Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Понедельник, 04 Апрель 2022 17:02

Мұртаза қари / Рум сүресі 25-32 аяттар

Published in Құран
Пятница, 01 Апрель 2022 11:51

564 жанұяға көмек

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін Зекет және қайырымдылық қоры игі мақсаттағы жұмыстарының ақпаратын ұсынады.

ҚМДБ қызметінің бір тармағы қайрымдылық істерін жүргізу. Алла тағалаға сансыз шүкір жарқын істерін одан әрі жалғасын табуда.

Жалпы осы өткен наурыз айында облыс бойынша 39 қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 564 жанұяға көмек көрсетілді.

Осы мақсатта жалпы алғанда 2 млн. 506 мың 366 теңге қаржы «Қайырымды жұма», «Қолдан қолға», «Тайқазан», «Жетім көрсең жебей жүр», «Алтын құрсақты анаға тосын сый» атты шараларға жұмсалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 01 Апрель 2022 10:00

Бас имам қала әкімімен жүздесті

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қасиетті Рамазан айының қарсаңында жаңадан тағайындалған Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевпен кездесті.

Бас имам шаһар басшысын жауапты қызметімен құттықтап, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жарық көрген «Ихсан» кітабын тарту етті.

Жүздесу барысында белгілі дін қайраткері өңірдегі қазіргі діни ахуал жайлы айтты. Әкімге алдағы барлық игілікті істеріне толағай табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 01 Апрель 2022 09:54

Жітіқара мешітіндегі басқосу

Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде маңызды жиын болып өтті. Оған ауданға қарасты елді-мекендердің имам-молдалары қатысты.

Бас имам Айбек Қабиев алдағы қасиетті Рамазан айында ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, оны үлкен абыроймен өткізу қажеттігін айтты. Халықпен қоян-қолтық араласып, сапалы қызмет ету міндет екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, басқосуда имам-молдаларға жергілікті уақытқа сәйкес жасалған Ораза кестесі таратылды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 31 Март 2022 17:12

РАНТ мүшесі Қостанайда

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов арнайы іс-сапармен Қостанай облысына келді.

Ол бұл сапарын облыстық мешітте өңірдегі ЖАНТ мүшелерімен кездесуден бастады. Елімізге белгілі дін қайраткері жиналғандарға «Жат ағымның алдын-алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Сондай-ақ, жергілікті қауымға «Пәтуа шығарудың үкімі мен жауапкершілігі туралы» кеңінен әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде осы ауданға қарасты елді-мекендердің молдалары мен имамдарының жиыны өткізілді. Онда алдағы қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылатын іс-шаралар мен тапсырмалар жайлы айтылды.

Жиынға қатысушыларға ауылдық намазханалар мен мешіттерде Оразаның ерекшелігі, оның сауабы, қайырымдылық пен ізгілік мақсатта жасалатын жақсылығы жөнінде сөз болды.

Сондай-ақ, Қадір түнінің қасиетіне байланысты тақырыптарда насихат пен уағыз айтуға аса назар аудару қажеттігі хақында тілге тиек етілді.

Бас имам Нұрлан қажы Сейілханұлы жиналған алқа мүшелерін, имамдар мен молдаларды Рамазан айымен шын жүректен құттықтады. Қадірменді ақсақалдар бата беріп, дұға оқылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 29 Март 2022 12:28

Рамазанға дайындық

Қостанай облыстық мешітінде Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының төрағалық етуімен Рамазан айына арналған жиын болып өтті. Оған өңірдегі қалалар мен аудандардың бас имамдары қатысты.

Бұл басқосуда негізінен алда тұрған қасиетті ораза айын жоғары деңгейде өткізу, жер-жердегі мұсылман бауырларымызға оның маңызы мен мәнін түсіндіру, ораза кезінде ауызашардың талаптарға сай болуы жан-жақты айтылды.

Бас имам осы жайларға тоқтала келіп, биыл пітір садақаның көлемі әр адамға шаққанда 500 теңге болып бекітілгенін тілге тиек етті. Ол баға республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде алынды. Осы қасиетті айда діни қызметкерлер халыққа осы айды ішкіліксіз өткізуді үндеуді және мейлінше қайрымдылық шараларын көптеп атқаруға шақырды.

Жиын соңында өткен 2021 жылы пандемия кезінде ел боп атсалысқан шараларды ұйымдастыру-өткізу бойынша облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бақытжанға Президентіміз Қ. Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдық» медальімен марапатталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником