Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Ресей Президенті Владимир Путин Иран әріптесіне Минадағы болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп РИА Жаңалықтар хабарлады.

«Біз осы үлкен қайғылы оқиға болғанын түсіне отырып, тағы да қажылардың қаза тапқандарына байланысты көңілімізді білдіреміз», - деп Иран көшбасшымен кездесуінде Ресей көшбасшысы айтты.

Роухани, өз кезегінде, Меккеде болған қайғылы оқиға Иранды қайғыға түсіргенін растай отырып, Путинге көңіл білдіргені үшін алғысын айтты.

akmechet.kz

Published in Жаңалықтар
Вторник, 29 Сентябрь 2015 12:49

Жазасын өтеушілермен жүздесті

Үстіміздегі жылғы Құрбан айт мерекесі Қостанай өңірінде жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек аталмыш мейрамда қайырымдылық шараларға да көп көңіл бөлді. Өзі бас болып, өзге имамдарға өнеге көрсетті.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда Асылхан Мұханбетжанұлы облыс орталығымен іргелес жатқан Қостанай ауданындағы «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Азамат Мурзакановпен бірге 161/2 еңбекпен түзеу мекемесінде болды.

Дін қайраткерлері осында жазасын өтеп жатқандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, арнайы дастархан жайылды. Оларға сыйлықтар да табыс етілді.

Мұндағы сотталған азаматтар өздеріне жасалған қайырымдылық мақсатындағы ықыласқа дән риза болысты. Мұндай жүздесулерді өткізу өңірімізде дәстүрге айналды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Мәскеуде ұзақ уақытқа жалғасқан жөндеу жұмыстарынан соң Собор мешіті бүгін қайта ашылды.

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті діни мерекелердің бірі – Құрбан айт қарсаңындаөткен мешіттің ашылу салтанатына Ресей президенті Владимир Путин, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас және басқа да мұсылман елдерінен белгілі саясаткерлер қатысты.

Ресми Мәскеу бұны көпконфессиялық Ресейдің қайта түлеуін паш ететін тарихи оқиға ретінде көрсетуге тырысады.

Он жыл бойы реставрациялық жөндеу жұмыстарынан соң ауқымы кеңейтіліп қайта ашылған Мәскеудің Собор мешіті Еуропадағы аса үлкен мешітке айналғаны хабарланды. Бұрынғысынан 20 есеге үлкейіп, 19 мың шаршы метрге жеткен мешіт көлемі оның алты деңгейінде бір мезгілде 10 мың адамның намазға жығылуына мүмкіндік береді. Мешіт мұнарасының биіктігі 78 метрге жетсе, алтын жалатылған күмбездің биіктігі – 48 метр. Ресми ақпарат бойынша, мешітті қайта жөндеуге 170 миллион доллар жұмсалған. Оның елеулі бөлігін бизнесмен Сүлейман Керимов берген, сонымен бірге шетелдерден – Түркия және Палестина басшысы Махмуд Аббас та үлес қосқан.

Published in Жаңалықтар
Пятница, 25 Сентябрь 2015 10:33

Ұлық мейрам — Құрбан айт

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесі. Бүгін барша мұсылмандар айтулы мерекені қарсы алуда. Марал Ишан мешітінде жиналған жұртшылыққа имамдар уағыз айтып, Ислам дінінің асыл қасиеттері баяндалды.

Сонымен қатар, құрбан шалудың шарттары мен шығу тархи және шариғат амалдарынан сыр шертілді. Ағайын арасын жақындастыра түсіп, кешірім мен мейірім жауған күні Қостанайда Жаратқанның нұры жаңбыр да жауып тұрды. Алайда, берік сенімді мұсылман бауырлар мешіттің ішің де, сыртың да лық толтырды.

Қостанайлықтарды ұлы мейраммен құттықтау үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келді. Өз сөзіңде өңір басшысы дініміздің тарихына тоқтап, ыстық лебізін білдірді.

Артынша уәжіп етілген айт намазы оқылды. Ақ ниет тілектер айтылып, мұсылмандар төс қағыстырып, бір-бірін құттықтады.

Құрбан айт құтты болсын, ағайын!

Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Published in Жаңалықтар
Пятница, 25 Сентябрь 2015 10:26

Бас мүфти: құрбан айт құтты болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбәрак мейрам – Құрбан айт құтты болсын!

Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері барша мұсылман ізгі амалымен Алланың разылығына бөленеді. Айт күндері қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан мұсылман үмбеті Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады.

Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу – міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу – пенденің иманын күшейтіп, тақуалығын арттырады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.

Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатты, азаматтарды мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, әсіресе қараусыз қалған ата-аналарға қайырымдылық жасауға шақырамын.

Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды және шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Published in Жаңалықтар

Қымбатты отандастар!

Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Құрбан айт адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді.

Менің шешіміммен Құрбан айттың алғашқы күні – демалыс күні болып жарияланған.

Бүгінгі таңда осынау қастерлі мереке Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді.

Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейді.

Бұл мереке мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосып, қоғамдағы имандылық бастауларын нығайтатын ізгі ниет пен игілікті амалдарда көрініс табады.

Ислам дінінің осындай жасампаз әлеуеті рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға, отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет ете береді деп сенемін.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін!

Published in Жаңалықтар
Среда, 23 Сентябрь 2015 17:47

Маңызды кездесулер

Арқалық қаласы мешітінің қызметкерлері АНТ мен бірлесе отырып, шаһарға қарасты елді-мекендерді аралады. Олар Целинный, Жалғызтал, Восточный және Молодежный елді-мекендерінде болды.

Мұндағы жұртшылықпен жүздесулер өте әсерлі өтті. Әсіресе, ауыл жастары, яғни мектеп оқушыларымен және ата-аналармен кездесулер көпшіліктің есінде қалды.

Басқосуларға Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағы мамандар, діни мәселелер жөніндегі инспектор және қала имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қатысты.

Осынау жүздесулерде «Дін – өмірдің тұтқасы» атты тақырыпта тәрбиелік насихаттар айтылды. Сондай-ақ қоғамда белең алған кейбір бейәдеп әдеттерден аулақ болу жайы да әңгіме арқауына айналды.

Дәстүрлі дініміз бен ұлттық әдет-ғұрыптарымызды қастерлеуге байланысты нақты түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ кездесулерде жат ағымның жетегінде кеткендер жайлы ғибратты бейне роликтер көрсетілді.

Жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауап алды. Өз ой-пікірлерімен де бөлісті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызмет

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником