрмей жүрген отбасы, қалаған қызметіне қол жеткізе алмай жүрген мамандар, оқуға түсе алмай қалған жастар осы секілді сан қилы сынақтарға түсіп жолы болмай  жүрген жандар бар. Мұндайда сағын сындырып, өмірден түңіліп кетпестен, керісінше келешектен үміт күтуі қажет. Алла тағала Құранда: «Алланың рахымынан күдер үзбеңдер» дейді (Зүмәр с.53). Ілгеріде өткен тақуа-ғалымдардың бірі: «Алланың мейірімділігін тілеу – пенде үшін үміт есігін ашады. Оған шынайы ықыласымен құлшылық етуге күш-қуат береді» деген. Үміт бұл – Хақ тағаладан пана тілеу арқылы, ырыс-берекеге қол жеткізу. Халық қаһарманы, батыр, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады» деген сөзі ойға-ой қосып, қиналған пендеге қанат бітіреді.

      Үміт – сенімнен туындайды. Иман келтірген жан әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Ал, үміт арқылы қиын белестерден қиналмай асып, биік шыңдарға шығуға болады. Қазақта: «үмітсіз тек шайтан» деп айтады. Бұл сөздің астарында терең мағына бар. Қазақтың бұл сөзі асыл дініміз исламнан бастау алатындығы анық. Мұсылман баласының еш уақытта үміті, күдері үзілмеуі керек. Біле-білсек Алладан үмітін үзу - үлкен күнәлардың қатарына жатады. Өйткені Құранда: «Раббыңның рахымдылығынан адасушылардан басқа кім үміт үзеді?»  (Хижр с.56)-деп үміт үзудің күнә екендігін ескертеді.

         Келесі бір аятта: «Ей, шектен тыс күнә жасап, өздеріне зиян келтірген құлдарым! Алланың рақымдылығынан үміттеріңді үзбеңдер. Алла күнәлардың барлығын кешіреді». (Зумәр, 53) – деп, бізге бұйыру арқылы үмітсіздікке бой алдыруымызға тыйым салып тұр. Шынында да, өмірде орны толмас қателікке бой алдырып, өкініштен өзегі өртенген жандарға осы бір аят үлкен үміт сыйлап, бақытқа жетуіне сеп болмақ. Тіпті, өзін күнәһар  санап, иманға жақындай алмай жүрген пенделерге исламды қабылдатты десек-те болады. Пайғамбар заманында хазірет Хамзаны өлтірген Уахшидің өзін, Алла елшісі (с.ғ.с.) бірнеше рет исламды қабылдауға шақырды. Алайда, Уахши жан дүниесін кернеген үмітсіздік пен күдіктен арыла алмады. Ол пайғамбардың жақынын өз қолымен өлтіргені үшін өзін «кешірімге лайық емеспін» дегенге сендірді. Сол үшін де мұсылманшылықты қабылдауға тәуекел ете алмады. Пайғамбарымыз үшінші рет құран аятын жазып жібергенде ғана Уахшидің бойындағы кешірімге деген күдік-күмән сейіліп, көкірегіндегі үміт оты қайта маздап, мұсылмандықты қабылдады.

Үкімі қияметке дейін өзгермейтін Құрандағы бұл аят бүгінгі адамдарға да үміт сыйлаумен қатар, Алла қаласа келер ұрпаққа да үміт қайнары болмақ.

       Қадірлі оқырман қауым! Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз:

Үміт – Құдай тағаланың кешірімінің кеңдігіне сену. Құранда: «Менің рахымым барлығын сыйдыратындай өте кең»  (Ағраф с.156), – дейді. Міне, осылайша Раббымыз өз құлдарына қаншалықты мейірімді екендігін айтып, үміт сәулесін өшіріп алмауымызды ескертеді.

 

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

Биыл қасиетті Рамазан аяқталған соң Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде айт намазы карантинге орай сақтық шараларын барынша сақтауға байланысты аулада өтті. Облыстық мешіттен арнайы келген наиб имам әрі ұлағатты ұстаз Әбдіқаһар Садықұлы Ерматов уағыз айтып, әруақтарға бағыштап Құран оқыды.

Мешіт жанындағы екі айлық білім жетілдіру курсында білім алған 10 шәкіртке арнайы сертификат табысталып, талабаларға бата берілді.

Ораза айт намазының соңында аталмыш мешіттің ұйымдастыруымен 27 отбасыға көмек көрсетіліп, көп балалы шаңыраққа қайырымдылық жасалды.

Қуанышқа кенелген жанұялар Шоқан қажы Әмірханов басқаратын мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Четверг, 20 Май 2021 15:24

Жітіқара: Түзету мекемесінде

Қостанай облысы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Мейіржан Бердіғожин Қапарұлы қайырымдылық мақсатында бірқатар игілікті істер атқарды.

Ол жергілікті жердегі  161/3 түзету мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған жандар үшін Ораза айт мерекесіне орай азық-түлік табыс етті.

Бас имам жазасын өтеушілермен жеке кездесулерде имандылық пен ізгілік тақырыбында уағыз - насихат жүргізуді дәстүрге айналдырған.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Ораза айт мерекесіне орай Меңдіқара ауданындағы «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының спорт залында оқушылар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

Жарыс еліміздің Әнұранымен басталды. Ойын соңында 3 топтан тұратын жүлделі орындарды иеленген топ басшыларына мадақтау қағаздары табыс етілді. Сондай-ақ, ойынға қатысқан 15 балаға айттың құрметіне тәтті тағамдар берілді.

 Ауданның Бас имамы Е.Қошан мектеп ұжымына спорттың осы түрінен жарысты өткізуге белсене атсалысқандары үшін шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Өткен қасиетті Рамазан айының әр жұма күндері Сарыкөл ауданындағы «Аққозы қажы» мешіті «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.

Осы акция барысында 83 көмекке мұқтаж отбасына азық-түлік және ет таратылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы  161/2 түзету мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған 190 адамға екі рет ауызашар дастарқаны жайылды.

Ал, Ораза айт мерекесі күні еліміздің болашағы балалар мен асыл аналар да назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, 50 бүлдіршінге «Айттық қоржындары», ақ жаулықты аналарға «Айттық дорбалары» үлестірілді. 

Жалпы, Рамазан айы мен Ораза айт мейрамында 1 104 000 теңгенің қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Осы игілікті іске мешіт жамағаттары мен жомарт жандар демеушілік етті.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет кезекті іс-сапарында қазақтың ұлы жазушысы Бейімбет Майлин атындағы ауданда бірқатар іс-шараларға қатысты. Онымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Халал Даму» бөлімінің меңгерушісі Әлішер Балахмет болды.

Соңғы кездері халал стандартының сертификатын алуға тілек білдірушілер қатары арта түсуде. Солардың бірі аталмыш аудандағы «Адал ұн» диірменінің ұжымы.

Белгіленген тәртіп бойынша олардың осы маңызды құжатқа лайықтылығы тексеруден өтеді. Сондықтан дін қайраткерлері алдымен соның жай-жапсарын білді. Алдағы уақытта «Халал Даму» бөлімі олармен сараптамадан өткен сон келісімшарт жасайтын болады.

Сондай-ақ құрметті қонақтар аудан өмірінде тұңғыш рет «Халал Даму» стандарты бойынша ет сататын сауда орнына да атбасын бұрып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қостанай облыстық мешітің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником