Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Воскресенье, 04 Сентябрь 2022 12:45

БАС МҮФТИ ӨРТ БОЛҒАН ОРЫНҒА БАРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері өрт болған орын – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына барды.

Бас мүфти Әулиекөл ауылының тұрғындарымен, өңір имамдарымен, мешіт жамағатымен бірге тілсіз жауды ауыздықтауға көмектесті. Өрт сөндірушілермен кездесіп, игі жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Бас мүфти және дін қызметкерлері Алладан табиғи апаттың тез тоқтауын тілеп, арнайы дұға жасады.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, орталық «Әмит ишан» мешітінде жамағатпен бірге табиғи апатқа байланысты арнайы дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді. Сенен асқан құдірет иесі жоқ. Біз Сенен жерімізге төнген қауіптен құтқаруыңды сұраймыз. Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, өрттен аман еткейсің. Өртті ауыздықтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Өзің жар болғайсың. Әмин!» деп дұға етті Бас мүфти.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті.

Әулиекөл ауылындағы мектепке көшірілген жандармен жүздескен Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала бұл сынақты сабырмен жеңіп шығуға, өртті тез арада ауыздықтауға күш-қуат нәсіп етсін. Біз сіздерге өз мүмкіндігіміздің аясында рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге дайынбыз. Сол үшін арнайы алдарыңызға келіп отырмыз. Жаратушы Жаббар Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі сынақтан, тосыннан келетін табиғи апаттардан сақтағай» деді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Бас мүфти халықты тосыннан келген сынаққа сабыр етуге шақырып: «Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат бәріміздің жанымызға батуда. Біз, дін қызметкерлері өрт салдарынан зардап шеккен жандармен біргеміз. Бүгін осы өңірге арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Еліміз бойынша мешіттерде дұға жасалуда. Алла Тағала тілсіз жауды тезірек ауыздықтауды нәсіп еткей. Жарақат алған жандардың жуық арада сауығып кетуін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 120 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таратылды.

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық мешіт имамдары үйін өрт жалмаған жандарға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп, ас-ауқат беруде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Әулиекөлдегі өрт аумағы 9 мың гектардан асты. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үйлер де өртке оранды. Өрттен Аманқарағай, Калинин, Лесное, Озерное ауылдарынан барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Табиғи апат салдарынан жарақат алғандар мен адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешіміне сәйкес табиғи апаттан зардап шеккендердің (үй-жайы өртенген тұрғындарға) барлығына қажетті көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша мешіттерде дұға ету, салауат айту рәсімі өтуде. Сондай-ақ үйсіз қалған жандар мешіттерге орналастырылып, имамдар қолдан келген көмегін көрсетуде.

Жаңа оқу жылына да саусақпен санарлықтай ғана күндер қалды. Соған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкілдігі биыл да «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына жан-жақты дайындалып, оны ұйымшылдықпен өткізді.

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет игі мақсаттағы шара қарсаңында үстіміздегі жылы аудандар мен қалалардағы мешіттер мыңға жуық мектеп табалдырығын аттағалы отырған балаларғы мектеп құралдары мен киім-кешек тарту ететіндігі жайлы айтқан еді.

Осы мақсатта барлық мешіт имамдары, жанашыр азаматтар ортақ іске өздерінің лайықты үлестерін қосты. Өңір бойынша жоғарыда аталған қайырымдылық акциясына байланысты 46 іс шара ұйымдастырылды. Онда көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 906 оқушыға мектепке аса қажетті сөмке, құрал-жабдықтар, мектепке киетін форма және басқа да киімдер табыс етілді.

Бұл мақсатқа 7 373 923 теңге қаржы жұмсалды. Салтанатты жиындарға қатысқан ата-аналар облыстағы барша мешіт қызметкерлеріне, демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Август 2022 12:14

Рудный: Мектепке жол

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Онда шаһардағы білім бөлімінен аты-жөні берілген 22 балаға оқуға қажетті сөмке мен құрал-жабдықтар табыс етілді.

Бұл өткізілген ізгі шараның негізгі мақсаты-жаңа оқу жылына дайындыққа орай әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыздарға қолдау көрсету болатын.

Қамқорлыққа бөленген балалардың ата-аналары мешіт ұжымына шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін айтып, дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Август 2022 12:12

Әулиекөл: 20 балаға сыйлық

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде өңіріміздің өзге аудандары мен қалаларындағыдай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Онда көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді.

Осы ізгі мақсатқа жүрегі жомарт әрі жанашыр азаматтардан 65 мың теңге қаражат жиналды. Бұл ақшаға биыл мектеп табалдырығын аттайтын 20 ұл мен қызға оқу барысында ең қажетті құрал-жабдықтар алынып, жұртшылық алдында тапсырылды.

Жиын соңында мешіт қызметкерлерінің қамқорлығына бөленген балалардың ата-аналары акцияны ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Онда мешіттің Бас имамы Нұрхан Асанұлы жиналған балаларға шынайы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Акция барысында 20 әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж көп балалы және қамқорлыққа зәру отбасылардағы мектепке баратын ұл-қыздарға сөмкелер таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 25 Август 2022 11:38

Тәртіп сақшыларымен кездесу

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Федоров ауданына арнайы іс-сапары барысында бірқатар мекемелерде болып, қазіргі таңда қалың жұртшылықты көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғады.

Осы басқосулардың бірі - аудандық ішкі істер бөлімінде ұйымдастырылды. Дін қайраткері қоғамдық тәртіп сақшыларымен «Елдің тыныштығы – ең басты құндылық» атты тақырыпта әңгіме өрбітті.

Жиында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы ел өмірінде жауапкершілік пен қырағылықтың, азаматтық борышқа деген адалдықтың қаншалықты алатын орны жөнінде айта келіп, полиция қызметкерлерінің қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником