Қостанай облыстық мешітінің жанында «Құрбандық-2022» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Оған жауапты ретінде жаста болса іскерлігімен танылып үлгерген Әлішер Ертайұлы бекітілді.
Бұл штаб құрамындағы дін қызметкерлері биылғы құрбан айтта өңірде атқарылатын жұмыстарды алдын ала пысықтап, нақтылады. Көпшілік хабарландырылды.
Осы шарлар туралы обыстық «Қостанай» телеарнасында тікелей эфирде екі тілде брифинг болып, Икрам Бақытжан мен Мурзаканов Азамат журналистерге арнайы сұхбат берді.
Баршаға мәлім, осынау үлкен айтта түйе, ірі қара, қой және ешкі құрбандыққа шалынады. Сондықтан ниет еткен қауымға ыңғайлы болу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификатын алған «ҚостанайАгроПродукт» қасапханасы, «Амиго» кешені таңдап алынды.
Сонымен қатар 9 шілде күні Қостанай облысы бойынша барылық мешіттерде саған 7:30 «Құрбан айт» намазы оқылады! Содан кейін барып құрбандық шалу рәсімі басталады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жұмысы барынша жандана түсуде. Сөзіміз нақты болуы үшін бір мысал келтіре кетелік.
Мәселен, өткен маусым айында өңір бойынша 45 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Онда 1010 қолдауға мұқтаж отбасына көмек көрсетілді. Осы мақсатқа 54 млн 623 мың 500 теңге жұмсалды.
Аталмыш қордың жетекшісі әрі наиб имам Бақытжан қажы Икрамның айтуына қарағанда, облыстағы кәсіпкерлер және басқа да жаны жомарт, жанашыр азаматтар өздерінің лайықты үлестерін қосуда.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
9 шілде – Құрбан айт болып бекітілгенін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтып өтті.
«Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Осы Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.
Қостанай облысы бойынша барлық мешіттерде сағат таңертенгі 7:30 да Қрбан айт намазы оқылады.
Соынмен қатар құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайты іске қосылды. Ол жерде егер Қостанай облысында сіздің атыңыздан құрбандық шалынуын қаласаңыз осы сайт арқылы тапсырыс беруге болады.
Сіздің тапсырсыңыз орындалғаны туралы толық ақпарат жеке өзіңізге әлеуметтік желі арқылы видео таспағатүсіріліп жіберілетін болады.
Қостанай қаласында Федоров тас жолы бойынында «Амиго» кешенінде Құрбандық шалуға толық жағдай жасалған. Ол жерде арнайы қасапшылар қойылады.
Қазіргі уақытта бағалар бойынша шамамен сыйыр 420 000, қой 80 000 аралығында деп ұсынуда. Бұл жерде айта кету керек сыйыр 7 адам атынан ал қой бір адам атынан шалынатын болады.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин!» Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұстазы Арлан Бауыржанұлы «Алюминстрой» мекемесінің ұжымы және Шоқан Уәлиханов атындағы №1 мектеп мұғалімдерімен жат ағымның алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Жүздесу барысында түрлі сұрақтар қойылып, оларға тұшымды да нақты жауап берілді. Жиын соңында қатысушылар мешіт ұстазына мағыналы да мәнді әңгімелері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Ардақ Нүсіпханұлы Оразбаев және «Qamqor-Sharapat» орталығы директоры Рысымов Мирамбек Қаблбекұлы Қостанай облысына сапарында қала, аудан Бас иамдарымен кездесу өткізді.
Жиында қордың және орталықтың жұмысын жандандырудың маңыздылығы, атқаратын істері жайлы мағлұмат берді. Облыстағы жаңа бағытта жұмыс жасау туралы және алдағы жоспарлары бойнша айтып өтті.
Еске сала кетер бір жай, өткен жылы ҚМДБ жанынан «Уақып» қоры – қайырымдылық ұйымы құрылған болатын. Оның қызметі-әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, діни ағартушылық саладағы іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Бүгін Бас мүфти Қостанай облыстық орталық мешітінде «Таза бұлақ» медиа орталығының ашылуына қатысты.
«Діни басқарманың ақпарат алаңындағы жұмысын жандандыру мақсатында «Мұнара ТВ» арнасын аштық. Өйткені, телеарна – үлкен тәрбие, насихат құралы. Сондықтан оны дұрыс бағытта қолданып, эфир уақытын ізгілік пен имандылыққа арнау қажет. «Таза бұлақ» медиа орталығы осы мақсатымызға үлес қосады деп сенемін. Қостанай жамағаты «Таза бұлақтан» рухани сусындай берсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында орталық мешітте «Қарыз беру мен қайтару әдептері» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Қарыз беру мен оны қайтаруға қатысты әдептерді білмегендіктен, кейде білсе де дұрыс амалға асырмағандықтан адамдардың арасында реніш, өкпе, сенімсіздік, сыйластықтың бұзылуы сияқты келеңсіз жайттар орын алып жатады. Осыны терең түсінген ата-бабаларымыз: «Қарыз беру уайым емес, қайтарып алу – уайым», «Көшуден бұрын керуен басыңды сайла, қарыз алудан бұрын, береріңді ойла», «Қарыз қатынас бұзады» делінген даналық сөздерді айтқан.
Қасиетті Құранның ең ұзақ аяты болып табылатын «Бақара» сүресінің 282-аятының қарыз аяты болуы тегін емес. Бұл мұсылман адамның қарыз әдептеріне өте мұқият болып, оған бей-жай қарауына болмайтындығын білдіреді» деді.
Бас мүфти уағыз барысында қарыз алу мен берудің әдептерін егжей-тегжейлі айтып, ел игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.
Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай қаласында осы аймақтағы дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 5 имамға қызметтік пәтер кілтін табыстады.
«Біз имамдарымызға барынша әлеуметтік қолдау көрсетіп келеміз. Үй алу – адам өміріндегі үлкен қуанышты оқиғаның бірі. Өйткені, адам баласы үйінде отбасымен қауышып, жүрегі тыныштық табады. Үйде уақытын құлшылықпен, қонақ күтумен, жалпы айтқанда, сауап істермен өткізеді. Сонымен қатар үйде Құран оқып, береке мен нұрға толтырады. Ендеше, үйлеріңіз берекеге толсын. Қоныстарыңыз құтты болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, Діни басқарма осыған дейін баспанаға аса мұқтаж 600-ге жуық отбасыға демеушілердің қолдауымен пәтер сыйлады.
Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облыстық орталық мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты.
Игі іс-шарада ҚМДБ Төрағасы көмекке аса мұқтаж 20 отбасыға жомарт жандардың тарапынан ұйымдастырылған қаражатты табыстап, қуанышқа бөледі.
«Біздің бабаларымыз ұрпақтарын әрдайым жақсылық жасауға, өзгеге қол ұшын беруге үйреткен. Көршіге көмектесу, жетімге қарайласу, мұқтаж болған кісілерге жәрдем беру, жолда қалғандарға пана болу секілді қайырымды істер халқымызда өмірлік дәстүрге айналған.
Сондықтан халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»; «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» деп, жақсылық жасауға, басқаларға көмек беруге үндеген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің жеті бағыт бойынша жұмыстарында қайырымдылыққа басымдық беріп келеді. Бұл бағыт бойынша іс-шараларымыз жалғасын таба береді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарында өңір имамдарымен кездесті.
Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни қызмет – Алланың сіз бен бізге берген ұлы нығметі. Мешіттегі мінбер – Пайғамбарымыздан қалған мирас әрі аманат. Былайша айтқанда, діни қызмет – Пайғамбарлардың атқарған ұлы миссиясы. Бүгінгі таңда бұл миссияны жалғастыру сіз бен бізге бұйырған екен. Сондықтан баршаңызды ыждаһаттылықпен жұмыс істеуге шақырамын» деді.
Басқосуда аудан имамдары Бас мүфтиге көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Сонымен қатар, имамдар сауалына ҚМДБ бөлім меңгерушілері де жауап берді.