Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Мүбаракұлы Амантоғай және Тасты ауылдарындағы жалпы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.
Жүздесулерде дін қайраткері ұстаздардың білім ордалары мен шәкірттерінің өмірінде алар орындарына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, оқушылардың еліміздің нағыз патриоты әрі білікті маман болып шығулары үшін сабақта тиянақтылық танытып, мұғалімдердің өздеріне артқан сенімдерін ақтаулары керектігі жайлы ойын ортаға салды.
Басқосудың соңында ұстаздар бас имамның айтқан терең мазмұнды әңгімесін ұйып тыңдап, алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі