Қостанай облысы бойынша өкілдігі үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Өз кезегінде облыс бойынша қалалар мен аудандардың бас имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясында жасалған жұмыстары бойынша баяндады.
Облыстың өкілі Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы негізгі төрт бағыты болып табылатын, уағыз насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, сауат ашу курстарын жандандыру бойынша және дін мен дәстүр аясындағы жұмыстарды жалғастыруды имамдарға тапсырды.
Сонымен бірге, 2018 жылы Жастар ісі бойынша жасалатын іс-шаралар туралы жоспар талқыланып, әр қалалар мен аудандарға аталған бағытта жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы шейх Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы іс-сапармен Қостанайға келді.
Ол өзінің сапары барысында «Қоғамдық келісім үйінде» шешен диаспорасының және Қостанай облысы әкімдігінің дін істер басқармасының өкілдерімен кездесті.
Сонымен қатар Хусайн қажы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде де шешен ұлты өкілдерімен жүздесіп, қазіргі таңда жат ағымнан сақтану, діни сауаттылықты көтеру, діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу мәселелері туралы сөз қозғады.
Кездесу барысында әркімнің көкейдегі сауалдарына жауап беріп, діни сұрақтар туындаса тек ғана ҚМДБ-ның жергілікті жердегі өкілдеріне жүгіну керектігін ескертті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Бұл қайырымдылық көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге.
«Бұл игі бастама аясында әзірге Қостанай облысы бойынша 3 діни қызметкерге қаражат бөлінді. Бұл да болса үлкен көмек және ол діни қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін шешуге оң ықпал етеді», – дейді облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы.
Айта кету керек бүгінгі таңда «Уақып» қоры еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған топтарды және рухани шараларды қаржыландырумен бірге діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды басты назарға алып отыр.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Науырзым аудандық ақпараттық - насихаттық тобының мүшелері аудандағы ауылшаруашылығы колледжінде «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбында маңызды кездесу өткізді.
Оның құрамында Түркебай мешітінің бас имамы Н.Сыздықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер А.Серікбай секілді өңірге белгілі кісілер қатысты.
Осынау кездесу барысында жиналғандарға бейнеролик ұсынылды. Онда жұртшылыққа кімді болсын ізгілікке, бауырмалдыққа жетелейтін кітаптар мен сайттар көрсетілді.
Жалпы, өзіміз ерекше құрмет тұтатын Ислам дінінің басты мақсаты – әлемдегі адамзат арасында бейбітшілікті нығайту. Ауызбірлік пен ынтымақты барынша арттыра түсу екені айдан анық.
Бұл басқосуда теріс ағымдар жайлы жан-жақты айтылды. Қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауаптар берілді. Әсіресе, жастардың ешқандай пайдасы жоқ әдеттерден аулақ болуы да тілге тиек етілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басым бағытының бірі және бірегейі ол мұқтаж жандарға көмек қолын созу, қайырымдылық көрсету. Әрине, мұндай ізгі істерге өңіріміздегі мешіт жанашырлары мен жаны жомарт демеушілердің қосар үлесі зор.
Міне, осы мақсатта облыстық мешіт ұжымы да елеулі жұмыстар атқаруда. Жуырда қаладағы әлуеметтік жағдайы төмен 20 отбасына арнайы пакетке салынған азық-түлік тапсырылды. Оның ішіне күнделікті өмірде тұтынатын сұйық май, шәй, макарон мен дәнді дақыл өнімдері салынған.
Оның алдында жиналғандарға аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам сөз сөйлеп, ұлағатты ойларын ортаға салды. Жалпы, Ислам дінінің адамзатты тек жақсылыққа үндейтіні жайлы айтты. Қайырымдылықтың кісі бойындағы ең ізгі қасиеттің біріне жататындығын жеткізді.
Мұндай шаралар көмекке мұқтаж жандарды қуанышқа бөлеп, қанаттандыра түсетіндігі белгілі. Сондықтан да олар шын көңілден облыстық мешіт қызметкерлері мен демеушілерге ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Еліміздегі жастар тәуелсіз еліміздің болашағы. Олар оқуда да еңбекте де туған жерінің мақтанышы болып келеді. Алдағы уақытта да оларға үлкен сенім артамыз.
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешітте өңірімізде білім алып жатқан студенттермен кездесу болып өтті.
Осы жүздесу барысында оларға дастархан жайылды. Бұл ас барысында облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет «Аллаға және Мұхаммед пайғамбарға махаббат» деген тақырыпта мазмұнды насихат айтты.
Үлкен әсер қалдырған жиын соңында студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды. Мұндай жүздесулер болашақта да жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешітте қасиетті Құранды жатқа оқудан жарысы өтті.
Жарыс талабына сәйкес қатысушылары 30 параны толық жаттаған болуы, оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланды. Аталмыш шараға облыс көлемі бойынша қалалар мен аудандардан 25 шәкірт қатысты.
Осы талаптардан мүдірмей өткен Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмухаммед» мешітінің шәкірті Абраев Амандық бас жүлдеге ие болды. Оған теледидар табысталды. Ал 1-ші орынды облыстық «Марал ишан» мешітінің шәкірті Хайрулла Абылай, 2-ші жүлделі орын Қостанай қалалық мешітінің шәкірті Абдуррахманұлы Әбілқасым иеленіп оған ұялы телефон, 3-ші орын Арқалық қалалық мешітінің шәкірті Асқар Бекбосынға бұйырды. Сонымен қатар жүлде алғандарға қаржылай да сый-сиапат жасалды.
Облыстың өкілі бас имам Б. Нұрғабылұлы шараға қатысқан барлық шәкірттерге алғысын білдіріп, қатысушыларға ынталандыру сыйлығына қасиетті Құранды тарту етіп, болашақта хафиз болуды тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, 1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан - Рухани келісім күні болып бекітілді. Міне, содан бері ол Қазақстанда және бірқатар елдерде жыл сайын мерекеленіп келеді.
Биыл осы айтулы датаның 25 жылдығына байланысты Арқалық шаһарындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен қалалық орталық кітапхана ұжымы есте қаларлықтай іс-шара ұйымдастырды.
Бұл басқосудың негізгі мақсаты – жас ұрпақты имандылық пен ибалылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елімізде тұрып жатқан ьарша ұлт өкілдеріне өзара сыйластығы мен татулығын нығайту.
Мерекелік жиынға мәдениет саласының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Кешті кітапхана қызметкерлері жүргізді.
Жалпы, бұл дөңгелек үстелде қоғамдағы рухани келісімнің негізі болып саналатын конфессияаралық қарым-қатынас этикасы мен дұрыс бағыттағы діни тәрбие беру жайлы бірқатар баяндама-насихаттар айтылды.
Жүздесуде қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы діннің негізгі аспектілеріне тоқтала отырып, мұсылмандар қай кезде де өзге дін өкілдерімен ортақ мәміледе өмір сүріп келгендігін, қоғамымыздағы басты байлық халықтар арасындағы достық, ауызбірлік, ырыс-ынтымақ екендігін тілге тиек етті.
Кездесі барысында өнер мектебінің шәкірттері жыр-термелер мен көңіл сергітер күйлерді орындады.
Қалалық Ішкі саясат бөліміндегі теолог маман Әсет Бауыржанұлы экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беріп, әрқашан жат ағымдардан жастардың аулақ жүрулері керек екендігін айтты.
Кітапхана қызметкерлері осы аталмыш күнге арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, оларды оқырмандардың жас ерекешеліктеріне қарай көрсетіп, жан-жақты таныстырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша еліміздегі мешіттердің құжаттарының заңға сай болуын қадағалау мақсатында Қостанай өңіріне аталған басқарманың іс басқарушысы Ербосын Орын және «Мешіт істері» бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов іс-сапармен келді.
Жалпы, бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың тарапынан жасалып отырған жауапкершілігі және тағылымы мол жұмыс.
Себебі, қазіргі таңда Алланың разылығын алу үшін жер-жерде мешіттер салынып жатыр. Алайда, осы киелі орындардың заңды түрде тіркелуі, мешіттерге жауапты кісінінің тағайындалуы жоғары аталған басқарманың тікелей бақылауында.
Егер салынған мешіт заңды түрде тіркелмесе және ол жерде заңға, шариғатқа қайшы кемшіліктер орын алса, кімге болсын абырой әпермейді.
Сондықтан мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу және бәрін де заңға сәйкестендіру мақсатында тексеріс 2016 жылы бастау алған болатын. Ол кезде облыс бойынша 9 мешіттің құжаттары дұрыс болмаған. Ал быйылғы тексеріс аясында бір мешіттің құжаттары талапқа сай болмай шықты. Оның себебі де мешіт салған азамат Қазақстан аясынан тыс жерде болуына байланысты, тиісінше рәсімдеу мүмкін болмаған. Алайда бұл мешіт алдағы уақытта заңға сәйкес құжаттандырылатынын мешіттің заңгері Қ.Орынтай атап өтті.
Қостанай өңіріне арнайы сапармен келген өкілдер кездесу барысында мешіттердің құжаттарын тексеріп қана қоймай, олар имамдарға әрқашанда осы мәселе бойынша жауапкершілікті тиісті деңгейде сезіну жөнінде өздерінің ақыл-кеңестерін берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі