Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қоғамда көрініс тапқан мәселелерді шешудің жолын атап өтті.

«Психологияда «ынсапсыз менталитет» деген тұжырым бар. Бұл – өмірдегі сәтсіздіктерді өзгеден көру деген ұғымға саяды. Айналадағы адамдардың ғибратты ғұмырынан шабыт ала білетін кісіде «парасатты ойлау» психологиясы қалыптасады.

Бейнелеп айтқанда, біреудің мерейі тасып жатқанда, жігері құм болып, сергелдеңге әсте түспейді. Оны «неге?» деген сауалдан бұрын «неге болмасқа?» деген ойлар үмітіне қанат бітіреді.

Өмірдегі сынақты сабырлыққа жеңдірген жан парасат биігінде қала бермек. Рухани жан-дүниесі бай адам осы жолды таңдайды.

Қоғамда көрініс тапқан мәселелер – отбасылық келеңсіздіктер, оның ішінде ажырасу оқиғалары, суицид, біреудің арын таптау, ұрлық, зорлық-зомбылық, т.б. Осындай күрделі мәселелерді шешудің бір ғана қуатты жолы – рухы биік сананың қалыптасуы деп атар едім. Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам түзеледі. Рухы биік сана – барша жамандықтың қалқаны. Біз осы бағытта жұдырықтай жұмылып, көбірек жұмыс істеуіміз керек», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.












Published in Жаңалықтар

Елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында сөз алған ҚР Премьер-министр орынбасары қоғамда тұрақтылық пен имандылық болмаса ол елде даму болмайтынын атап өтті.

«Қай қоғамда болмасын тұрақтылық, бірлік, имандылық болмаса ол жерде ешқандай даму болмайды. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдардың басын жиып, рухани құндылықтар туралы мәселені талқылауы – өте орынды бастама. Бұл бастамаларыңызға сәттілік, жеміс тілеймін.

Расында, қоғамда дін қызметкерінің орны ерекше. Сіздер адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, дүние салған сәтке дейін діни рәсімдерді атқарып бересіздер», – деп тілегін жеткізді Бердібек Машбекұлы.




Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Атап айтқанда, айтулы жиын барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» атты құжаттар таныстырылып, қатысушылардың қызу қолдауына ие болды.

Ел тұтастығы мен тұрақтылықты нығайтып, еліміздегі әр азаматтың білім алып, қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, т.б. адамгершілік құндылықтарға үндеген ІІІ Республикалық имамдар форумының алғашқы құжаты да халқымыздың рухани құндылықтарын насихаттауға, мұсылман жамағатын жақсылыққа үндеуге арналды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысушыларға форумның басты құжаты – «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстырып, қазіргі қоғам мүшелеріне ең қажетті жеті қасиет жайында баяндап берді.

«Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.















Published in Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада өтіп жатқан «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумының қатысушыларына құттықтау хатын жолдады.

Мемлекет басшысының құттықтау хатын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов оқып берді.

«Баршаңызды игі дәстүрге айналған Имамдар форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Парасаттылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін халықтың санасына сіңіру – сауабы мол абыройлы миссия. Ислам дінінің осындай ізгі құндылықтары еліміздегі мұсылмандар қауымын біріктіріп, ынтымағын арттырып отыр.

Осы орайда, имамдарымыз халық арасында рухани-ағартушылық жұмыстарын ұдайы жүргізіп, жас ұрпақтың бойына имандылықты дарытуға атсалысуы маңызды. Бұл жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына және еліміздегі дін өкілдерінің рухани бастамаларына тың серпін береді деп сенемін. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!» – делінген Президент құттықтауында.

Айта кетейік, форумға Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, депутаттар, белгілі теологтар, еліміздің әр аймағынан келген 500 имам қатысуда.















Published in Жаңалықтар
Понедельник, 21 Октябрь 2019 16:39

Рудный: Қасапшылық жайлы семинар

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар болып өтті. Бұл басқосуда аталмыш мешіттің наиб имамы Ерлан Өмірбекұлы қасапшылыққа қатысты дініміздің қағидаларын, сойылатын мал жайлы жан-жақты түсінік берді.

Сондай-ақ семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арнайы дайындалған «Қасапшы жадынамасы» мақалалары арқылы дәріс оқылды. Жалпы, қасапшылық жөнінде қойылған барлық сауалдарға жауап берілді.

Ұзын сөздің қысқасы, бұл кеншілер шаһарында ұйымдастырылған семинардың жиналған мұсылмандар қауымына берері мол болды. Өйткені онда әрбір қандасымыздың жадында болар маңызды жайлар қозғалды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 21 Октябрь 2019 16:38

Арқалық: Тәрбиенің алар орны бөлек

Білім мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Тәрбие ол – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбиенің маңыздылығы сол, болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани нәр алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. 

 Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті ізін қалдырған ортағасырлық әйгілі ойшыл Әл-Фараби бабамыз:«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» дегендей, ұрпақ тәрбиесі – ел ертеңінің болашағы, оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы азаматтың борышы.

Міне, осы орайда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде сауат ашу курсына жиналған талабаларға «Заманауи мұсылман келбеті» атты тақырып аясында - білім үйрену, қоғамға пайдалы болу, көркем мінез және еңбекқорлықтөңірегінде тарқатыла насихат айтылып, маңызы зор мәліметтер берілді.
Басқосудың мақсаты – жастар арасында әдептілікті насихаттай отырып, қоғамды дамытуға лайықты үлес қосуға талпыну, қамқорлық, бауырмалдықтың маңызын барынша арттыру.

Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев өз сөзінде жиналғандарға тағылым болар көп жайды баяндады. Оны жұртшылық ұйып тыңдады.

Мазмұнды жиыннан кейін шәкірттерге арнайы дастарқан жайылып, ас берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 21 Октябрь 2019 16:37

Құран жарысы өтті

Жақындаөңіріміздің Сарыкөл ауданына қарасты Тимирязев ауылында «Омар ата» мешітінің 7 жылдығына арналған «Құран – сенің шапағатың» атты облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды. Оған ауыл жанашыры, жомарт жүректі азамат Меңдібай Омаров демеушілік жасағанын ерекше атап өткеніміз жөн.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов уағыз-насихат айтты. Омар атаның ұрпағы Амангелді Омаровтың сөйлеген сөзін жиналған жұртшылық ұйып тыңдады.

Сарыкөл ауданының жуырда тағайындалған бас имамы Нұрбол қажы Балахметов жарысқа демеушілік көрсеткен Меңдібай Омаровқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің Алғыс хатын көпшілік алдында айрықша құрметпен тапсырды.

Осынау басқарманың өңірдегі өкілдігі өткізген шараға аймақтың аудан, ауылдарынан мешіт шәкірттері қатысып, өздерінің тың ізденіс үстінде екендігін көрсетті.

Мысалы, Құран Кәрімнің 1 және 1,5 парасы бойынша сынға түскен қатысушыларды қазылар алқасы есте сақтау қабілеті, оқу ережесі (тәджуид), мақамы бойынша бағалағандығын тілге тиек еткеніміз абзал.

Жарыс қос кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде 1-орынды Арман Алдиярұлы иеленсе, 2-орынды Медет Бақытұлы, 3-орынды Айбек Аманғалиұлы жеңіп алды.

Осы аталғандармен қатар, жарыстың екінші кезеңінде бірінші орынға Абай Құланбаев, екінші орынға Бекболат Қайратұлы,үшінші орынға Мақсат Абайұлы көтерілді.

Ешбір қатысушы ескерусіз қалған жоқ. Оларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жоғарыда аталған жарысқа қатысушылардың ең жасы – 8-де болса, ең үлкені – 81 жаста еді. Әрине, қашан да ізденіс өзінің жемісін береді. Бұл Құран жарысынан кейін арнайы дастархан жайылып, Құран оқытылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Пятница, 18 Октябрь 2019 14:03

Қостанай ауданы: Ғибратты кездесу

Жақында Қостанай аудандық орталық кітапхана қызметкерлері 18 қазан – «Рухани келісім» күніне орай Затобол кентіндегі ауылшаруашылық колледжінің 2-курс студенттеріне «Маңдай батыр» мешітіне арнайы тағылымы мол саяхат ұйымдастырды.

Осынау іс-шара барысында аудандық мешіттің наиб имамы Медет Өтепқалиев жиналған жастарға мешіттің әдебі, тәртібі, сонымен қатар қыз балалардың мешітке келу жайы жөнінде мағлұмат берді.

Сондай-ақ киелі орында дін қызметкері намаз оқу, жат ағымдардан сақтану және басқа да өзекті сауалдарға жан-жақты жауап беріп, келушілердің танымын кеңейтуге ықпалын тигізді.

Осылайша колледж студенттері аудандық мешіт жайлы толық ақпарат алды және естелік суретке түсті. Бұл жүздесу олардың жадында ұзақ сақталары хақ

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Таяуда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар өткізілді.

 Аталмыш шара басында қасапшылықтың жауапты іс екендігі түсіндірілді. ҚМДБ-на қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы дайындалған «қасапшы жадынамасы» материалдары арқылы дәріс оқылды.

Шариғат талаптарына сай мал сою тәртібі, малды қорқытпай, үркітпей тыныш хәлде бауыздау жолдары айтылды. Семинарға барлығы он адам қатысып, оқылған дәрісті ұйып тыңдады. Баяндалғандардың бесеуі - мал сойып жүрген қасапшылар.

Жалпы, бүгінгі әңгімеге арқау болған жай өте пайдалы да аса қажет жай болып табылады. Сондықтан қасапшылықты қандас азаматтарымыз меңгеріп жатса, құба-құп емес пе.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Вторник, 15 Октябрь 2019 17:49

Әскери қызметкерлермен кездесу

Таяуда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 6697-ші әскери бөлімінде маңызды кездесу болып өтті.

Осынау тәрбиелік маңызы зор іс-шараның негізгі алдына қойған мақсаты - әскери қызметкерлердің бойында патриоттық сезімдерді барынша қалыптастырып, Ислам дінінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.

Ондағы кездесуге офицерлік құрам, шекара, әуе қорғаныс қызметкерлері қатысты. Тағылымы мол жиынға арнайы шақырылған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев «Жат ағымға алып келетін негізгі себептер» деген тақырыбында әңгіме өрбітті. Яғни әскери қызметкер немесе қарапайым адам болсын тура жолдан адаспай, хақ дініміздің асыл міндеттерін ұғына білу.

Жалпы, мұндай басқосулардың алар орны бөлек екендігін осы жүздесу де айқын көрсетті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником