Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали - осы мәзхабтарлдың барлығы ақиқатта және тура жолда!

Өзімізге өзіміз қырағарлық танытып, дінімізге бүлік сеуіп жургендерге құлақ аспауымыз қажет. Аллаға шүкір біздер, (сүннет ұстанушы мұыслмандардар), әшғари/матуриди ақидасын (сенім), ұстанамыз және де бұл Әхлі сүннет және жамаға ақидасы - біздерге күмәнсіз тізбекпен жеткен.

Неліктен бұл сенімді "әшғарилік" деп атаған? Себебі имам Әбул Хасан Әшғари (имам Матуриди сияқты) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақидасын қорғап шыққан, сол себептен де бұл сенім оны (әр заманда пайда болған) сектанттардың бұрмалауларынан қорғаған адамдардың атымен аталған.

Ғалымның шыншыл екендігін анықтау үшін, ең алдымен оның ақидасына көңіл бөлу керек - ол әшғари/матуриди сенімін ұстануы керек.

Екіншісі - ол бір ауыздан мақұлданған төрт сүннеттік мәзхабтың бірін ұстанушы болуы керек.

Ал "мазхабтар қолданған хадистерді зерттей отырып талдау, санақтау керек" деушілерден өте сақ болуыңыз керек, тіпті аяттар мен хадистерді дәлел етіп жатса да. Өйткені олардың түсінулері мен талқылаулары алғашқы үш ғасырлардың ізгілері мен олардан кейінгі ұлы ғалымдардың түсініктеріне қайшы келеді.

Али Джифри, хафизахуЛлах

Published in Ақида
Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Тартысты жарыс

Рухани келісім күнінде Затобол кентіндегі «Астана» спорт сарайында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа ислам және христиан діні нанымындағы азаматтардан құралған төрт команда қатысты.

Доданың ашылу салтанатында Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Көпжасаров сөз сөйлеп, атаулы күнмен барша қатысушыларды құттықтады.

– Елімізде жүздеген ұлт өкілдері, әртүрлі дін ұстанушылар бар екенін білесіздер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында, барлығымыз татулықта, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ойындарыңыз осы күніміздің айнасы болсын. Бір шаңырақ астында тұратын халық бір команданың ішінде де түсінісіп ойнауға тиіс, – деді Бауыржан Ғалымжанұлы.

Жарысты ұйымдастырушы, Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Мұрзақан ережені тағы бір еске салған соң, футбол басталып кетті. Бірінші ойын Қостанай қаласы мешітінің қомандасы және Қостанай ауданының мешіті мен шіркеуінің № 2 құрамасы арасында өтті. Тартысты кездесу соңғысының пайдасына шешілді. Ал, Қостанай облысының құрамасы Қостанай ауданының мешіті мен шіркеуінің № 1 құрамасынан 5:3 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін таласта Қостанай қаласы мешітінің намазхан жігіттері облыстық құраманы 5:4 есебімен жеңіп кетті. Қорытынды көрсеткіштен-ақ ойынның қаншалықты тартысты өткенін бағамдай беріңіз. Финалдың да қызығы драмалық қойылымнан кем түскен жоқ. Қостанай ауданының екі құрамасы да шебер ойын өрнегін көрсете білді. Бірінші таймнан кейін 3:1 болып, № 1 құрама ұтып тұрған, келесі кезеңде олар тіпті жеңіліп қала жаздады. Соңғы минуттарда ғана голдар санын теңестіріп, негізгі уақыт 5:5 болып аяқталды. Кезек пенальтиге келді. Онда да қос құрама біразға дейін беріспеді. Екі қақпашы да тебілген бес доптың біреуін қайтара алды. Төреші қосымша мүмкіндіктерге иек артты. Жетінші мүмкіндікте № 1 құраманың қақпашысы бір допты ұстап қалып, командаластарын қуантты. Айта кетейік, жеңімпаз команданы Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Мұрзақан бастап шыққан болатын.

Жарыс соңында қатысушыларға кубок және мақтау қағаздары табыс етілді. № 1 құраманың намысын қорғаған Илья ------------ «жарыстың үздік ойыншысы» атанды.

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Published in Жаңалықтар
Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Жүздері жайнады

Маңдай батыр мешіті Қостанай облыстық балалар үйіне көмек көрсетті.

Бұдан бірер күн, Құрбан айт мерекесі қарсаңында мешіттің ұйымдастыруымен, балалар үйінде шағын концерт қойылған болатын. Бұл жолы бас имам Азамат қажы Серікбайұлы тәрбиеленушілерге тәтті сыйлар мен DVD тарту етті.

– Бізге өткен жолы келгенінде өтініш айтып едік, соны жерде қалдырған жоқ. Мешіт ұжымына алғысымыз шексіз, – дейді балалар үйінің тәрбиешісі Айгүл Әбілқасымова.

Мұндағы қазақ тобында 15 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде бір орыс бала да бар. Андрей Нефедов көмек көрсеткен ағаларға өз тобы атынан алғыс жаудырды.

Тәрбиешілердің айтуынша, бала асырап алуды ойлап жүргендер бұл жерге жиі келіп тұрса болады. Сенбі-жексенбі күндері отбасына апарып, қыдыртуға ешкім қарсы емес. Демеушілік жасаймын деушілер табылса, тіптен құба-құп.

Published in Жаңалықтар

Ғұмырын дінге арнаған Балтабай Қисаұлының Қостанай ауднындағы Алтын дала ауылындағы мешітке бас имам болып тағайындалғанына көп өткен жоқ.

Соған қарамастан жергілікті халықпен тіл табыса жұмыс істеп, оларды имандылыққа баулып келеді.

Мұсылман қауымы да оның іскерлігін бағалайды. Киелі орынға үнемі көмектесіп отырады. Имамның бір сөзін екі етпейді.

Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде бір топ азаматтар мешітке 11 терезе салып берді.

Өз басым бізге дер кезінде қол ұшын беріп, азаматтық танытқан

барлық бауырларыма шексіз ризамын. Олардың арасында Елордамыз Астанада, өңіріміздің аудандарында тұратын қандастарымыз да бар, - дейді Алтын дала ауылының бас имамы Балтабай Қисаұлы.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Ауылдағы намазхана

Қостанай облысында Өмірзақ Ихтиляповтың есімі ерекше құрметпен аталады. Оның іскерлігі, азаматтығы өз алдына, қайырымдылығымен де дараланады.

Ол бұл күндері Наурызым ауданындағы «Шолақсай » Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің құрылтайшысы оның сүйікті ұлы ұжымның өркендеуіне қомақты үлесін қосып, әке сенімін ақтауда.

Өмекең ауылдық әлеуметтік бейнесіне, халықтың тұрмысына көп көңіл бөледі. Имандылықты пір тұтқан азамат жақында елді мекеннен намазхана ашып, жергілікті қауымды бір қуантып тастады.

Бұл пайдалануға берілген киелі орында бауырларымыз үшін барлық жағдайлар жасалған. Онда еденге кілем төселген. Намазға жығылатын орын сонадайдан көз тартады.

Шолақсайлықтар жүрегі жомарт, ел құрметтісі Өмірзақ Ихтиляповқа шынайы алғыстарын жаудыруда.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ерсін ӘМІРЕ, теолог,
Алматы қаласы орталық мешітінің
наиб имамы

Ел тәуелсіздігінің ақ таңы атқанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы қысқа мерзім ішінде елімізде исламның немесе басқа діндердің атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар тамырын жіберіп, қатарын көбейтіп үлгерді. Аллаға шүкір дейміз, барлығына болмаса да, кейбір теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың қызметіне сот шешімімен тыйым салынып, таралуына шектеу қойылды. Әрине бұған Хизбут тахрир, әл-Ихуан әл-Муслимун және ағымдағы жылғы ақпан айында Астана қаласы, Сарыарқа ауданы сотының шешімімен тыйым салынған «Таблиғ жамағаты» халықаралық миссионерлік ұйымын мысалға келтіруге болады.

Бірақ қазірге дейін елімізде тыйым салынған діни ағымдар тізімінен тиісті орнын алмай, қылмыстық немесе лаңкестік әректтерге барған кейбір ерушілеріне ғана шара қолданылып жатқан секта бар. Бұл уахабилік-сәләфилік ағым. Қазіргі таңда елімізді, әсіресе Батыс өңірін алаңдатып, тәуелсіз еліміздің мешіттерінен берекені қашырып жатқан да аталмыш діни ағымның идеологиясына уланған қазақтың қаракөздері.

Осы мақаламда соңы агрессиялық немесе лаңкестік әрекеттерге апарып соғатын бұл діни ағымның идеологиялық астарын аша отырып, оның қасиетті Құран Кәрім аяттарына, дәстүрлі исламның негіздеріне қайшы келетін тұстарына, негізгі принциптеріне тоқталып кетуді жөн көріп отырмын.

Біріншіден, Сәләфизм сөзінің түптөркіні араб тіліндегі «сәләф» яғни бұрынғы өткен, бұрынғылар деген сөзден келіп шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын – Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың және олардың шәкірттері табиғиндердің кезеңдеріне «сәләф» деп айтылады. Сонымен қатар бұл үш буынның ұстанған жолы нағыз ақиқат әрі дұрыс болып саналады. Қазіргі таңдағы сәләфилер өздерін біз алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз сәләфилерміз деп жариялауда. Бұл топ өзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы – «сәләфилер» деп атағанымен уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды. Себебі, шын мәнінде, аталмыш топтың ілімі мен көзқарастары ХІІ-ХІІІ ғасырларда Дамаск қаласында өмір сүрген Ибн Таймия, оның шәкірті Ибн әль-Қайим, ХVIII ғасырда Сауд Аравияның солтүстік өлкесінен шыққан Мухаммад ибн Абдульуаххабтың, біздің ғасырда Ибн Баз, Ибн әл-Усеймин, Альбани, Фаузан секілді кісілердің дінге қатысты пікірлеріне негізделеді. Демек, еліміздің әрбір азаматы үшін бұл топтың ұстанымы мен ілімі шынайы Исламның туын көтерген алғашқы үш буынның исламды түсінуі мен ұстануына ешқандай қатысы жоқ екендігі тайға таңба басқандай анық болуы тиіс.

Екіншіден, уахабилік ағым иедологиясының адасқан тұстарының бірі, олардың ғалымдары шариғаттағы «Алла разылығы үшін жек көріп, оның разылығы үшін жақсы көру» яғни «әль-уәлә уаль баро» мәселесін бұрмалап түсіндіреді.

Негізінде дәстүрлі ислам ғұламалары бейбіт әрі достық қарым-қатынаста болған басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау шариғаттың әмірі деп айтады. Шын мәнінде бұл ұстанымның негізі Құран Кәрімнің Мумтахина сүресіндегі «Алла тағала діндерің үшін сендерге қарсы соғыспаған, отандарыңнан шығармағандарға жақсылық жасауға және әділдік етуге тыйым салмайды...» деген аятқа сүйенеді. Ал уахабилік ағымның шейхтері өзге дін өкілдерін жаппай жек көруге, дұшпан деп санауға шақырады.

Бұл ағымның бетке тұтар шейхтерінің бірі Мухаммад ибн Солих әль-Усеймин «Ізгілердің бақшасы» кітабына берген түсіндірме еңбегінде былай дейді: «Мұсылманның міндеті, кәпірлер оған қанша достық ниетін білдірсе де, сүйіспеншілік танытса да, оларды жек көру болу болып табылады. Себебі олардың сені жақын тұтулары өздеріне пайда, саған зиян келтіру үшін ғана болады. Әрбір кәпір Аллаға дұшпан. Демек, әрбір кәпір бізге дұшпан. Әрбір кәпір бізге жамандық пен дұшпандық қана ойлайды. Сол үшін сен барлық кәпір атаулыны оның ұлтына, алыс-жақындығына қарамай, бүкіл жан-тәніңмен жек көруге міндеттісің. Әрбір кәпірдің саған дұшпан екендігін біл». Аталмыш шейхтің пікірі бойынша, себебіне қарамай әрбір намаз оқымаған адам діннен шыққан, кәпір болып саналады. Демек, мұндай ұстанымдағы адам жобалай айтқанда еліміздегі 1000 адамның бірін ғана өзіне дос тұтады деген сөз.

Қазіргі кезде бұл сөздерді Медина қаласындағы «Ислам университетін» бітіріп келген өз еліміздің азаматтары ел арасында арнайы уағыздарында қасиетті пікір ретінде таратып жүр. Мұны олардың халық арасында және ғаламтор желісінде таратылып жүрген аудио-видео уағыздары мен дәрістерінен көруге болады. Ең қызығы әрі сорақысы бұл сөздердің иелері – елімізде кейбір сарапшылар «байсалды яғни умеренный сәләфизм» - деп қарастырып жүрген бағытты уағыздаушы азаматтар. Егер де сол сарапшылар осындай радикалды мазмұндағы пікірлерді байсалды деп санайтын болса, олардың пікірінше радикалды немесе төзімсіз иедология қандай болады екен деген сұрақ бізді мазалайды.

Үшіншіден, бұл ағымның идеологиясы бойынша, «Алланы бір деп тану – таухид мәселесін рубубия, улухия, асма уас-сифат» деп үшке бөледі, Алла тағала шектеулі, оның екі қолы және екі көзі бар, отырады, жүгіреді, Құранда ауыспалы мағынада сөздер жоқ деп есептейді, шариғат мәтіндері – Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін, атап айтқанда Алла тағаланың заты мен сипаттарына қатыстысын тікелей мағынада ғана қабылдайды т.б. Олар аталмыш мәселелерді Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабаларына қаншалық телігенмен, шариғатта  негізі жоқ екендігі әрбір зерттеуші маманға айқын жағдай.

Нәтижесінде олар өздерінің шариғатта негізі жоқ осындай ұстанымдарына қайшы келген исламдағы дәстүрлі құқықтық (ханафи, мәлики... мазхабтары) және сенім мектептерінің (ашғари, мәтруди мектептері) ілімдерін де жоққа шығарып, адасқан деп санайды. Сонымен қатар Ислам ғұламаларының шарттары толық сақталған «ижтихадпен» іске асқан еңбектерін жоққа шығарумен өз ерушілерін төзімсіздікке тәрбиелеуде.

Төртіншіден, уахабилік ағымның шейхтері мен уағызшылары біздің қоғамда күнделікті іске асатын діни немесе ұлттық рәсімдер – өмірден озған аруақтарға Құран оқып бағыштауды, келіннің беташар рәсімін, дұғадан кейін бет сипауды бидғат, дінге енген жаңашылдық деп әрдайым қайталап уағыздаумен болады. Сонымен қатар, қазақтың даналарын ғасырлар бойы тәрбиелеп келе жатқан сопылық мектептің тәлімін толығымен дерлік жоққа шығарып, адасушылықпен айыптайды. Біз мұны Медина қаласындағы Ислам университетінде және Пайғамбар мешітінде дәріс берген сәләфилік топтың ғалымдарының бірі Али бин Мухаммед бин Синанның «Әл-мажмуғ әл-муфид мин ақидатут-таухид» (Таухид ақидасынан алынған пайдалы жинақ) кітабындағы мына жолдардан көре аламыз: «Уа мұсылмандар, сопылық тариқаттарына қарсы жаппай соғыс жариялап, оларды толығымен жоймағанша, сендердің исламдарыңның пайдасы жоқ. Оларға қарсы яхудилер мен отқа табынушыларға қарсы күресуден бұрын соғысыңдар». Әрине бұдан автордың сопылық мектепке қатысты көзқарасының қаншалықты агрессиялық сипатта екені көрінеді. Бұл тек сопылыққа ғана қатысты емес. Олар Орта Азиядағы дәстүрлі сенім мектебі – мәтрудияны да жоққа шығарып, адасушылықпен қаралайды.

Осындай бұрмаланған әрі бұзық тәлімді бойына сіңіріп алған жастардың жүзінен суықтық, көздерінен қатыгездікті анық байқайсыз. Жұма намаздарында жүрегіме күмән кіріп, адасып кетпейін деген үреймен мешіттерде ҚМДБ имамдарының айтатын уағыздарын тыңдамау үшін құлақтарына тыңдағышты тағып алып, өз көсемдерінің уағызын тыңдап отыратын жастарды көптеп көруге болады. Бұл жағдайды уахабизмді елімізде насихаттап жатқан жігіттердің пәтуалары отқа май құйғандай ушықтыруда.

Осының мысалы ретінде, Сарыағаш қаласының тумасы Медина қаласында отырып, интернет арқылы елдегі ерушілеріне пәтуа беретін ұлты өзбек жігіттің мын пәтуасын айтуға болады. Ол өзіне қойылған «Бидғатшыларға қатысты ұстанымымыз және қарым-қатынасымыз қалай болу керек? Олармен сауда секілді дүниелік істерде араласуға рұқсат бар ма?» - деген сұрақтарға, «Бидғатшылармен араласуға қарағанда, иегова куәгерлерімен араласу абзал. Себебі Иегова куәгерінің басқа дінді уағыздап жатқанын білесің. Ал бидғатшы болса саған аят, хадис айтып адастырады» - деп жауап берген. Оның «бидғатшы» сөзіндегі мақсаты ҚМДБ және соған қарасты мешіттер мен мешіт жамағаттары болып табылады. Мұндай агрессиялық ұстаным елдін шырқын бұзып, діни алауыздыққа алып барары айдан анық.

Міне осы аталған діни идеологиялық ұстанымдардың негізінде еліміздегі мұсылмандар арасындағы діни алауыздық іштегі көзқарас ретінде ғана қалып қоймай, бейбіт тұрғындардың қанын төгуге бағытталған лаңкестік әрекеттерге ұласуда.

Сонымен қатар сәләфилерді «умеренный және радикальный» деген санаттарға бөлуде өте сақ болу қажет деп ойлаймыз. Себебі жоғарыда айтып өткен діни мәселелер бұл екі топқа ортақ ұстанымдар болып табылады. Бұлардың арасындағы айырмашылық тек кейбір саяси ұстанымдарда.

Діни негіздегі ұстанымдар мен сенімдердің өзгеріске ұшырауы әдетте мүмкін емес. Бірақ, саяси көзқарастар мен ұстанымдардың мүдде мен ахуал талабына сәйкес құбылып тұратыны белгілі. Сондықтан сәләфизмді қарулы іс-әрекетке бару немесе бармау тұрғысынан байсалды және радикалды деп бөлуге шартты түрде келіссек те, идея тұрғысынан мұндай екі топқа бөлу мүлде қателік болып есептеледі. Тек қателік қана емес, бұлай ету мемлекет пен қоғамды сәләфизмге қатысты шешімдер мен шараларды қабылдау мәселесінде есептен жаңылдырады.

Демек, қазіргі таңда саяси көзқарастары байсалды болып көрінген сәләфизмнің мадхалиттер, александриялық сәләфиттер, ұлт жанашырлары болып көрініп жүрген, шынайы бет-келбетін жасыратын, тақияшыл сәләфиттер тобы мүдде талабына сәйкес болашақта жоғарыда айтылған негізгі мақсатты жүзеге асырмауына ешкім кепіл бола алмайды. Осылайша бүгінгінің байсалды сәләфилері ертеңгінің радикалы болуы болашақтың еншісінен әбден күтілетін жайт. Сондықтан тек елімізді ғана емес, бүкіл ислам әлемін алаңдатып отырған, жастардың санасын улап жатқан бұл идеологияға қарсы ғылыми, ақпараттық және құқықтық тұрғыдағы тиімді шараларды қабылдау ертеңге кешіктірілетін шаруа емес ойлаймын.

Published in Ғибратнама

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником