Қостанай өңіріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз насихат бөлімінің басшысы, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, РһD докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы келісімен, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы полиция академиясының ұстаздарымен және білім алушы курсанттармен кездесу өткізді.
Кездесуден соң Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы, шараны ұйымдастырған облыстық және қалалық мешіт ұжымына алғысын білдіріп, Ершат Ағыбайұлына естелікке Ш.Қабылбаев туралы кітапты тарту етті.
Одан соң, ақшам намазына жиналған мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз насихат жүргізді. Өз кезегінде жиналған намазхан бауырлар көкейде жүрген сауалдарын қойып толыққанды жауап алып, үлкен әсермен тарқасты.
Жалпы Ершат Ағыбайұлының келгендегі мақсаты үстіміздегі жылы 24 ақпандағы елордамыз Астанада ҚМДБ ның өткізген «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбындағы республикалық конференцияда көтерілген мәселелер туралы халыққа кеңінен тарату болатын.
Соның жалғасы ретінде қаламыздағы «Достық» үйінде «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында өңірлік ғылыми тәжірибелік конференциясы болды. Мұнда жиналған қауым көтерілген тақырыптар бойынша жан-жақты ақпараттанды.
Конференциядан соң облыстың қалалары мен аудандарының бас имамдарына арналған «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында семинар болып өтті.
Бұл кездесуде Ершат Оңғаров қазіргі таңдағы ҚМДБ ның атқарып жатқан шараларының жүзеге асыру үшін барынша ат салысу керектігін тілге тиек етті.
Осылайша РһД докторы Ершат Ағыбайұлының екі күндік сапары Қостанайлықтар үшін есте қаларлықтай өтті.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі