Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Жітіқара ауданындағы сапары барысында аудандық әкімдіктің лауазымды қызметкерлері және бөлім басшыларымен кездесу өткізді.

Ол жүздесуде Отанға және елге адал жұмыс істеудің жауапкершілігі жөнінде әңгіме өрбітті. Бұл орайда халқымыздың біртуар перзенті, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден» деген ұлағатты сөзін басшылыққа алды. Оның өмірі барша азаматтарға жарқын үлгі екендігі белгілі.

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі әрбір азаматтың басты міндеті-тәуелсіз әрі жаңа әділетті Қазақстанымызды өркендетуге лайықты үлес қосу екендігіне жан-жақты тоқталды.

Бас имамның көтерген тақырыбы қатысушыларды қызықтырып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Тимур Төребаев Жітіқара ауданында іс-сапармен болып, жастарды толғандырып жүрген аса маңызды мәселе бойынша кездесу өткізді.

Тың ізденістерімен халық арасында құрметке бөленген дін қызметкері жергілікті политехникалық колледждің 3-ші курс студенттерімен жүздесіп, келелі әңгіме қозғады.

Бұл білім ордасындағы жиында «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбы өзек болды. Наиб имамның маңызды әңгімесі жастарға үлкен әсер қалдырды. Олардың көкейінде жүрген сауалдарға нақты мысалдармен жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«Рудный қаласы Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы білікті мамандарды даярлап жатқан Әлеуметтік-гуманитарлық, Рудный құрылыс және көлік, Музыкалық және Технология-сервис колледждеріндегі кездесулерге «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбы арқау болды.

Бұл ұжымдардағы басқосуларда дін құндылықтары, имандылық жөніндегі тәлім-тәрбие, ата-аналар мен ұстаздарды құрметтеу, студенттердің тіршіліктегі жаман әдеттер және жат ағымдардан аулақ болулары сөз болды.

Өңірімізге танымал дін қайраткерінің мазмұнды әңгімесі жастар тарапынан қызығушылық туғызды. Олардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 08 Ноябрь 2022 17:27

Бас имам Жітіқарада

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы кезекті іс-сапарында өңірдің шалғайда жатқан Жітіқара шаһарында болып, біраз жайға қанықты.

Ол аудандық "Ержан Тәтішев" мешітіне арнайы ат басын бұрып, осынау имандылық ордасында "Ислам-ынтымақ және бірлік діні" атты тақырыпта жамағатқа уағыз-насихат өткізді.

Жергілікті мұсылмандар қауымы дін қайраткерінің өзекті тақырыпты арқау еткен әңгімесін ұйып тыңдап, шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 08 Ноябрь 2022 11:12

Әуежайда намазхана ашылды

Жуырда Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайда намазхана ашылды. Оның салтанатты жиынына облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы, найб имам Әлішер Ертайұлы, әуежай басшысы Юрий Ким қатысты.

Ерекше тоқтала кетер жай, келімді-кетімді кісілерден арылмайтын жердегі осынау намазхана қазіргі уақыт талаптарына толық сай келеді. Намаз оқитын бөлме жолаушыларға өте қолайлы.

Басқосуда Бас имам әуежай басшысына шынайы ризашылығын білдіріп, өз атынан Алғыс хат табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 08 Ноябрь 2022 11:10

Қоныс тойын тойлады

Оқырмандардың есінде болар, осыдан бірнеше ай бұрын дүниеден өткен бүлдіршін Мәдина Ерланқызының артында қалған анасы мен бауырларына баспана алып беру жөнінде мешіт ұжымы бастама көтерген болатын. Халықтың және Олжа АГРО қолдауымен тиісті қаражат жиналған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» атты жобасының аясында сол қолға алынған игі мақсаттың жүзеге асуына қаламызда қызметін бастаған «КБС» құрылыс компаниясы атсалысып, үйге мұқтаж отбасы үлкен қуанышқа кенелді.

Жуырда пәтердің кілтін тапсыру рәсіміне облыстық мешіттің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Бақытжан қажы Икрам, Мәдинаның туған-туысқандары қатысты.

Тұрмысқа қолайлы үш бөлмелі пәтер Қостанай қаласындағы Әуежай шағын ауданында салынған көп қабатты үйден берілді. Баспана кілтін алған отбасы мешіт қызметкерлері мен демеушілерге дән ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Ноябрь 2022 14:22

"Әмит ишан" мешіті

Аталмыш шара Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Алғашқы сөзді аудан әкімі Ерлан Теменов алып, облыс әкімі атынан жергілікті ақсақалдар мен мешіт құрылысына белсене атсалысқан азаматтардың иығына шапан жапты.

Содан кейін Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жұршылықты аудан өміріндегі елеулі оқиғамен құттықтап, осы имандылық ордасының салынуына елеулі үлесін қосқан демеушілерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хатын» табыстады.

Салтанатты жиында жаңа жаңа мешіттің лентасы қиылып, Бас имам Бахытбек қажы келген жамағатқа уағыз айтты. Алғашқы «Жұма» намазы оқылды.

Намаздан соң мешіт асханасына ас беріліп, осы жиынға арнайы келген Әмит ишанның ұрпақтары мешітке және еңбегі сіңген кісілерге алғыс айтып, сыйлықтарын табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Ноябрь 2022 11:44

Рудный: Волейболдан жарыс өтті.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесінің құрметіне волейболдан «Әлді мұсылман, әлсіз мұсылманға қарағанда хайырлы» атты спорттық сайысы өтті.

Жарысқа Қостанай облыстық «Марал ишан», қалалық «Жайлаубай ата» және Рудный мешіттінің әйел-қыздар жамағаты қатысып, бақтарын сынады. Қызықты да бәсекелі дода төрт команда арасында өрбіді. Нәтижесінде «Жайлаубай ата» мешіті командасының қыздары айқын басымдықпен бірінші, облыстық «Марал ишан» мешіті екінші, ал Рудный қаласы «Нұр» мешітінің командасы үшінші орындарды иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы Мадақтама қағаздар мен естелік медальдары табыс етілді.

Спорттық сайыстан соң, «Нұр» мешітінде Мәулітте салауаттар оқылды. Мешіт ұстаздары мен қажы апалар сөз алып, тағылымды кеңес, уағыз-насихат айтты.

Мерекелік дастархан жайылып, викториналық сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Әйел-қыздар секторының ұстазы Аяулым Ермекқызы «Бұл шараның басты мақсаты - әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстану. Сондай-ақ өскелең ұрпаққа дін насихатын басқаша қырынан жеткізу» екендігін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 04 Ноябрь 2022 14:32

Қазандағы қайырымдылық

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы найб имам Бақытжан қажы Икрам басқаратын Қайырымдылық және Зекет қорының бойынша өткен қазан айында ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, облыс бойынша 41 іс-шара өткізілді. 1 883 отбасы қамтылып, оларға көмек көрсетілді. Осы мақсатқа 5 млн 280 мың 482 теңге жұмсалды.

Қолдауға мұқтаж жанұяларға дер кезінде қол ұшын беріп, демеушілік танытқан барша кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтарға алғысымыз шексіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«88899091929394959697»
Page 93 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником