Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Суббота, 24 Декабрь 2022 10:14

«Хадия – сыйлық» табыс етілді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қайырымдылық жасауға ерекше көңіл бөледі. Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін нақты мысал келтіре кетелік.

Жуырда осы имандылық ордасындағы жамағаттар мен жүрегі жомарт жандардың тікелей қамқорлығының арқасында бір топ көп балалы аналарға өңіріміздегі «Хадия - сыйлық» табыс етілді.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанған азаматтарға Алланың нұры жауа берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Шоқан қажы Әмірханов басқаратын қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы тағылымы мол шара ұйымдастырды. Бұл кейінгі жастарға өнеге боларлық басқосу Тәуелсіздік күні және Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды.

Аталмыш рухани кешке өңіріміздегі абыз ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, ардақты аналар, дарынды жастар шақырылды.

Көпшілік алдында ұлағатты ұстаз, Қостанай қаласының құрметті азаматы Беген Көпеш, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов, көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, ел ағасы Рахымбек Жұмақұлов, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова және басқалар тебірене сөз сөйледі.

Имандылық ордасында Тәуелсіздік жолына өмірін арнаған біртуар тұлғалар жайлы естеліктер айтылып, жыр шумақтары оқылды. Жайылған дастархан басында аруақтарға Құран бағышталып, бата берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 20 Декабрь 2022 10:03

Бейсенбі сайын ауызашар беріледі

Шоқан қажы Әмірханов басқаратын Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде аптаның әр бейсенбісінде жамағаттар мен жастарға ауызашар беру дәстүрге айналды.

Бұл басқосуда қазіргі таңдағы аса өзекті имандылық тақырыбына байланысты мазмұнды насихаттар айтылады. Дастархан басында Шоқан қажы Ғазизұлы халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлік, адамгершілік, жат әдеттерден аулақ болу жайлы әңгімеледі.

Дін қайраткерінің жан дүниеңді байытар уағызын үлкенді-кішілі қауым ұйып тыңдап, дән ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Воскресенье, 18 Декабрь 2022 10:00

Жастарға бата берді

Тәуелсіздік мерекесінің қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше. Осы жарқын заманға жету үшін өткен ғасырларда ата-бабаларымыз бастарын бәйгеге тігіп, қиындықтарды қайсарлықпен жеңе білді.

16 желтоқсан күні Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен кезінде азаттық жолында жапа шеккен арыстарымыздың аруағына Құран бағышталды.

Имандылық ордасында дастархан жайылып, ас берілді. Бұған осында дәріс алып жатқан жастар және аға буын өкілдері қатысты. Тәуелсіздігімізді баянды ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді берік қалыптастыру үшін уағыз-насихат айтылды.

Жергілікті жұртшылық алдында беделді Аслан ақсақал бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде өңірлердегі бас имамдар 2022 жыл қорытындысына байланысты есеп берді.

Онда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет баяндама жасады. Жеті бағыт бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты қамтылды.

Аталған қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Бас мүфти «Жылдың қайырымды имамы» атанған облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан қажы Икрамға диплом табыс етіп, қызметіне табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 20 Декабрь 2022 10:59

Шынайы алғысқа бөленді

Таяуда Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің жамағаттары яғни жүректері мейірімге толы азаматтар Қазыбек Тәжімбет пен Дархан Нұрахметов өзгелерге өнеге боларлық жарқын істі жүзеге асырды.

Олар Зекет қоры» атынан меңдіқаралық көп балалы 8 отбасыға күнделікті өмірде тұтынатын азық-түлікті табыс етті. Осы тағылымды шара барысында Қазыбек Нұрғабылұлы қайырымдылық жасаудың дінімізде сауабы мол амал екендігі жөнінде жиналған қауымға насихат айтты.

Жергілікті мешіттің бас имамы Еркебұлан Қошан облыс орталығынан арнайы келген қос бауырымызға шын жүректен шыққан ізгі лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 20 Декабрь 2022 10:51

Сертификат табыс етілді

Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті жанындағы екі айлық білім беру курсын бір топ шәкірттер тәмәмдады. Онда негізінен жасы үлкен талапкерлер дәріс алды. Бұл оқудың ерте-кеші жоқ екендігін нақтылай түседі.

Мәселен, қарасулық бұрынғы ұстаз Хали Ақшалов, талдықорғандық Аслан Қадыров, Арқалық қаласының тұрғыны Махамбет Иманқұлов және басқа да оқуға құлшыныс танытқан азаматтар білім нәрімен сусындады.

Оларға салтанатты түрде курсты аяқтағаны жөнінде сертификат тапсырылып, абыз ақсақалдар бата берді. Енді, түлектер көкейге түйген білімдерін жұртшылық игілігіне арнайды деген үміттеміз.

Енді, желтоқсанның 19-нан бастап білімге ниет еткен жаңа шәкірттер қабылданып, оқуын жалғастыратын болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 20 Декабрь 2022 14:43

Қостанай: Жыл қорытындысы есебі

Қостанай облыстық мешітінде жыл қорытындысына арналған жиын болып өтті. Оған аталмыш имандылық ордасының жанындағы алқа мүшелері, өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтағы өкілі, Бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет Қостанай облысының 2022 жылы жеті бағыт бойынша атқарылған жұмысының есебі жайлы баяндама жасады.

Оның келтірген деректері мен дәйектері өзінің нақтылығы және терең мазмұнымен қатысушылардың назарын аударды. Барлық саладағы жүзеге асырылған шаралар ауыз толтырып айтарлықтай.

Қала, аудандарда бірқатар мешіттер күрделі жөндеуден өтті. Асханалар көптің игілігіне айналды. Алдағы уақытта да жоғарыда сөзімізге тиек болған бағыттар бойынша қыруар жұмыстар атқарыла бермек.

Жиын барысында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қайырымдылық мақсатында елеулі қызмет атқарған бір топ азаматтарға алғыс білдіріп марапаттады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Декабрь 2022 11:01

Қостанай: Дұға жасалды

Қостанай облысы бойынша халықаралық мүгедектер күніне орай облысымыздың бір мезетте дұға жасалды.

Облыстық мешітте және облыс бойынша барша мешіттерде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың асыраушылары мен дәрігерлерге, қамқорлық танытып жүрген азаматтар үшін арнайы дұға жасалды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні 1992 жылдан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында атап өтіледі.

Бұл шараға мешітте өткен іс-шараға бесін намазына келген жамағат түгел қатысып, баршасы дұға жасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«83848586878889909192»
Page 88 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником