Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Қостанай облыстық мешітінде Ұлыстың ұлы күні – әз - Наурыз мерекесіне арналған әмбебап шара аталып өтті.

Имандылық ордасының ауласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификатын алған мекемелер жәрмеңке өткізіп, өз өнімдерін халыққа тиімді бағамен сатты. Бұл аталған діни басқарманың «Берекелі жұма» бастамасына қосылған елеулі үлесі.

Жұма намазынан кейін жиналған жамағат арасында арқан тартыс, гір көтеру және қол күрес ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Бұл тағылымды шарада Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, қасиетті жұма сайын асыраушысынан айрылған балаларға қамқорлық жасау шарасында, оларға сый-сияпат жасалып, мешіттің әсемдігі таныстырылды.

Сөйтіп, Ұлыстың ұлы күніне арналған шарада құндылықтарымыз бен салт-дәстүріміз ұлықталды. Наурызым ауданы жамағаты жайған дастарқан басында барлық келушілерге наурыз көже мен палау таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Март 2022 15:25

Қалалық мешіттегі жәрмеңке

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымықасиетті жұма күні өзгелерге өнеге боларлық«Жақсы істе жан салма» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оның тиісті деңгейде өтуіне осы имандылық ордасындағы сауат ашу курстарының шәкірттері атсалысты.

Олар қолдан пісірген түрлі тағамдарды дайындап, көпшілік назарына ұсынды. Жұма намазына келген жұртшылық саудаға қойылған тағамдардан дәм татты.

Жәрмеңкеден 100 мың теңге қаражат жиналды. Осы қаржы көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларға күнделікті тұтынатын азық-түлік алуға жұмсалмақ.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Март 2022 12:31

Бас имам Қостанай ауданында

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Қостанай ауданының орталығы Тобыл қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді қозғады.

Мәселен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері және жергілікті ауыл шаруашылығы колледжі студенттерімен жүздесулерде «Ислам ынтымақ пен бірлік діні» деп аталатын тақырып әңгімеге арқау болды.

Оған қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Белгілі дін қайраткері нақты жауап беріп, қазіргі таңдағы елдің алдында тұрған күрделі міндеттерге тоқталды.

Сондай-ақ Бахытбек қажы Нұрғабылұлы аудандық Маңдай батыр мешітіне атбасын бұрып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Жұма намазда жұртшылыққа терең ой салар уағыздар айтты. Оны намазхандар ұйып тыңдады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Март 2022 12:26

Меңдіқара: Әз-Наурыз

Published in Фотогалерея
Четверг, 24 Март 2022 12:21

Ұлыстың ұлы күніне арналды

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінде әз-Наурыз мерекесіне орай жергілікті спорт зал кешенінде жасөспірімдер арасында 60 келі салмаққа дейін қазақ күресінен«Түйе палуан» сайысы өткізілді.

Осы жарыста жеңімпазға аудандық мешіттің атынан бас имам Еркебұлан Қошанбір қой табыс етті. Сондай-ақ, мешіт жамағатына Ұлыстың ұлы күні құрметіне дастарқан жайылды.

Бас имам «Ынтымақ алды-берекет» тақырыбында насихат айта келіп, жиналған қауымды наурыз мерекесімен құттықтады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Март 2022 11:53

Рудныйдағы Наурыз мерекесі

Ұлыстың ұлы күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Дін-діңгегім, дәстүр-тірегім» атты Наурыз мерекесі ойдағыдай өткізілді. Онда мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев жиналған жамағатқа ұлттық құндылық, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы тағылымды насихат айтты. Жамағат арасында қол күрес, асық ойыны және садақ ату секілді спорттық ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. 

Осындай мерекеге әйел-қыздар секторының ұстазы Аяулым Ермекқызы да қатысты. Облыстық мешіттен Жансая Салауатқызы бастаған әйел-жамағаты қонаққа шақырылды.

Аталмыш іс-шарада ақ жаулықты аналар жастарға тәлімді ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, олардың мән-мағынасы түсіндірілді. Сондай-аққазақтың әдет-ғұрпы жайлы викториналық ойындар өткізіліп, сыйлықтар берілді.

Мешіт ұжымы жамағатпен бірлесе отырып, дастарқан жайды. Көпшілік қауымға палау әзірленіп, наурыз көжеден дәм таттырды. Мерекені сезіндіру мақсатында қала тұрғындарына палау, ал зағиптар үйінде азық-түлік пакеттері таратылды.

Дастарқан басында үлкен ақсақалдар мен қажылар мейрамды ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жеткізіп, бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Март 2022 11:42

Жалқаулық – зиянды кесел

Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз сипат, адамдық затын тоздыратын зиянды кесел. Бұл жаман кесел – жан мен тәнге, тіпті ақылға дендеп кетуі ықтимал. Бұл дерттің басты себептері – бос уақыт, жаны әрқашан бір жеңілдікті, рахатты сүю, ойын-сауыққа құмарлық, көп ұйықтау, жалған үміт жетегінде жүру және бұзылған орта.

Асыл дініміз жалқаулықты құптамайды. Ондай қасиеттен аулақ болуға бұйырады. Дұрыс ұғына білсек, жүректің тынышын, тәннің тынысын бұзатын да осы жалқаулық. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендер ұйықтағанда, шайтан адамның басына үш түйін салады. Әр түйінді салғанда, «түн ұзақ, жатып ұйықта» дейді. Егер оянып, Алланы тіліне алса, бір түйін шешіледі. Дәрет алса, тағы бір түйін шешіледі. Намаз оқыса, тағы түйін шешіліп, бойы сергіп қалады. Әйтпесе, жаман боп жалқауланып тұрады» (Бұхари, Муслим) – деп, жалқаулықтан қалай құтылу керектігін ескертекен.

«Адамды жөн білетін дана деп біл, Істерін жалқау жанның шала деп біл» (Шал Құлекеұлы)-демекші, жалқаулықты еңбек жеңеді. Әрекетке –берекет, еңбектену және қам-қарекет жасауға талпыну қажет. «Әрекет ету» сөзі Құранда көп айтылады. Мәселен: «Әрбір жанға әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін...» (Таһа-15), Міне, ешкім сен үшін сенің шаруаңды істемейді. Сондықтан, орныңнан тұр да, өз қамыңды өзің жаса. Ибн Масғұд (р.ғ.): «Мен жұмыссыз бос адамды көрсем ашуланамын. Ондай адам дүниесіне де ахиретіне де ешбір пайдалы шаруамен айналыспайды»-деген. Жалқаулық пен еріншектік арлылық деген асыл қасиеттен жұрдай қылатын жаман әдет. Арлы адам – ешкімнен қол жайып сұрамайтын, өзге біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. Абай атамыз қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады» деу арқылы осыны дәлелдеп тұр.

Халық даналығында: «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» деген керемет нақыл да орынды айтылған. Шәкәрім Құдайбердіұлы:

«Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан».

Ал, енді осы жалқаулықтан ісіміз шала болмас үшін, қалай құтыламыз? Соның бірнеше амалына тоқталып өтсек:

- Таңертең ерте тұру – адамға сергектік сыйлап, кешке дейін қалыпты күйде жүруге көмектеседі. Түн бізге тынығу үшін берілгендіктен, түнде ерте ұйықтап, таңертең ерте тұру қажет. Ерте тұру деген сағат тілімен ерте тұру емес, жылдың қай мезгілі болса да, күн шықпай тұруды айтады.

«Еңбекқор ширақ тұрады, еріншек қирап тұрады» дегендей ширақ тұру дегені «ерте тұру» дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ия, Раббым! Менің қауымыма таңертеңгі уақытта береке бер!», – деп дұға жасаған. Ендеше, осы сөзді басшылыққа алып, күннің берекесі сол күннің таң намазынан басталатынын естен шығармайық.

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»-дегендей, күн шыққанша тіліңіз зікірде, қолыңыз шаруада болса, сол күннің сіз үшін мүмкіндікке қарай денені ширату, көбірек қимыл-қозғалыста болу. Жалқаулықпен жастық шағымызды босқа өткізіп алмау. Орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, публицист Иван Бунин: «Адамзат, сенің қасыретің сол, жастығыңды ақымақтықпен өткізіп, жасампаз шағыңды жалқаулықпен тауыстың. Енді көрге лақтырар қаңқаң ғана қалды. Пендеге де, батырға да, Адамның бүкіл ұрпағына ортақ мылқау өліктердің мәңгілік мекені бар екенін ұмытпа».

- Дұға ету де маңызды нәрселердің бірі. Ардақты Пайғамбарымыз: «Ия, Алла! Қайғы-қасіреттен, уайым жеуден, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқаулықтан, сараңдықтан, қарызға батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан Өзіңе сыйынамын», - деп дұға жасап, үмметіне де бұл дұғаны үйреткен.

- Бүгін бітетін істі ертеңге қалдырмау. Яғни қандай да бір жұмыс шыға қалса, оны уақытында атқаруға тырысу. Әр күннің өз ісі бар, жұмысты кейінге қалдыру еріншектің ісі. «Еріншектің ертеңі бітпейді», еріншекке бүгіннен ертең оңай көрініп тұрады. Ал өз уақытында жасалмаған жұмыс көбейе келе, ақыры еңсеңізді басып, уайымыңызды одан әрі күшейте түседі. Сондықтан әр нәрсені өз уақытында тындыруға күш салу. Алла Құранда: «Ал, енді босай қалсаң тырыс, әрекет ет және Раббыңа қарай ұмтыл», - деп бұйырған. (Шарх-7,8) Сондықтан босай қалсаңыз, қарап отырмай бірдеңеге жарап отыруға әдеттеніңіз. Себебі, адам өз ойларымен, жұмыссыз қалып қойса, нәпсі мен шайтанның жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін.

- Тамақты мөлшерден тыс көп жеп қоюдан сақтаныңыз, яғни аз тамақтану. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам баласы асқазаннан жаман ыдыс толтырған емес», ‒ деген. Тамақты жасар құлшылығы үшін, етер еңбегі үшін әлденіп алу мақсатында жесе жеткілікті.

Алла сіз бен бізді қоғамға пайдасы тиер еңбекқор, табанды, жігерлі құлдарының қатарынан етсін!

Рудный қалалық мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

берекеге толы болатынына күмән жоқ.

- Шынығып,

Пятница, 18 Март 2022 17:38

Бараат түні

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымы қасиетті айлардағы «Бараат түні» құрметіне облыстық мешіт жамағатын ауызашарға қонаққа шақырып, арнайы дастарқан жайды.

Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған республикалық жастар форумына қатысқан облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы осы форумда қозғалған мәселелер жайлы айтып өтті.

Болашақ жастардікі. Ал қазіргі жастар жан-жақты болуы керек. Және қоғамдағы жақсы амалдарды халыққа жеткізу бойынша креативті пікірлерімен бөлісіп жұмыс жасаса, жасқсы ұрпақ көбейеді деп ойлаймын.

Жиынның соңында ұлттық ойындар өткізіліп, сый-сыйапат жасалды. Түнгі құфтан намаз алдында қалалық мешіттің найб имамы Бақберсін Ізбасаров «Бараат түні» туралы жамағатқа уағыз айтты. Бақыт қажы бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 18 Март 2022 15:41

Түйемойнақ: Жомарт-Жұма

Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұжымы «Қайырымды жұма» акциясын өткізді. Аталмыш қайырымдылық іс – шарасының өзіндік ерекшелігіне тоқталсақ, енді бұдан былай қолдауға зәру жандарға көмек Исламда айрықша қасиетті күн болып табылатын жұмада көрсетіледі.

Мұндағы мақсат - исі мұсылман қауымқастерлейтін жұманы барша ағайынның басын біріктіретін, қайырымдылық жасалатын, дұға оқылатын күн ретінде насихаттап, оны әрбір азаматтың санасына сіңіру.

Сонымен қатар, осы күнді қазірге дейін басқаша теріс түсініп келгендерге жете ұғындыру. Соңғы ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында 10 отбасыға азық-түлік берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником