Қасиетті Рамазан айында Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қызметкерлері мен жомарт жандардың демеушілік етуімен қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 4 көп балалы отбасы, 4 қолдауға мұқтаж және 7 мүгедек кісіге көмек көрсетілді. Жалпы 15 жанұяға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» табыс етілді.
Жоғарыда аталған мешіттің Бас имамы Әкімбек Асанов жиналған жұртшылықты Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, мейірімділік жайлы насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі