Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 12 Сентябрь 2014 00:00

Имамдармен кездесу

«Марал ишан» мешітінде, үстіміздегі жылдың 11-ші қыркүйегінде облысқа қарасты барлық мешіт имамдарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста қаралған мәселелер - «Дін мен дәстүр» аясында жұмыстарды жалғастыру және Құрбан айтына кеңінен дайындықтар жүргізу. Айта кетер болсақ: Ұлттық салт-дәстүрмен ойын-сауықтар, ұлттық құндылықтардың жәрмеңкесін, айт күндері ғибратты кештер, аз қамтылған отбасылар мен жетім-жесірлерге қайырымдылық іс-шаралар, «Құрбан айт құтты болсын!» атты мерекелік акциялар, БАҚ арқылы Құрбан айт жайында мақала мен хабарлар өткізу, сонымен қатар, ағымдағы жұмыстар жайлы да кеңінен тоқталып өтті.

Имам-молдалар барлық айтылған ескертулер мен ұсынылған іс-шараларды құптап, орындауға келісімдерін берді. Игі қадамдарына нұр жаусын!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

img12092014 01

img12092014 02

Четверг, 11 Сентябрь 2014 00:00

Офицерлермен жүздесті

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам жақында Қостанай шаһарындағы шекара әскері аймақтық басқармасында болды.

Онда жиналған қауымның алдында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгімеледі. Ол өзіне тән шешендікпен қозғалып отырған мәселеге жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ, қатысушылардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап берді.

Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да осындай өзекті тақырыптармен түрлі ұйымдар мен мекемелерде болып кездесулер өткізбек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы

өкілдігінің баспасөз қызметі

img11092014 01

img11092014 02

Среда, 10 Сентябрь 2014 00:00

Жамағат футбол ойнады

Қостанай аудандық Маңдай батыр мешіті «Затоболец» стадионында жамағат арасында шағын футболдан жарыс өткізді.

«Спорт – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Дені сау құлдың құлшылыққа деген құлшынысы бекем. «Әлсіз мұсылманға қарағанда әлді (денсаулығы мығым) мұсылман Аллаға анағұрлым ұнамды» екені Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де анық айтылған.

Футбол жарысына төрт команда қатысты. Яғни, облыстық Марал Ишан мешіті мен Маңдай батыр мешітінен бөлек, затоболдық жамағаттан құралған тағы екі команда күш сынасты. Тартысты өткен алғашқы ойында екі мешіттің ұжымы 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін де сайыс қызығы аз болған жоқ. Дода көрігін қыздыруға ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен Марал Ишан мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов та араласты. Бірінен-бірі асқан командалар тартысы «Достық жеңді!» деген ұранмен тәмамдалды. Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлының айтуынша, енді мешіт жамағаты аптаның әр сәрсенбісінде осылай ойын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ.

Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ

img10092014 01

img10092014 02

img10092014 03

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты жоғары білімді дін мамандарын даярлайтын Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-Египет университетіне бөлек, орта білімді дін мамандарын даярлайтын 9 медресе және имамдардың білімін жетілдіру ислам институты бар.

Сонымен қатар 2 қарилар орталығы да жұмыс жасауда. Шәкірттер қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, оқу соңына дейін «Ижаза», яғни Құранды жаттағаны жайында анықтама алып шығады. «Нұр» Қазақ-Египет университетіне мемлекет тарапынан 150 грант бөлінген. Осы жылы университеттің 1 курсына жалпы 210 шәкірт қабылданыпты. Олардың 162-сі ер, 48-і қыз бала. Ал өткен жылы университетті 48 түлек бітіріп шықты. Жалпы алғанда 2001 жылдан бері аталған оқу орнын 357 түлек тәмамдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресеге 2013-2014 жаңа оқу жылына І курсқа 398 шәкірт қабылдаған. Оның 303-і ер, 95-сі қыз бала. Ал жазғы сауат ашу курстары мен лагерьлерде республика аумағынан 9880 шәкірт білім алған. Еліміздегі уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру мақсатында арнайы стратегиялық даму бағдарламасы әзірленіп, сол бойынша ауқымды шаралар атқарылуда дейді ҚМБД мамандары. Діни басқарманың алға қойған бағыттарының бірі жаһандық сипат алып отырған жат ағымдар мен деструктивті топтардың алдын алып, халықты соңынан жетелей алатын заманауи дін қызметкерінің тұлғасын қалыптастыру. Осы тұрғыда арнайы жұмыс жоспары түзіліп, құрамында білікті дін ғалымдары, психолог, заңгер, әлеуметтанушы, дінтанушы мамандары бар ҚМДБ-ның біліктілік арттыру тобы, өңірлердегі имам-молдалардың уағыз айту біліктілігін көтеріп, білімін жетілдіруге бағытталған 7-10 күндік, 1айлық семинарлар ұйымдастырылған.

Соңғы бес жылда үкімет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған іс-шаралардың негізінде елдегі жетім балалардың қарасы айтарлықтай азайды. Нақтырақ айтқанда, жетім балалар саны 8812 балаға азайды. Ал балалар үйіндегі бүлдіршендер саны 5237-ге азайғанын айта кету керек. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы Зәбира Оразалиева ханым хабардар етті. Сондай-ақ, аталмыш комитет төрайымының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 33 мың 680 жетім бала бар. Олардың 21856-сын еліміздің азаматтары өз қамқорлығына алған. Төрайым 9879 баланың мемлекет қамқорлығына алынғанын жеткізді. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, жетім баланы асырап алғысы келетін ҚР азаматтарына 75 бір айлық есептік көрсеткіште, яғни, 148650 теңге беріледі.

Палестина билігі әлем қауымдастығына үндеу тастады. Яғни, Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін 7,8 млрд доллар мөлшерінде көмек қажет. Бұл жайында Ynet ақпарат көзі хабар таратты. Палестина мемлекетінің экономика министрі Мұхаммед Штайехтің айтуынша, «Мызғымайтын жартас» әскери жорықтан кейін ең алдымен анклавта тұрғын үйлер мен электрстанцияларын қалпына келтіру керек. Осы аралықта палестиналықтар Иордан өзенінің батыс жағалауында израилдік келімсектердің 400 гектар жерге үй салуына қарсы наразылық акциясын өткізді. Акция кезінде шеруге шыққандар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс орын алды. Израилдік полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ бен дубинка қолданды. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды.

Ислам дінінде адамның ешкімге қолмен ұрып соғу арқылы, не тілмен балағаттап жаман сөз айту арқылы зиян тигізуіне болмайды. Мүмін – ол өз сөзінде тұратын адам, одан ешкімге зиян тимейді және өзгелер оның жанында тек тыныштық пен қауіпсіздік сезінеді.

Өзге иман келтіргендерге зиян тигізудің күнә екені жайында көп әңгіме айтылған болар,  сондықтан біз Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің күнәсі жайында сөз қозғамақпыз. Өкінішке орай көптеген мұсылмандар Аллаға жақын болғандарға жала жабуда.

Алланың сүйіктілері – Аллаға жақын болып, Оны танып, өзгелерден қарағанда  Алланы жиі зікір етіп, барлық істерінде Оған ғана тәуекел еткен адамдар. Алла Тағала Өзінің сүйіктілері жайында былай деген:

أَلا إِنَّ أَوْلِيَاء اللَّهِ لاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ

Мағынасы: «Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» (Жүніс 62 аят). Сондай-ақ Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ

Мағынасы: «Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет»(әл-Кәхф, 28 аят). Бұл аят асхабу-суффа деген кедей сахабалар жайында түскен, олар үнемі мешітте болып, ғибадатпен айналысқан адамдар.

Имам Ғазалидің «Ихъя»  кітабында, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  мына сөздері жазылған:

أولياء أمتي أنبياء من دونهم

Мағынасы: «Алла Тағаланың менің үмметімдегі сүйіктілері, басқа үметтердегі пайғамбарлар (әлейһим сәләм) іспетті». Әрине бұл тура мағынада болмаса да, Алла Тағаланың сүйіктілерінің дәрежесін көрсетеді.

Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің  күнәсі

Әбу Хурәйра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:

من آذى لي وليا فقد آذنته بالحرب

Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен  соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).

Бұл хадистің екі негізгі кезеңі бар:

1) Алла Өз сүйіктілеріне жасалған зиянды Өзіне жасалған зиян деп айтады, әрине Аллаға ешкім зиян тигізе алмайды, Ол барлық кемшіліктен пәк. Алайда, Алла осындай теңеу арқылы Өзінің сүйіктілерінің дәрежесін өсіріп, Өзінің оларға деген махаббатын көрсетті.

2) Алла тағала Оның сүйіктілеріне зиян келтіргендерге жеке Өзі соғыс жариялады, әр мұсылман адам тәубе етпеген жағдайда, Алла Тағаланың қаһары мен жазасынан ешкім құтыла алмайды.

Бұл Оның сүйіктілеріне қандай да бір зиян тигізуге болмайтындығының дәлелі. Сахих хадиске құлақ аспаған адам, үлкен қайғы мен шығынға душар болмақ.

Алланың сүйіктілеріне өшпенділік

Біз Алланың сүйіктілеріне бір ғана зиян тигізгендерді не күтіп тұрғаны жайлы сөз қозғап  хадис келтірдік. Ал оларға әрдайым өшігіп, үнемі зиян тигізіп, жала жауып, оларға қарсы жаман пиғылда болатындармен не болмақ?!

Анас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:

من عادى لي وليا فقد بارزني بالحرب

Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).  Бұл хадисте де барлығы өте  түсінікті жазылған. Осыдан кейін тақуаларға өшігіп, зиян тигізуге бола ма екен? Сонда Алла Тағаланың жазасынан және Оның қаһарынан ешкімде қорқыныш сезімінің болмағаны ма?

Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінген:

من أهان لي وليا فقد بارزني بالمحاربة

Мағынасы: «Менің сүйіктімді балағаттау арқылы Мені балағаттағанға, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).

Бұл үш хадис ескерту ретінде айтылған, демек,  бір адам Алланың сүйіктісін балағаттаса, Алла ол адамға өштенеді,  егер оны жарақаттаса, Алланың ашуы артады, ал егер онымен соғысса, Алланың сол адамға қаһары шексіз болады.

Кейбір мұсылман топтары өздерінің сауатсыздықтары себебінен тақуаларға жала жауып, олардың абыройын төккісі келеді, олар бұл адасқан жолды тастап тәубеге келу керек. Адам бұл өмірде тірі кезінде тәубе етуге мүмкіндігі бар, ал өлім келе қалса, артқа шегінер жолы болмай, істеген істеріне жауап беруіне тура келеді.

Ибн Хаджар әл-Хайтами (Алла оны рахым етсін) былай деп жазады: «Бұл  ауыр күнә болып табылады, өйткені Алла ауыр деп танылмаған  күнәға соғыс жарияламас еді. Алла күнәнің екі түріне: ысырапшылық пен Алланың сүйіктілеріне өшпенділік үшін соғыс жариялады» (аз-Зәуәджир, 1 том, 161б.).

Алла Тағала баршамызды Алланың сүйіктілерімен өштескен мұсылман топтарына қосылудан сақтасын!

Шамиль Зурпуканов

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Ислам.ру

Қазақстан және Египет Араб Республикасы Қамқорлар Кеңесінің шешімімен Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетіне жаңа ректор тағайындалды. Әйгілі Әл-Азһар университетінде лауазымды қызмет атқарған доктор, профессор Жуда Әбулғани Басюни жаңа жұмысына кіріскен күні Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Дін қайраткерлері діни оқу-ағарту саласын жетілдіру туралы әңгіме өрбітті. Қабылдаудағы шағын сұхбатты жариялап отырмыз.

Бас мүфти: Қазақстанға қош келдіңіз. Жаңа жұмысыңызға береке тілеймін. Елімізде 2 мыңнан астам мешіт бар. 9 медресемізде болашақ имамдар діни  ілім алуда. Халқымыздың дархан мінез, қонақжай пейілінің, татулығымыздың арқасында еңселі ел болып қалыптастық. Тәуелсіздік алған жылдары дінімізбен қайта қауыштық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өзіңіз ректорлық қызмет атқаратын «Нұр Мүбәрак» университетін аштық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тұрған негізгі міндет – халықтың бірлігін нығайту, имандылығын арттыру, діни кадрлардың сапасын көтеру.

Ректор: Әл-Азһар шейхы атынан, кезінде өзіңіз ілім алған еңселі оқу ордасы докторлары атынан сәлем жолдаймын. Болашақта «Нұр Мүбәрак» университетінің дипломын Әл-Азһардың деңгейіне жеткізуді жоспарлап отырмын.

Бас мүфти: «Нұр Мүбәрак» университетін Орталық Азияда жетекші діни оқу орнына айналдыру қажет. Болашақ имам-молдалардың білімі мен тәжірибесі молайса, онда елімізде діни ахуал жақсарған үстіне жақсара береді. Біз үшін әрбір діни маманның орны өте үлкен. Сондықтан, шәкірттерді тек діни іліммен ғана сусындатып қоймай, заманауи біліммен де жан-жақты жетілдіруіміз керек. Оларды Отансүйгіштікке, көпшіл болуға, бейбіт өмірді уағыздаушы тұлға етіп даярлауымыз тиіс. Қазір заман талабы бізге, баршамызға көптеген игі істерді жедел атқаруды жүктеп отыр.

Көрші елдердегі қандастарымыз Қазақстанда діни білім алуға өтініш білдіріп жатыр. Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен келетін шәкірттер де бар.

Ректор: Білім саласындағы бар тәжірибемді, қабілетімді тиімді пайдалануға сенім білдіремін. Өзіңіз жақсы білесіз, Әл-Азһарда шариғат, дін негіздері, насихат факультеттері терең оқытылады. «Нұр Мүбәрак» университетін де осы деңгейге жеткізуге тырысамын. Өйткені, Мысыр елінен келетін 11 ұстазбен жеке пікірлесіп, оларды ұзақ уақыт таңдадым. Бәрі білікті, діни білім саласының майталмандары. Бәрі доктор, профессор ғылыми атағын иеленген.

Бас мүфти: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Еліміздегі мұсылмандар да дәстүрімізбен сабақтасып кеткен осы жол – ханафи мәзһабымен құлшылық етеді. Бір мәзһабты ұстану – ауызбіршілігіміздің кепілі.

Ректор: Жаңа сөзімде айтқан Қазақстанға келетін 11 доктор мен профессор ҚМДБ ұстанымына сай, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәріс жүргізеді. Құран тәпсірі, хадис түсіндірмесі, фиқһ пәндері ханафи бағытында беріледі. Өйткені, олар да осы мәзһабты ұстанатын ұстаздар. Сондықтан, бұл мәселеде түсінбеушілік болмайды деген сенімдемін. Өзіңіз айтқандай, бір мәзһабты ұстануда береке мен бірлік бар.

Бас мүфти: Алла Тағала әлемдегі мұсылмандардың ауызбіршілігін арттырғай! Тәуелсіздігіміз бен татулығымыз әрқашан баянды болсын! Әмин!

Жазып алған

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі

img05092014 01

img05092014 02

img05092014 03

Четверг, 04 Сентябрь 2014 12:20

Бағыңыз байланбасын

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником