Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 19 Сентябрь 2022 09:59

Түйемойнақ: Танымы мол саяхат

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында Денисов аудандық мешіт ұжымы жергілікті № 3 мектеп оқушыларына «Қамысты бекіністі қонысына» саяхатжасатты.

Осыдан 4000 мың жыл бұрын Денисов жерінде ежелгі қала болған. Ол қазіргі Комаров ауылының жанында орналасқан. Мұнда ағып жатқан Қамысты – Аят өзенінің атауы бойынша археологтар оған «Қамысты бекіністі қоныс» атауын беріпті.

Бір тоқтала кетер жай, аудандық тарихи өлкетану музейінде «Қамысты бекіністі қонысынан» табылған құнды жәдігер - қол шапқы сақтаулы. Ол ауқымды, ашық қоныр-сары түсті тастан жасалыпты.

Салмағына келетін болсақ, 750 грамм, ұзындығы 17 см. Бұл киелі археологиялық нысан жайында оқушыларға жоғарыда аталған аудандық тарихи – өлкетану музейінің басшысы Н.Таран және әдіскер Ә. Аманжолова баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлының ұйымдастыруымен еліміздегі «Серпін» бағдарламасымен жергілікті мемлекеттік педагогикалық институтына қабылданған жастармен кездесу болып өтті.

Онда дін жолында жүрген азамат жан-жақтан білім қуып келген студенттерге өзекті тақырыпқа арналған уағыз-насихат айтты. Олардың құрметіне ақ дастарқан жайып, имандылыққа ұйытатын сауат ашукурсында таным көкжиектерін кеңейтуге шақырды.

Бас имамның қонақжайлығына, адами қасиеттеріне тәнті болған жастар шынайы алғыстарын білдірді. Басқосу өте әсерлілігі және терең мазмұнымен жиналғандардың есінде қалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 16 Сентябрь 2022 11:18

Меңдіқара: Зиярат «Дархан дала»

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұйытқы болуымен «Дархан дала» жобасы аясында бір топ жергілікті мәдениет қызметкерлері және өңірімізге танымал Серік қажы Омаров Қасқат ауылы Екпінді елді-мекеніндегі зиратта жерленген ұлтымыздың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының жары Бадрисафа апамыздың басына барып, оның рухына Құран бағыштады.

Серік қажы Бадрисафа апа жөнінде жиналғандарға тағылымды әңгіме өрбітті. Осы арада биыл 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілген Ахмет Байтұрсынұлының кезінде Меңдіқара ауданына қарасты Байқожа ауылындағы мектепте ұстаздық еткендігі жайлы да сөз болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 15 Сентябрь 2022 10:28

Арқалық: Кітапханадағы кездесу

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұстазы Арлан Бауыржанұлы жергілікті №2 әмбебап ғылыми кітапханасында политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Онда «Отан – отбасынан басталады» деп аталатын маңызды тақырып әңгіме арқауына айналды. Тәрбиелік мәні зор уағызды жиналған жастар зейін қойып тыңдады.

Аталмыш кітапхананың басшысы Арлан Бауыржанұлын рухани – адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, отбасылық құндылықтарды тиісті дәрежеде насихаттағаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, оған мықты денсаулық, отбасына баянды бақыт, жауапты қызметінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. Алқалы жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті.

«Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты. Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Франциск, Мысырдағы әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Митрополит Волоколамский Антоний, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф т.б дін қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеу жолдаса, Сенат Төрағасы – хатшылық басшысы Мәулен Әшімбаев жиынға модераторлық жасады.

Айта кетейік, съезд екі күнге созылады. Алқалы жиынға арнайы келген дін қайраткерлері пленарлық және секциялық отырыстарға қатысып, сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы, шейх Ахмет Тайыппен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ел Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына орай жолдаған шақыруын қабыл алғаны үшін шейх Ахмет Тайыпқа ризашылық білдірді.

– Біз өзіңіз басқаратын «Әл-Азһар» университетін ортақ дініміз – ислам құндылықтарын дәріптеуші «шамшырақ» ретінде қарастырамыз. Сондықтан толеранттық пен ұстамдылықты, сабырлық пен мейірімділікті ту еткен орталық ғұламаларының бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы біз үшін өте маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ислам білімінің ордасы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы саналатын «Әл-Азһар» университетінде қазақстандық студенттердің білім алуына жасалған жағдайды жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар «Әл-Азһардың» Қазақстанда ислам білімі мен зерттеулерінің дамуына қомақты үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.

Келесі жылы сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толады. Мемлекет басшысы аталған мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тарапы Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге айтарлықтай үлесін қосатынын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге ыстық ықыласқа толы сәлемін жолдады.

Өз кезегінде «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы Мемлекет басшысына Мысыр Президентінің жүрекжарды сәлемін жеткізді.

Понедельник, 12 Сентябрь 2022 10:52

Ел үлесі-пәтерге 584 баспана

Жұртшылыққа мәлім, осыдан біраз уақыт бұрын Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында Мадина Ерланқызы жоғалып кеткені туралы. Әрине, ғұмыры тым қысқа болған қыздың хал-жағдайы өңір жұртшылығына өте ауыр тиді. Барша қауымның қабырғасы қайысып, қайғы жамылған отбасының ауыртпалығына ортақтасты.

«Көп түкірсе, көл болар» демекші, оның тағдырына бей-жай қарамаған жүрегі жомарт өңір жұртшылығы олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін атсалысып, 5 млн теңге қаражат жинады. Ал облыстағы қайырымдылық қырларымен танымал «Олжа-Агро» фирмасының ұжымы 10 млн теңге бөлді.

Осы жинаған қаражатқа елімізде «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 584-ші баспана сатып алынып, өткен қасиетті жұма күні марқұм жасөспірім Мадина қызымыздың анасына үйдің кілті тапсырылды.Бұл орайда Бахытбек қажы Тәжімбет басқаратын өңірдегі бүкіл мешіт имамдары мен қызметкерлері жанашырлық пен ұйымшылдық танытқанын ерекше атап өткеніміз жөн.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 12 Сентябрь 2022 10:29

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Апат ешқашанда айтып келмейді. Өңіріміздің Әулиекөл ауданындағы бірнеше күнге созылған алапат өрт күллі республикамыздың халқын терең ойда қалдырды.

Барлық облыстар осындай қиын шақта ауыз бірліктері мықты екендігін дәлелдеді. Қаншама гуманитарлық көмек көрсетілді. Қаржы, киім-кешек, азық-түлік те жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салынып берілетін болды.

Осы жерлестерімізге қиын соққан ауыр кезеңде өңірге қарасты күллі мешіттердің ұйымдастыруымен Әулиекөл ауданында 5 күннің ішінде 4 680 адамға ыстық тамақ үлестірілді.

Аталмыш аудандық «Әмит ишан» мешітінде облыстағы мешіттердің қызметкерлері тікелей атсалысып, тілсіз жау өртті сөндіруге қатысқандардың, волонтерлердің, құрылысшылардың, басқа да кісілердің жанынан табылды. Көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында қол ұшын беріп, уақытпен санасу дегенді білмеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Кейкі батырдың кесенесін зиярат етіп, ұлт үшін жанын пида еткен мергеннің рухына арнайы Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген болды.

Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне байланысты ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сөз қалған.

Оның ерлігі өскелең ұрпақ үшін мәңгі өнеге болмақ. Алла алдынан жарылқасын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің құрылысымен танысты.

Бас мүфти мешіттің құрылыс сапасына, көлік тұрағына, құрылыс жұмысының жоспарланған мерзімде аяқталуына назар аударды.

Айта кетсек, демеушілер мен ерікті жандардың көмегімен салынып жатқан мешіт құрылысы бір ай көлемінде толық аяқталады. Құлшылық үйінде бір мезетте 1000 адам намаз оқи алады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником