Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет. Мұны облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық Ғайсин жете түсінеді және сол бағытта қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Осы биылғы жылдың өзінде Наурыз мейрамы кезінде Қостанай қаласының қажылары мен аз қамтылған отбасы балаларының басын қосып үлкен кездесу өткізілсе, Ұлы Жеңіс күніне арнап, соғыс ардагерлері мен жетім балаларға «Думан» мейрамханасында дастархан жайылғаны көпшілікке белгілі.
Айта кететін бір жағдай, бұл кездесуде православие, католик шіркеулерінің өкілдерінің поптары шақырылып, концерттік бағдарлама мен қойылымдар көрсетілді және басқа дін өкілдеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Бұл біздің Президентіміздің ұстанып отырған дінаралық татулықтың белгісі екенінің көрінісі.
Өткен айда жаңа мешіт ашылу салтанатына келген Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың «Дін және дәстүр» кітабының тұсау кесері балалар шығармашылық сарайында үлкен концертпен жалғасқанына біздің Қостанайлықтар куә. Бұл жиынды Республикамызға белгілі өнер қайраткері Ақжол Мейірбековтың жүргізгенінің өзі және жиынға Қазақстан Қажылар қауымдастығының өкілдері қатысып жамағатқа айтқан тілектері, оның үлкен деңгейде өткенінің дәлелі.
Марал ишан мешітімен облыстық «Зекет қорының» және Қостанай Қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Торғай, Қостанай өңіріне белгілі ақын-жорналшы Еренғайып Әбдіхалық атындағы жүлде мен мүшәйраның жоғары деңгейде өткені белгілі. Осы кешті ұйымдастырушылардың бірі, Республикаға танымал дін насихатшысы 65 рет Мекке, Мединеге қажылық сапарға мұсылмандарды бастап апарған Амангелді Еренғайыптың сонау Израил-Палестинадағы мұсылманның 3-інші қасиетті Әл-Ақса мешітінің директоры шейх Наджиһті Қостанайға әкелуі үлкен оқиға болды. Шейхтың, кездесулерде Қостанай облысының, бүкіл Қазақстанның халқына айтқан тілектері жүрек тебірентеді.
Сонымен қатар, мешіттер жамағаты, жылда, елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетіп, өңірдегі көнкөрісі төмен отбасыларының ұл-қыздары мен көмекке мұқтаж жетім балаларға қайырымдылық танытып келеді.
Осының жарқын көрінісі ретінде жуырда облыстық Марал Ишан мешітінде аталған азаматтар қамқорлыққа алған 52 бала бас қосты. Олардың жанында ата-аналарымен бірге жанашыр кісілер де болды.
Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам арнайы шақырылған бүлдіршіндердің алдында тебірене сөз сөйледі. Олардың тәуелсіз еліміздің ертеңгі нағыз тіректері екендіктерін айтты. Көпшіліктің алдында барлық балаларға жаңа оқу жылына қажетті оқу-құрал жабдықтарын салтанатты түрде табыс етті.
Мына тіршілікте жанарлары қуанышқа толы балалардың бақытты сәтін көрудің өзі бір ғанибет екен. Наиб имам мен «Зекет» қорының өкілі бүлдіршіндердің жүзіндегі ерекше шаттықты көріп, өздері де қатты толқыды.
- «Біз мұндай қайырымдылықты жылда көрсетіп келеміз, биыл да мешіттің бас имамымен, облыстық «Зекет қоры» және Қажылар қауымдастығымен келісе отырып, қаладағы көмекке мұқтаж балдырғандарға қол ұшын беруге ұйғарым жасадық. Мұнымыздың өте орынды болғандығын балаларға сыйлықты тапсыру кезінде айқын сезіндік, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі, абыз ақсақал Жақсылық қажы.
Осындай қайырымдылық шаралар аудан, қала мешіттерінде де өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
Баспасөз қызметі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Хабар" арнасына берген эксклюзивті сұхбатында халықты ата-бабадан жалғасқан имандылыққа шақырып, жат топтар туындатып жүрген "халифат" мәселесінен Қазақстан азаматтарының бойын аулақ салуын тапсырды. "Біз тәуелсіздік жылдарында дінімізді қайтарып келе жатырмыз. Қазір қарап отырсаң, қазақтың еш уақытта дінінен айырылмағандығын көруге болады», - деген Елбасы "бүгінде біздің ғана дініміз жақсы деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болуда. Дін үшін бір мұсылман діні ішінде сүннит пен шиитке бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар да бар. Бір діннің ішінде соғысып жатқан католиктер де жеткілікті. Сондықтан да дін мәселесінде барынша абай болуымыз керек. Дінге бас ұрып жүрген кезде біз діннің жаман жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен дін орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз дегендер бар. Мұхаммед пайғамбардың сахабалары Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайта орнатамыз деген бұл жаулап алу мәселесі болатын», - деп нақтылады.
Діннің негізгі үндейтіні - имандылыққа баулу, Отанды қорғау, Құранның қасиеттерін орындау, және қайырымдылық мәселелері - кемтарларға көмектесу, бауырмалшыл болу, үлкенді сыйлау, елді бірлікке шақыру деген сияқты қасиеттер болса, осы қасиеттер мемлекеттің тұтастығы мен өркендеуіне арналса, онда діннің мемлекетке үлкен пайдасы, қамқорлығы болады. Елбасы осылайша діннің мемлекетті нығайтудағы пайдасына тоқталды. Өз сөзінде ол: "Міне, осындай өзіміздің мұсылман дінін, ислам дінін құрметтеуіміз керек", - деп түйді.
Иә, ислам қашан да адам баласын ізгілікке үндеген. Мұсылмандыққа берілген жан ешқашан да ешкімнің қанын төкпесе керек-ті. Ислам - барлық ғылымның қайнар көзі. Оны дұрыс меңгерген жан ғана тура жолдан айнымайды.
E-islam.kz
Өткен сенбіде Анталияда тек әйелдерге ғана келуге рұқсат етілетін жағажай ашылды. Курортты қаланың әкімі Мендерес Түрел, сондай-ақ, билік басындағы партия атынан сайланған әйел депутаттар бастаған жоғары лауазымды тұлғалар аталмыш жағажайдың ашылу салтанатына арнайы келіп қатысты. Қала әкімі бастаған құрметті меймандар жағажай лентасын қиып, әйелдердің демалыс орнын өз көздерімен аралап көрді. Бұл жағажай Анталияның батыс аумағындағы Конияалты ауданында орын тепкен Сарысу демалыс аймағында орналасқан. Бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта мұндай демалыс орындарына сұраныс өте үлкен. Ыстамбұл шаһарында осындай 3 жағажай бар.
Сұрақ: Мен сіздердің соңғы бір мақалаларыңызды оқыған едім. Бір адамды ілім алуға тұрарлық ғалым деу үшін қандай талаптар заңдастырылған? Иснад (ілімді жеткізушілердің тізбегі) сол талаптардың бірі болып саналады ма? Бұған шариғат қайнар көздерінде, яғни Құран мен Сүннетте қандай дәлелдер келген? Байқағанымдай, біреуді мужтахид деп атау үшін иснадты ғалымдар керек шарт деп есептей бермейді. Өз бетіңше ілім алып, мужтахид болуға бола ма?
Жауап: Сіздің сұрағыңыз екі бөлімнен тұрады: біріншісі – Ислам іліміндегі тізбектің маңыздылығы (иснад), ал екіншісі – білікті ұстаздан ілім алуға қатысты. Мен сіздің осы екі бірдей сұрағыңызға Құран мен Сүннет және ғалымдардың сөзімен жауап беруге тырысамын.
Иснад (ілім жеткізушілердің тізбегі)
Ұлы Алла Тағала біздің мырзамыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметін бізге дейінгі өзге қауымдарға бермеген көптеген ерекшеліктер арқылы беделін үстем еткен.
Осындай нығыметтің бірі – ең озық әрі бірегей ерекшелік, атап айтқанда – әр түрлі Ислами ілімдерді жеткізудегі тізбектің (иснад) сақталуы. Иснадты сәләф ғалымдар шариғат ілімдерінің негізі әрі алғашқы шарты деп қарастырған.
Осылайша Алла Тағала дінді, Кітабын және Сүйіктісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін әрі осы екі қайнар бұлақты дұрыс түсінуге қажетті Ислам ілімдерін сақтаймын деген уәдесін орындауда.
Алла Тағала былай дейді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (Нәжім сүресі, 3- 4 аят)
Уахи сөзі дегенде Құран мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті айтылып тұр. Себебі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз ойынан емес, Алла уахи еткен нәрселерді ғана айтады. Алла Тағала былай дейді: «Расында Құранды Біз қорғаушымыз» (Хижр сүресі, 9 аят)
Пайғамбарымыз (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) сөзімен және ісімен Алланың Кітабын түсіндіріп берген. Құранда Шариғат заңдары айқын айтылмаған, сондықтан да Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) міндеті- сол жердегі жазылғанды түсіндіріп беру болды.
Алла Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (Нахл сүресі, 44 аят)
Осылайша дінді сақтаудың тек қана Құранға емес, Сүннетке де қатысы бар. Сүннетті сахабалар түсінгендей түсіну әрі олардан білім алғандар түсінгендей түсіну.
Иснад – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінің айырықша ерекшелігі. Ешқандай да бір ұлт, дін я болмаса қоғам өздерінің діндеріндегі иснад секілді қатаң талапты шарттарымен мақтана алмайды.
Ертедегі мұсылман ғалымдар өздеріне жеткен әрбір хабарды Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен бе, әлде сахабадан жеткен бе, жоқ па деп тексеріп, талдау жасаған. Олар тізбек ішіндегі адамдардың жеке өмірлері мен қасиеттеріне дейін іздеп білетін болған.
Осылайша үммет бүгінгі таңда ешбір теңдесі жоқ «хадис жеткізушілерді зерттеу ілімінің» басқы бетімен ғана таныс болды. Тек мұсыландар ғана хадис жеткізушілердің есімдері мен туған күнін және өлген уақытын, мінез- құқына дейін жазады.
Ибн Хажар Асқаләнидің «Тахзиб әл-Кәмәл» әл-Миззи, «Тахзиб әл-Тахзиб», Захабидің «Мизан әл-Итидалі» және Ибн Хажардың «Лисан әл-Мизані» осы таңғажайып нәрсенің дәлелі бола алады. Сондай- ақ шамамен он мың сахабалардың өмірбаяндары жазылып, сақталған Ибн Садтың «Табақаты», Ибн Абдул-Барраның «Әл-Истиабы», Ибн Асирдің «Усд әл-Ғабә» және Ибн Хажардың «Әл-Исабәсы» секілді еңбектер бар.
Имам Абдуллаһ ибн Мубәрәк былай деген: «Иснад – бұл діннің бөлшегі. Егер иснад болмаса әркім қалағанын айтып жүрер еді. Біреуден (тізбексіз сөйлеушіден): «Мұны саған кім жеткізді?»,- деп сұраған кезде сасқанынан үнсіз қалады»
Және ол былай деген: «Кімде кім дінге қатысты сұрақтарды тізбексіз үйренер болса, жоғарыға баспалдақсыз шыққанмен тең».
Суфиан әс-Сәури былай айтқан: «Иснад – мұсылманның қаруы. Егер адамның қаруы болмаса, ол қалайша соғысады?»
Имам аш-Шафиғи болса: «Кімде кім хадисті тізбегіне мән берместен жаттар болса, орманда отын жинап, шырпыларын байламақ болып жатқанда арасындағы тығылып тұрған жыланды көрмей қалған адамға ұқсайды, яғни ол сенімді болсын, жалған болсын барлық хадистерді жинай береді».
Бірде Бақийә ибн Уалид бірнеше хабарды Хаммад ибн Зейдке тізбексіз жеткізеді. Мұнысына Хаммад былай деді: «Бұл хабарлар маған қанатсыз ұшып жетіпті, олай болса мен оларды қанаттары болса ғана қабылдаймын».
Ибн Таймиәбылай деген: «Иснад – Ислам мен бұл үмметтің айқын ерекшелігі. Ал мұсылмандар арасында мұнысымен Әһлі Сүннет уәл Жамағат ерекше».(Жоғарыда келтірілген дәйексөздерді шейх Әбу Ғудда өзінің «Әл- Иснад мин әд- дин» еңбегінде жазған, 18- 20 б.)
Біздің салиқалы ата- бабаларымыздың бұл сөздері мұсылмандардың алғашқы ұрпағы үшін ілім алуда иснадтың міндетті шарты болғандығын көрсетеді. Сондықтан да олар өз еңбектерінде бір сөзді келтіру үшін үш немесе төрт жолдан тұрса да тізбегіндегі адамдарды толықтай жазып шыққан.
Иснад тек Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хабарларда ғана емес, кез келген ілімде, атап айтқанда Құран түсіндірмесінде (тәпсір), әулиелердің және өзге де үмметтің тарихына қатысты хабарларда да қолданылған.
Хадистер «Сахих» Бухари, «Сахих» Муслим секілді үлкен жинақ болып жинақталғанда және өзге де ғылымға қатысты жинақтар шыққан кезде әрбір келген хабардың тізбегін көрсетіп отыру тоқтады. Тек кітап авторының я болмаса жинаққа сілтеме ретінде иснады келсе болды. Автордың иснады еңбектің ішінде келген.
Біздің күнімізде де ғалымдарымыз бүкіл әлемге хадистер мен Ислам ілімдерін осы үлкен еңбектердің авторы енетін тізбекпен таратып жүр.
Алты хадис жинақ оны құрастырыушыларға апарып тірелетін, ал олардан – Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жететін иснадпен үйретіледі. Көптеген ғалымдар ең жақсы иснад пен ижәзәға қол жеткізу үшін сапар шегіп, бел асатын.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иснадына келер болсақ, бірінші қатарда Үндістандық ғалымдар тұрады. Олар хадис жаттау іліміне аса үлкен мән береді және де әр түрлі Ислами жоғары оқу орнында (дарул - ъулум) білім алып жатқан әрбір студент маңызды хадис жинақтарының иснадын жақсы біледі. Тіпті ғалым- арабтардың өздері Үндістан мен Пәкістанға хадис шейхтарынан ижәзә мен иснад алуға келетіні белгілі.
Өзге ғылым салалары, мысалы, тәжуид, фиқһ және де басқа ғылым түрлерін араб ғалымдары көптеген еңбектерді иснадымен келтіріп, үйретеді. Сирияның және өзге елдердің беделді ғалымдары Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жейбірейілге, одан Ұлы Алла Тағалаға баратын Құранды оқу мен жаттауда иснадқа ие.
Ханафи мәзһабының үлкен еңбектері авторына және имам Әбу Ханифаға баратын өзге ғылым түрлерінің еңбектері де иснадпен үйретіледі. Өзге ғылым түрлері де осы жолмен жеткізіліп, үйретіледі.
Қорыта айтар болсақ: иснад – біздің үмметке берілген айрықша ерекшелік. Ілім іздеу мен үйрену кезінде иснад ең басты орында болған. Ғалымдар, қазыргі таңда студент білімді иснады бар ғалымнан я болмаса иснады бар адамнан ілім алған ұстаздан үйренуі қажет деп санайды. Ілім беру үшін үзілмеген иснадтың болуы міндет емес. Дегенмен, ілім алып жатқан адам өзге шейхтан ілім алған болуы қажет. Бұл жайлы жауабымыздың келесі бөлімінде толық айтып өтеміз.
Білікті ұстаздан ілім алу
Алла Тағала адам баласын хайуаннан артық етіп жаратты. Хайуандар адамдар секілді ұстазға я болмаса жаттықтырушыға мұқтаж емес. Мысалы, балық туыла сала өзі- ақ жүзіп кете береді. Оны ешкім үйретпейді. Қандай адам жаңа туған нәрестені балық секілді суға қоя береді? Тек ақымақ қана. Балыққа жүзуді үйрететін жаттықтырушы қажет емес, ал адамға жүзіп үйренуі үшін жол көрсетуші қажет екенін білеміз.
Я болмаса мысалға жаңа шыққан балапанды алайық. Жұмыртқадан шыға сала тамақты шоқи бастайды, бірақ оны ешкім бұған үйретпеген еді. Алайда жас нәрестеге тамақты қалай ішу керектігін үйретпесе, білмейді.
Бұл- адамдары оларға ұстаздың тәжірибелік ілімі мен жөн көрсетуі қажет етіп жаратқан Алланың әмірі. Туыла салғаннан өмірдің небір қилы жолдарында әркімге болсын үйретуші мен жол көрсетуші қажет.
Бірауыздан келісілген пікірлер бойынша мына өмірде адамды ұстазсыз және жол көрсетушісіз ешқандай ғылыммен жаулап ала алмайды. Егер ұстазың болмаса, ешқандай салада да білім ала алмайсың.
Мысалға медицина ғылымын алайық. Егер біреу медициналық кітаптарды үйінде отырып оқып алып, дәрігер болатын болса, онда ол адамды есі дұрыс деп айтпасы анық. Ал егер осы адам бір науқасқа операция жасап немесе адамдарды емдейтін болса, оның емдеген адамдарын тек зираттан ғана табуға болатын жағдайға ұшырайды.
Тіпті ол адам сондай епті әрі дарынды болса да, жол көрсетушінің басшылығы әбден қажет. Мысалы ол медициналық кітаптарды түсініп, небір терминдерді білуі мүмкін, алайда ол толық медициналық ілімді ұстаздың басшылығымен меңгеріп шықпайынша оны оташылық қызметке қабылдамайды. Ешқандай да басшылық пен қызмет орындары өз бетімен ілім алған адамды тәжірибеден өткізуге де қабылдамайды. Себебі ол адам қажетті ілімді толық алған жоқ.
Сол секілді, жер бетіндегі кез келген ілімді меңгеру үшін ұстаз міндетті түрде қажет. Егер сіз заңгерлік мектептен, білікті заңгер маманынан ілім алмаған болсаңыз, сізді ешкім заңгерлік тәжірибеден өткізу үшін жұмысқа қабылдамайды.
Үлкен мамандықтарды былай қойғанда тіпті аспаздық өнерді де тек кітабын оқып алып үйреніп кету мүмкін емес. Әр түрлі тағам түрлеріне арналған небір еңбектер жазылғанымен егер адам өмірінде тамақ әзірлеп көрмеген бола тұрып, үлгіге қарап жасар болса, не шығатыны айтпаса да түсінікті.
Адам ұстазсыз тек кітаптан ілім ала алмайды, өйткені табиғаты солай. Кез келген адамға әрбір қадамында жәрдем беретін және де қателіктерден қорғайтын тәжірибелі ұстаз қажет. Бұл заңдылық әрбір ғылым түріне қатысты: өнерге және қол өнерге, рухани және діни ғылым болсын бәрібір. Ешкім кәсіби ұстазы я болмаса жол көрсетушісі болмастан рухани ілім ала алмайды.
Кітап пен Жазбалардың сыры оны түсіндіру үшін Алла Тағала Пайғамбарын жіберген кезде ғана ашылады. Алла Тағала ешқандай Кітап я Жазба түсірместен Пайғамбарын ғана жіберген мысалдар өте көп. Бірақ Пайғамбарсыз Кітап ешқашан түскен емес.
Мұның қарапайым ғана себебі – егер Кітап өзі ғана келер болса, адам баласы Пайғамбарсыз оның мағынасын түсіне алмайтын еді. Егер Алла қаласа, Ол Кітаптың тек өзін ғана түсірер еді. Кез келген адам кітапты өз үйінде тауып алып, «Осыған бағыныңдар» деген дауыс естір еді. Алайда Жаратушы Алла Тағала жаратылысын жақсы білгендіктен кітаптың мазмұнын сөзімен әрі ісімен түсіндіріп беретін жол көрсетуішісімен қосып жіберген.
Алла Тағала мұны төмендегі аятпен түсіндерген: «Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді»4.
Сондай- ақ: «Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» 5.
Осылайша Алланың әмірі адамзат үшін екі түрлі тәсілді сақтаған. Бірі – Кітабы арқылы, екіншісі болса, Пайғамбарлары мен сахабалары арқылы. Осылайша екі жол: Алланың Кітабы да, Алла жіберген пенделер де тура жолға бастауда ең қажеттілер болып табылады. Егер осының біріне ғана сүйенер болса, сөзсіз жолдан таяды.
Осыған орай, төменде усулдағы үлкен ғалым имам әш- Шатыбидің «Әл- Мууафақат» атты трактатында осы сұрақ бойынша айтқан сөзін келтіреміз:
«Ілім алудың ең жақсы әрі тиімді тәсілі ілімді сол ғылым саласының маманынан алу болып табылады. Сұрақтар туып, түсіндіруді талап етіп тұратын ілімді ұстаздан ғана алу қажет. Ұстазсыз ілім алу мүмкін емес, сондықтан да ұстаз- ілім алудағы ең бірінші қадам болып табылады». Бұған ғалымдар да бір ауыздан келіскен
Ғалымдар былай деген «Рухани ілім пенделік жүректе болған, осыдан соң кітаптарға көшті, ал ол кітаптардың кілті ғалымдардың қолында». Бұл жерде ілімді сол ілім иелерінен алудың маңыздылығы айтылып тұр.
Бұл Алла Тағала ілімді адамдарға ұмыттыру арқылы алмайды, ғалымдарды алу арқылы алады деген хадиске негізделіп айтылған. Жер бетінде ілім иелері қалмаған кезде адамдар надан бола бастайды. Олардан дін жайлы сұраған кезде олар ешқандай ілімсіз сөйлейтін болады. Олар өздері де жолдан тайып, өзгелерді де адастырады. (Сахих Бұхари). Осылайша, ғалымдар күмәнсіз ілімдердің кілті болып табылады.»6.
Имам әш-Шатыби төменде тәжірибелі әрі жетік ұстаздаң үш түрлі белгісі мен қырын айтып өтеді:
1) Үйреткен ілімі амалында көрінеді.
2) Өзі білікті ұстаздан ілім алған болады.
3) Оның шәкірттері алған ілімдерімен жүріп, оны үзбестен алып отырады. Егер шәкірттер оның артынан ермейтін болса, ұстазда кінәрат бар деген сөз7.
Ұстаздан ілім алуда үлкен даналық пен береке бар. Мәтінді шынайы түрде түсіну, оларды дұрыс тәпсірлеу, терминдерді дұрыс түсіну, туған сұрақтарға тиісінше жауап алып, оны тәжірибеде қолдану және де береке мен тура жолда болу – осындай нығымет пен берекеге шәкірт шәкірт- ұстаз деген қастерлі ұғымды өмірінде қолдана бастағанда ғана кенеледі.
Қорыта айтар болсақ: кез келген адам білімді, тақуалығы бар, даналығы бар және де сондай қасиеттерге ие ғалымдардан сабақ алған ғалымнан ілім алуы қажет. Бұл деген сөз кітапты басшылыққа алған жан оны үйрететін ғалымды табуы қажет деген сөз емес. Ол адамға жақсы ұстазбен сол ғылымға қатысты терминдер болсын, басқа сұрақтар болсын меңгеруі қажет. Осыдан соң барып қана шәкірт ол кітапты өз бетінше, алайда түсініксіз жерлерін ұстаздан сұрай отыра оқи алады
Алла жақсы Білуші.
1. «Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар; 53:3-4.
2. «Хиджр» сүресі, 9 аят; 15:9.
3. «Нәхл» сүресі, 44 аят; 16:44.
4. «Әл- Имран» сүресі, 164 аят; 3:164.
5. «Нәхл» сүресі, 44 аят; 16:44.
6. Әл-Мууафақат.
7. Сол жерде.

Мәзһабпен жүрмейтіндер өзгелерді мәзһаб ұстаудан тайдыру үшін дәлел ретінде төрт имамның бірінің сөзі болып табылатын, олардың пікірлері сенімді хадиске қайшы келер болса, ол пікірден бас тарту керек деген сөзін пайдаланады.
Өкінішке орай, ешбір қарапайым мұсылман да, тіпті бүлік шығарушылардың өздері де имамдардың бұл сөзінің астарын әрі бұл сөздердің кімге қаратылып айтылғанын түсінбейді. Сонда кез келген адам Шариғат негіздерінен еш хабары болмастан, кез келген хадис жинағын ашып, кез келген хадиске амал етіп кете беруіне болады деген нәрсе шығады. Әрі ол хадистің күші жойылған ба, жоқ па, жалпы сипатқа ма, әлде жалқы сипатқа ие ме, осы мәселеде басқа да хадистер келген бе деп қарап, ізденбейді де. Олай болса ижтихад жасаушы имамдар мен қарапайым мұсылманның не айырмашылығы бар? Исламның әт- Тахауи, Ибн Сурейж, әл- Қудури, әс- Сархаси, әл- Жуәйни, әл- Ғазали, ән- Науауи және басқа да ғалымдар өздерін осы төрт мәзһабтың бірін ұстанушылардан санаған. Алайда оларда ұшан- теңіз ілім бар еді. Ал олардың еңбектерін бүкіл Ислам әлемі әлі күнге дейін оқып келеді. Оларда хадис жинақтары болмады дейсіздер ме? Әлде олардың ілімі біздің заманауи ғалымдарымыздан таяздау болғаны ма?
Бұған жауап ретінде имам Науауидің сөзін келтіруге болады: «Бұл сөздің мағынасы- әр хадисті тура мағынасында түсіну Шафиғи мәзһабында бар дегенді білдірмейді. Олай болатын болса, уақытша некеге Шафиғи мәзһабы рұқсат береді дейді, себебі бұл жайлы хадис Бұхарида келген. Уақытша неке жайлы хадис расымен де сенімді, алайда күшін жойған (мансух). Бұл мәселе, яғни сөздер «мәзһаб мужтахиды» (мәзһаб мужтахиды – қайнар көзге қарап, усулға негіздей отырып, яғни өзі ұстанатын мәзһабтың имамының шешім шығару тәсіліне сүйене отырып өз бетінше шешім шығара алатын ғалым) дәрежесіне жеткен адамға арналған. Бұл жердегі шарт- әлгі ғалым имам Шафиғи бұл хадисті білмеген я болмаса сенімділігі жайлы хабары болмаған деп есептеуі қажет. Ал оны нақтылау үшін шафиғилік кітаптардың барлығын дәлелімен меңгергеннен соң ғана білуге болады. Бұл өте қиын және оны анықтайтын дәрежеге ешкім жете қойған жоқ. Егер имам Шафиғи кейбір сенімді хадистерді қалдырған болса және оған амал етпеген болса, оған себеп болған нәрсенің бары белгілі. Мысалы, бір хадистің күші жойылған, я болмаса тур мағынасын алуға болмауы мүмкін. Ибн Саләх былай деген: «Шафиғи әрбір сенімді хадиске тікелей амал етпеу керектігін айтқан. Және де кез келген фақиһ өздігінше шешім шығара алатын дәрежеге жетпеген». («Әл-Маджмуу ли Имами ан-Нәуәуи», 1/104–105 қараңыз).
Осы сөздерден біздің түсінетініміз, Имам Науауи хадисті өз бетінше түсініп, амал етуі үшін ол адамға екі түрлі шарт қояды:
1. Ол мәзһаб мужтахиды болуы керек. Егер адам ижтихад жасай алатын дәрежеге жетпеген болса, шешім шығаруда хадистерге өз бетінше сүйенетін болады. Яғни оның шығарған кез келген шешімі қате деген сөз. Бұл күнә, себебі ол шамасы келмейтін істі атқарып отыр. Ал «мужтахид дұрыс айтса – екі, қателессе – бір сауап алады» деген хадистің оған қатысы жоқ.
2. Ол мәзһабтың имамы бұл хадисті білмегендігіне я болмаса оның сенімділігін білмегендігіне сенімді болуы тиіс. Ал оны тек сол мәзһабтың еңбектерін толықтай қарап шыққаннан соң ғана, әсіресе мәзһабтың дәлелдерін қарап шыққаннан соң ғана барып біле алады. Ал біздің күнімізде өзге мәзһаб тұрмақ, өзіміздің бастама еңбектерді меңгере алмай жатырмыз! Ондай болса, өзге мәзһаб еңбектері жайлы сөз қозғаудың қажеті шамалы.
Сонымен, мәзһабтарды жоққа шығару – сәләф- солихтардың жолын терістеу және де дінге надани жаңалық енгізу екендігін білдік. Сириялық заманауи ғалым Мұхаммад Саийд Рамазан әл- Бути былай деген: «Мәзһабсыздық – Шариғатқа қауіп төндіретін надандық». Алла Тағала бізді және жақындарымызды бүліктен сақтасын.
Абу Али аль-Ашари
___________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру

Алау Әділбаев
Әбу Ханифаның ұстаздарын тану оның ғасырлар бойы нұр шашып, көңілдерді шуаққа бөлеген ілімінің қайнарларының бастауының қайда жатқанын көрсетеді. Бұл жайында өзі: «Мен ілім мен фиқһтың қайнаған ортасында өстім. Ғұламалармен бірге жүріп-тұрдым. Фиқһта ең білгір деген ғалымнан білім алдым» деген. Әбу Ханифаның бұл сөзі оның нағыз ілім ордасында өскенін көрсетеді. Көптеген ғалымдармен жолығып, белгілі бір салада тереңдеп, танымал болғандарынан сабақ алған. Солардың арасында Ирактағы фиқһ саласының көрнекті ұстаздарының бірі Хаммад ибн Әбу Сүлейменге шәкірт болып, одан ілім үйренген. Әрине, ол Хаммадтан ғана сабақ алумен шектелмеген.
Тарихул-Бағдат кітабында Әбу Ханифаның кімнен ілім алғандығы жайында былай делінген: «Әбу Ханифа бір күні Халифа Мансұрдың жанына барады. Халифаның жанында Иса ибн Муса да бар еді. Бұл тақуа, сопы ғалым Иса ибн Мұса халифа Мансұрға бүгінгі әлемнің бірегей ғалымы осы деп Имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетті. Сонда Мансұр:
– Ей, Нұғман, ілімді кімнен үйрендің? – дегенде Әбу Ханифа:
– Хазірет Омардан білім алғандар арқылы Омардың, хазірет Алиден сабақ алғандар арқылы Алидің, Абдуллаһ ибн Масғудтан ілім үйренгендер арқылы Абдуллаһ ибн Масғудтың білім кәусарынан сусындадым. Иә, өз кезеңінде Ибн Аббастан асқан ғалым жоқ еді, – дейді. Осыны естіген Мансұр:
– Сен өте дұрыс істеген екенсің, білімді түп-тамырынан алған екенсің», – деп мақтайды. Осы жерден байқағанымыздай, Әбу Ханифа ілімінің бастауын ілім мен фиқһы жағынан танымал осы төрт сахабаға апарып негіздейді. Шынында да, Әбу Ханифа мен оның мәзһабының ілімінің қайнар бұлағы Пайғамбарымыз (с.а.с.) жарық дүниеден өткеннен кейін Куфаға қоныс аударған Али ибн Әбу Тәліп пен Абдуллаһ ибн Мәсғуд еді. Осы сахабалардан ілім алған Мәсрук ибн Әжда (қ. 63 һ.ж.), Алқама ибн Қайс (қ. 62 һ.ж.) және Шурәйх ибн әл-Харистан (қ. 80 ж) Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (қ. 104 ж.) мен Ибраһим ән-Нахаи (қ. 96 ж) сабақ алған. Олардан Хаммад ибн Әбу Сүлеймен (қ. 120 ж.) арқылы Әбу Ханифа ілім үйренген. Сонымен қатар, Абдуллах ибн Аббастың құлы Икрима (қ. 105 һ.ж.) мен Абдуллаһ ибн Омардың азат етілген құлы Нафи (қ. 117 һ.ж.) арқылы осы екі аты аталған сахбалардың ілімдерінен сусындаған. Меккенің фақихы Ата ибн Рабахтан (қ. 114 һ.ж.) ұзақ жылдар бойы сабақ алған.
Олай болса, Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадпен бірге басқа да фиқһ және хадис ұстаздарынан сабақ алуды тоқтатпаған. Кейбір кітаптарда ұстаздарының саны төрт мың деп беріледі. Әрине, мұнда біраз әсірелеу бар екені байқалады, дегенмен, бұл оның бір ғана ұстаздан сабақ алмағанын көрсетеді.
Әбу Ханифаның ұзақ жылдар бойы дәріс алған ең негізгі ұстазы Хаммадқа тоқталмастан бұрын ғылыми танымының қалыптасуында ерекше рол ойнаған Куфа медресесінің негізін қалауға себеп болған сахабалар мен табиғиндарға аз-кем тоқтала кеткен жөн.
Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи. Пайғамбарымыз әлі суішкілігі таусыла қоймаған кезде дүниеге келген, әйгілі сахабалардың ілім каусарынан сусындап, Куфа мектебінің негізін қалаған табиғиндардың бірі Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи (қ. 62/681). Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Ілімнің қақпасы» деген марапатына бөленген, өзінің ұрпағын жалғастырушы әзірет Алиден нәр алған. Төрт халифамен қатар жүздеген сахабадан хадис риуаят еткен Алқама Ибн Мәсғудпен Куфада бірге өмір сүріп, одан сабақ алған. Өз кезегінде Әбу Ханифа Әузағимен Меккеде кездесіп, бір мәселенің шешіміне қатысты өзінің келтірген дәлелінің де негізсіз емес екенін көрсету үшін «Хаммад Зухриден, Ибрахим Сәлімнен, ал Алқама сахаба болмаса да Ибн Омардан деңгейі төмен емес» деген кезде, Әузәғи оның уәжіне жығылған. Мәсруқ ибн Әждә. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниемен қош айтыспай тұрып Йеменде Ислам дініне өткен Мәсруқ ибн Әждә Хамадани (қ. 63/682) Әбу Бәкірдің халифалығы тұсында Мәдинаға келген. Әбу Бәкірдің артында тұрып намаз оқыған, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Али, Муаз ибн Жәбәл (Бәрінен де Аллаһ разы болғай!) секілді сахабалардан ілім үйренген. Айша анамыз да оған ерекше құрмет көрсеткен. Кейін Куфаға қоныс аударып, Ибн Мәсғудтан сабақ алған. Тақуалығымен қатар ілімге деген құштарлығымен де ерекшеленген тұлға еді. Біраз уақыт қазылық міндетін де атқарған Мәсруқ жайлы «Қады Шурәйхтан да білгір ғалым еді» делінген.
Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (104/722). Шағби Омар ибн Хаттабтың кезінде дүниеге келген. Абдуллах ибн Мәсғудпен бірге тілдік мәселелерді көп талқылаған оның ең фақих шәкірті еді. Тіпті табиғин болғанына қарамастан сахабалардың арасында отырғанда адамдардың оған сауал қоюы білімінің қай деңгейде болғандығынан хабар береді. Соған қарамастан ол әр мәселеде пікірін білдіруден сақтанып, кейде «оны Ибраһим ән-Нахаиден сұраңдар» дейтін. Әбу Ханифаның түбегейлі ғылымға бет бұруына әсер еткен осы Шағби еді.
Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи (қ. 95/714). Ибраһим ән-Нахаи – имам, хадис хафызы, өз кезеңінде күллі Ирак аймағының ең білгір фақихы еді. Сахабаларды көзі көрген, бірақ, олардан хадис риуаят етпеген.
Ханафи фиқһының қалыптасуында оның орны бір төбе. Шах Уәлиуллах Дыхләуидің «Ханафи фиқһының қайнар көзі» деп атаған Ибраһим ән-Нәхәи Әбу Ханифаның ұстазы Хаммадтың көзқарасы мен ғылыми әдісінің қалыптасуына ең үлкен ықпал жасаған ғалымдардың бірі. Әбу Ханифаның шәкірттерінің еңбектеріне үңілгенде ханафи мәзһабының пәтуаларының көпшілігінің Ибрахимнің хадистері мен пікірлеріне негізделгені байқалады.
Икрима (қ. 105 ж). Икрима Абдуллаһ ибн Аббастың ілімін бойына сіңірген мәуласы (азат етілген құлы), фиқһ ғалымы. Ұстазы Ибн Аббас оның білімінің кемеліне келгенін көргенде: «Бар, халыққа пәтуа айт!» деген. Бір күні Саид ибн Жабирге: «Сенен асқан білімді кім бар?» деп сұрағанда ол: «Икрима» деп жауап берген екен. Икрима қайтыс болғанда халық ол жайлы: «Ең фақиһ ғалымымыз дүниеден өтті» деп қайғырып, қара жамылған болатын. Ал әл-Уақиди оны «Мекке мүфтиі» деп атаған.
Әбу Абдуллах Нафи. Нафи (қ. 117) Абдуллаһ ибн Омардың ілімін өз бойына жинаған оның мәуласы, табиғин ғалымы. Көптеген сахабаның көзін көріп, олардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбарак хадистерін жеткізген, дінді терең меңгерген имам еді. Хадис ілімінде оның сенімділігі мен дәрежесінің жоғарылығын ғұламалар бірауыздан мойындаған. Тіпті, имам Бұхари мен имам Мәлік Ибн Омардан Нафи арқылы жеткен тізбекті ең сенімді деп қабылдаған. Әбу Ханифаның «Муснадындағы» (хадис жинағы) хадистердің көпшілігі имам Нафи арқылы келіп жеткен.
Ата ибн Әбу Рабах. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ардақты сахабаларының бірі, Құран білгірі Абдуллаһ ибн Аббастың ілімінен сусындап өскен белгілі табиғин ғұламаларынан. Тарихи дереккөздерде имам Ағзамның елу бес рет Меккеге қажылыққа барғандығы айтылған. Әрине, мұнда әсірелеу болғанымен, бұл оның өмірінде қажылыққа жиі барғандығын көрсетеді. Әбу Ханифа Меккеге әр сапарында Ата ибн Әбу Рабахпен жолығып тұратын. Ілімінің тереңдігі мен тақуалығына тәнті болған Әбу Ханифа «Атадан артық адам көрген емеспін» деген.
Мәлік ибн Әнас. Имам Мәлік ибн Әнас – мәлікия мәзһабының құрушысы, ең алғаш жинақталып, хадисшілердің сенімінен шығып, жоғары бағаланған «Муатта» атты хадис кітабын жинастырған ғалым. Оның хадис ілімінде, Құран мен хадистерден үкім шығарудағы білгірлігін замандас ғұламалары түгел мойындаған.
Ол қажылық уақытында Имам Мәлікпен фиқһ мәселелерін талқылап, пікір таластыратын, тәжірибе алмасатын. Осы алып имам Әбу Ханифаның білгірлігіне таң қалып: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахих хадистерін толық білуде және оны түсіндіруде имам Ағзам Әбу Ханифадан артық жанды кездестірмедім»деген екен.
Куфалық Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари фиқһ ілімін хазірет Али (р.а) мен Абдуллаһ ибн Масғудтан (р.а.) үйренген табиғин ғалымы. Әбу Ханифаның фиқһ ілімін жақсы көріп, сол ілімге терең бойлауына ықпал жасаған ең негізгі тұлға. Оның әкесі әйгілі сахаба Әбу Муса әл-Әшғаридың мәуласы (азат етілген құлы) еді. Куфада туып-өсіп, Ибрахим ән-Нахаиден фиқһ ілімін үйренді. Оның көзқарастарын терең меңгергендердің әрі Куфа фиқһына райды кіргізгендердің алғашқыларының бірі еді. Тек Нахаиден ғана емес, сонымен қатар, заманының хадис ғалымы Шағбидан да фиқһ ілімін үйренді. Сахаба Әнәс ибн Мәліктен хадис тыңдап, одан хадис риуаят еткен. Омар ибн Хаттабтың мәуләсы Абдуррахман ибн Сағыд, Ибн Аббастың мәуласы Икримадан және т.б. табиғиндардан хадис риуаят еткен.
Хаммад Ибрахим ән-Нәхәидан дәріс оқып, оның фиқһын ең жақсы меңгергендердің бірі еді. Ұстазы Ибрахим ол жайлы өзіне келген Мұғираға «Оның етегіне мықтап жармасыңдар. Былайғы жұрттың ішінен маған ең көп сауал қойған сол» десе, өзінен кейін кімнен пәтуа сұрау керек дегендерге «Хаммадтан» деп жауап берген.
Хаммад ибн Әбу Сүлеймен ұстазы жарық дүниемен қош айтысқан кезден бастап (96/714) Куфа мешітіндегі фиқһ дәріс алқасына ұстаздыққа өтеді. Ол осы мешітте табаны күректей жиырма төрт жыл ұстаздық етсе, оның сабақтарына ең ұзақ қатысқан талантты да, алғыр шәкірті Әбу Ханифа еді. Хаммад ибн Әбу Сүлейменнен фиқһ ілімін жиырма екі жасынан қырыққа келгенге дейін оқып, он сегіз жыл сабақ алған. Ұстазы Хаммад қайтыс болғанға дейін (120 ж.) одан сабақ алуды тоқтатпаған.
Қорытындылай келе, Әбу Ханифаның ілім алған ұстаздарының силсиләсін (тізбегін) төмендегідей беруге болады:
Али ибн Әбу Тәліп (40/660) |
Абдұллаһ ибн Мәсғуд (32/652) |
||
↑ | ↑ | ↑ | ↑ |
Әлқама ибн Қайс (62/681) |
Мәсруқ ибн әл-Әждә (63/682) |
Шурәйх ибн әл-Харис (78/697) |
Әсуәд ибн Язид (95/714) |
↑ | ↑ | ||
Ибрахим ән-Нәхәий (95/714) |
Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (104/722) |
||
↑ |
|||
Хаммад ибн Әбу Сүләйман (120/738) |
|||
↑ |
|||
Әбу Ханифа (80-150/699-767) |