Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

ХАНАФИ МӘЗХАБЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ

Ханафи мәзхабы мұсылман әлемінде кеңінен таралған әрі үмметтің басым көпшілігі ұстанған шариғи құқықтық мектеп болып табылады. Бұл мәзхабтың аясында, исламдағы белгілі ғалымдар мен фақиһтер жетіліп өсіп шықты. Өкінішке орай, соңғы уақытта мұсылмандардың арасында білімнің аздығы мен ықыластың төмендеуінің нәтижесінде ханафи мәзхабы жөінде теріс түсініктер қалыптасуда. Көптеген ханафиттер өз мәзхабы ғалымдарын танып білмейді, тіпті біразынан бейхабар. Сол үшін де, бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін, сіздерге осы хронологияны ұсынып отырмыз.

Төмендегі кесте, мәзһабымыздың Имамынан бастап, осы ғасырға дейінгі негізгі Ханафи фақиһтерінің аттары, туылған/өлген жылдары мен еңбектерін қамтиды. Осы кестеде біз салыстырмалы түрде атақты, үздік деген ғалымдарды таңдадық, олай жасамағанда тізбегіміздің шегі мен шеті болмаушы еді. Фиқһтан басқа салада жетік және үздік болғандықтан, көптеген Ханафи ғалымдары бұл тізбекке кірмеді. Мүмкін болған жағдайдың бәрінде дүниеге келген және өлген жылдары көрсетілді. Басқа жағдайда, тек дүниеден өткен жылдары “өл.” аббревиатурасымен беріледі. Шамамен айтылған жылдар «шм.» (шамамен) деп көрсетіледі, «к» аббревиатурасы «кейін» дегенді білдіреді.

Бұдан бөлек ханафи ғалымдары биографиясымен терең танысам деушілерге әл-Хатиб әл-Бағдадидің “Тарих Бағдад”, әл-Қурайшидің “әл-Джәуәнир әл-Мудийя”, Қасим ибн Қутлубуғаның “Тадж әл-Тараджим”, әл-Лакхнауидің “әл-Фәуә’ид әл-Бәхийя”, әл-Зириклидің “әл-Ә’ләм” секілді және т.б. кітаптарды басшылыққа алуға болады.

Егер хронологияда қандай да бір қателіктер орын алса немесе назардан тыс қалған болмаса біз ұмыт қалдырған ірі ғалымдар есімі болса, бізге ескертулеріңізді өтінеміз.

Ғалым

Кейбір еңбектері

Жылдар (Хиджри)

ЕКІНШІ ҒАСЫР

Әбу Ханифа әл-Ну’мән ибн Сәбит

Китәб әл-Aсәр

80-150

Әбу Юсуф Яғқуб ибн Ибрахим

Әл-Амали/Китәб әл-Харадж

113-182

Мухаммад ибн әл-Хасан әш Шәйбәни

Әл-Асл, әл-Джәми‘ әс-Соғир/әл-Кәбир, әл-Зиядат, әл-Сияр әл-Кәбир

132-189

Зуфар ибн әл-Хузайл

 

110-158

ҮШІНШІ ҒАСЫР

Әл-Хасан ибн Зияд әл-Лу’лу’и

Әл-Муджаррад

өл. 204

Әбу Суләйман Муса әл-Джузаджани

Нәуәдир Әби Суләйман

өл. к. 200

Му’әлла ибн Мансур әр-Рәзи

Нәуәдир Му’әлла ибн Мансур

шм. 150-211

Әбу Хафс әл-Кәбир әл-Бухари

150-217

 

 

 

Иса ибн Абан

Әл-Худжадж әс-Соғир/ әл-Худжадж әл-Кәбир

өл. 221

Мухаммад ибн Сәмә’әһ әт-Тәмими

Китәб Әдәб әл-Қади

130-233

Ахмад ибн Амр әл-Хассаф

Китәб Ахкамул Ауқаф

шм. 185-261

Мухаммад ибн Шуджағ әс-Сәлджи

Китәб әл-Мәнәсик

181-266

ТӨРТІНШІ ҒАСЫР

Әбу Джәғфар Ахмад әт-Тахауи

Шарх Ма’ани әл-Әсәр/әл-Мухтасар

239-321

Әбу Мансур әл-Матуриди

Китәб әт-Таухид Тәуилат Ахли Сунна

өл. 333

Мухаммад әл-Хаким әш-Шәдид

Әл-Кәфи (Мухатсар әл-Асл)

өл. 334

Әбу л-Хасан әл-Кархи

Мухтасар әл-Кархи

260-340

Әбу Бәкр әл-Жәссас әр-Рази

Ахкам әл-Қур’ан, Шарх Мухтасар әт-Тахауи

305-370

Әбу Джәғфар әл-Хидууәни

Шарх әл-Джәми әс-Соғир

300-362

Әбу ‘л-Ләйсәс-Сәмарқанди (әл-Фәқиһ)

Әл-Нәуәзил/’Уюн әл-Мәсә’ил

өл. 373

БЕСІНШІ ҒАСЫР

Әбу ‘л-Хусайн Ахмад әл-Қудури

Мухтасар әл-Қудури/әт-Тәджрид

362-428

Әбу Зайд ‘УбайдАллахәл-Дәбуси

Тәқуим әл-Әдилләһ

367-430

Әбу ‘л-‘АббасАхмадәл-Нәтифи

Китәб Джумал Ахкам әл-Уәқиғаһ

өл. 446

Шамсәл-A’иммәһәл-Хәлуәни

Әл-Мәбсуд

өл. 448

Әбу ‘л-Хасан ‘‘Әлиәл-Суғди

Әл-Нутаф фи ‘л-Фәтәуә

өл. 461

Әбу Наср Ахмад әл-Ақта’

Шарх Мухтасар әл-Қудури

өл. 474

Әл-Қади Ахмад ибн Мансур әл-Исбиджәби

Шарх әл-Джәми әс-Соғир

өл. 480

Фәхр ‘Әлислам ‘Әли әлБаздауи

Усуль әл-Баздауи

шм. 400-482

Шәйхул Ислам Хууахар Задаһ

Әл-Мәбсут, әл-Мухтасар

өл. 483

Шамсәл-A’иммәһәс-Сәрахси

Әл-Мәбсут/Шарх әл-Сияр әл-Кәбир

өл. шм. 490

АЛТЫНШЫ ҒАСЫР

Захир әд-Дин әл-Маргинани әл-Кәбир

 

өл. 506

Шәйхул Ислам ‘Әли әл-Исбиджәби

Шарх Мухтасар әт-Тахауи

454-535

Хусам әд-Дин әл-Садр әл-Шәдид

ӘлУәқиғә Шарх Әдәб әл-Қади

483-536

Нәджм әд-Дин ‘Умар әл-Нәсәри

Таләбәһ әл-Таләбәһ

461-537

Әлә әд-Дин әл-Садр әл-Шәдид

Тухфат әл-Фуқаха

өл. 539

Джар Аллах Махмудәл-Замахшәри

Руус әл-Мәса’ил

467-538

Әбу ‘л-Фәтх ‘Әбд әл-Рашид әл-Уәлуәлиджи

Әл-Фәтәуә әл-Уәлу’Әлиджийя

467- к. 540

Ахмад Ибн Муса әл-Кашши

Маджмул Нәуәзил

өл. шм. 550

Нәсир әл-Дин Мухаммад әл-Самарқанди

Әл-Фикһ әл-Нәфи’/әл-Мултақат

өл. 556

Рукн әл-Дин әл-Кирани

Джәуәхир әл-Фәтәуә

өл. 565

Сирадж әл-Дин ‘Әли әл-Уши

Әл-Фәтәуә әл-Сираджийяһ, Бад’ әл-Амали

өл. к. 569

Әбу ‘л-Муззаффар Ас’ад әл-Карабиси

Әл-Фуруқ

өл. 570

Ради әл-Дин Мухаммад әл-Сарахси

Әл-Мухит әл-Ридауи

өл. 571

Әбу Наср Ахмад әл-‘Аттаби

Әл-Фәтәуә әл-‘Аттабийяһ Шарх әл-Зиядат

өл. 586

Әбу Бәкр ибн Масғуд әл-Касани

Бада’и әл-Сана’и

өл. 587

Хасан ибн Мансур ҚадиХан

Фәтәуә ҚадиХан

өл. 592

Әли Ибн Әби Бәкр әл-Мәрғинани

Әл-Хидәя/әл-Тәджнис

өл. 593

Джәмәл әл-Дин Ахмад әл-Ғазнауи

Әл-Нәуи әл-Қудси

өл. 593

Хусам әл-Дин ‘Әли әл-Рази

Хуласат әл-Дала’ил фи Танқиһ әл-Маса’ил

өл. 598

ЖЕТІНШІ ҒАСЫР

Тахир ибн Ахмад әл-Бухари

Хуласат әл-Фәтәуә

өл. к. 600

Бурхан әл-Дин Махмуд әл-Бухари

Әл-Мухит әл-Бурхани/әл-Дахиран әл-Бурханийя

өл. 616

Захир әл-Дин Мухаммад әл-Бухари

Әл-Фәтәуә әл-Захиррийя

өл. 619

Мәдж әл-Дин Мухаммад әл-Бухари

Әл-Фусул

өл. 633

Шәмс әл-А’иммаһ әл-КАрдари

Шарх әл-Мунтахаб әл-Хусами

559-642

Абд әл-Рахим Хафид Сахиб әл-Хидая

Фусул әл-‘Имәди

өл. к. 651

Ала’ әл-Дин әл-Тарджумәни

Йәтимат әл-Дахр

өл. 654

Наджм әл-Дин Мухтар әл-Захиди

Әл-Қуниаһ/әл-Науи/әл-Муджтәбә

өл. 658

Зайн әл-Дин Мухаммад әл-Рази

Тухфат әл-Мулук

610- к.666

Тәдж әл-Шари’аһ Махмуд ибн Ахмад

Әл-Уиқайәһ

өл. 673

Джалал әл-Дин әл-Карлани

Әл-Кифәйя (Шарх әл-Хидая)

өл. 676

Әбу л Фәдл Әбд Аллаһ әл-Мәусили

Әл-МУхтар ли ‘л-Фәтуә/әл-Ихтияр

599-683

Муззаффар әл-Дин Ахмад Ибн әл-Са’ати

Мәджмә’әл-Бәхрәйн

өл. 694

СЕГІЗІНШІ ҒАСЫР

Умар ибн Мухаммад әл-Суннами

Нисаб әл-Ихтисаб/әл-Фәтәуә әл-Дийа’ийяһ

7-ғасырдың бірінші жартысы,  8- ғасырдың бірінші ширегі

Дәууд ибн Юсуф әл-Хатиб

Әл-Фәтәуә әл-Ғийәсийя

8- ғасырдың алғашқыжартысы

Мухаммад ибн Мухаммад әл-Кашғари

Мунәт әл-Мусалли

өл. 705

Хафиз әл-Дин Әбу ‘л-Бәракат әл-Насафи

Әл-Манар/ Канз әл-Дақа иқ /әл-Кәфи

шм. 620- 710

Абу ‘л-‘Аббас Ахмад әл-Суруджи

Әл-Ғайаһ (Шарх әл-Хидая)

637-710

Хусам әл-Дин Хусайн әл-Сиғнақи

Әл-Нихайаһ әл-Кәфи Шарх Усуль әл-Баздауи

өл. шм. 714

Фәхр әл-Дин ‘Усман әл-Зайлә’и

Табийн әл-Хақа’иқ

өл. 743

Садр әл-Шари әһ Убайд Аллах ибн Масғуд

Шарх әл-Уиқаяһ/әл-Нуқаяһ

өл. 745 or 747

Қиуәм әл-Дин Мухаммад әл-Кәки

Ми’радж әл-Дираяһ

өл. 749

Әмир Қатиб әл-Итқани

Ғайат әл-Бәйән/әл-Шәмил

685-758

Ибрахим ибн ‘Әли әл-Тарасуси

Анфа’ әл-Уәса’ил (әл-Фәтәуә әл-Тарасусийя)

721-758

Джәмәл әл-Дин ‘Абд Аллаһ әл-Зайлә’и

Насб әл-Райаһ

өл. 762

Абд әл-Уәһһәб ибн Ахмад ибн Уәһбан

Манзумат Ибн Уәһбан

728-768

Таһир ибн Ислам әл-Хаурзами

Джәуәхир әл-Фикһ

өл. к. 771

Сирадж әл-Дин ‘Умар әл-Ғазнауи әл-Хинди

Зубдат әл-Ахкам

шм. 704-773

Әлим ибн әл ‘Әлә әл-Татархани

Әл-Фәтәуә әл-Татарханийя

өл. 786

Акмәл әл-Дин Мухаммад әл-Бәбәрти

Әл-Инәйәһ/әл-Тақрир

шм. 710-786

Шамс әл-Дин Мухаммад әл-Қунауи

Дурар әл-Бихар/Шарх Мәджмә әл-Бәһрайн

өл. 788

ТОҒЫЗЫНШЫ ҒАСЫР

Әбу Бәкр ибн ‘Әли әл-Хаддад

Әл-Сирадж әл-Уәһһәдж / әл-Джәуһараһ әл-Нәийирәһ

720-800

Абд әл-Ләтиф Ибн М’Әләк

Шарх әл-Манар

өл. 801

Махмуд ибн Исра’ил Ибн Қади Сәмәунә

Джәми әл-Фусуләйн/Ләтә’иф әл-Ишарат

өл. 818 немесе 823

Мухаммад әл-Бәззази әл-Қардари

Әл-Фәтәуә әл-Баззазийяһ

өл. 827

Сирадж әл-Дин Әбу Хафс ‘Умар Қари’ әл-Хидаяһ

Фәтәуә Қари әл-Хидаяһ

шм. 750-829

Әбу ‘л-Хасан ‘Әли әл-Тарабулуси

Му’ин әл-Хуккам

өл. 844

Әбу ‘л-Бақа’ Мухаммад Ибн әл-Дийа’

Әл-Бәһр әл-‘Әмиқ/ Тарих Мәккәһ

789-854

Бадр әл-Дин Махмуд әл-‘Айни

Әл-Бинәяһ/Рамз әл-Хақа’иқ

762-855

Кәмәл әл-Дин Ибн әл-Хумам

Фәтх әл-Қадир/Зад әл-Фәқир

788-861

Әбу ‘л-Фида’ Өасим ибн Қутлубуға

Әл-Тәшиһ уә әл-Тарджиһ/Муниәт әл-Алма’и

802-879

Шамс әл-Дин Ибн Амир Хадж

Халабәт әл-Муджәлли/әл-Тақрир уә әл-Тахбир

825-879

Мухаммад ибн Фарамурз Мулла Хусру

Ғурар әл-Ахкам/Дурар әл-Хуккам

өл. 885

ОНЫНШЫ ҒАСЫР

Сари әл-Дин ‘Абд әл-Барри Ибн Шиһнаһ

Шарх Манзумат Ибн Уәһбан

851-921

Ибрахим ибн Муса әл-Тарбулуси

Әл-Ис аф ли Ахкам әл Әуқаф

өл. 853-922

Ахмад ибн Суләйман Ибн Кәмәл Паша

Әл-Идәһ фи Шарх әл-Исләһ

өл. 940

Ахмад ибн Юнус Ибн әл-Шилби

Хашийят Табйин әл-Хақа иқ

өл. 947

Шамс әл-Дин Мухаммад әл-Қухустани

Джәми әл-Румуз Джәми әл-Мәбәни

өл. шм. 950

Ибрахим ибн Мухаммад әл-Халәби

Мултақа ‘л-Абһур/Ғуниат әл-Мутамалли

өл. 956

Зайн әл-Дин ибн Ибрахим Ибн әл-Нуджәйм

Ал Бәһр әл-Ра’иқ/әл-Ашбәһ уә әл-Нза’ир

өл. 970

Мухаммад ибн Бир ‘Әли әл-Бирғауи

Әл-Тариқаһ әл-Мухаммадийяһ

929-981

Мухаммад әл-Мәулә Әбу әл-Су’уд

Тафсир Әби әл-Су’уд

898-982

Синан әл-Дин Юсуф әл-Амаси

Табйин әл-Мәһәрим

893-986

Ахмад ибн Махмуд Қади Задаһ

Ната’идж әл-Афкар (Такмиләһ Фәтһ әл-Қадир)

өл. 988

Рахмат Аллаһ әл-Синди

Лубаб әл-Манасик

шм. 933-993

ОН БІРІНШІ ҒАСЫР

Сирадж әл-Дин ‘Умар ибн Ибрахим Ибн Нуджайм

Әл-Наһр әл-Фә иқ

өл. 1005

Шибаб әл-Дин әл-Тумурташи әл-Ғаззи

Тануир әл-Абсар/Мус’ифат әл-Хуккам

939- шм. 1007

Әли ибн Султан Мулла ‘Әли әл-Қари

Фәтһ Бәб әл-‘Инәяһ/Мирқат әл-Мәфәтиһ

өл. 1014

Әбу Мухаммад әл-Бағдади

Мәджмә’әл-Даманат

өл. шм. 1030

Исма’ил ибн ‘Абд әл-Ғани әл-Набулуси

Әл-Ахкам (Шарх Дурара әл-Хуккам)

1017-1062

Әбу ‘л-Ихлас Хасан әл-Шурунбул’Әли

Нур әл-Идаһ/ әл-Ғуниаһ Хашийя ‘әлә л-Дурар

994-1069

Абд әл-Рахман Шәйхи Задаһ әл-Дамад

Мәджмә’әл-Ахнур

өл. 1078

Хайр әл-Дин Ахмад әл-Рамли

Әл-Фәтәуә әл-Хайрийяһ

993-1081

Абд әл-Қадир ибн Юсуф Қадри Афанди

Уәқи’әт әл-Муфтин

1014-1083

Низам әл-Дин әл-Бурханфури және басқа ғалымдар

Әл-Фәтәуә әл-‘Аламғирийяһ

Әлә’ әл-Дин Мухаммад әл-Хаскафи

Әл-Дурр әл-Мухтар/әл-Дурр әл-Мунтақа

1025-1088

Ахмад ибн Мухаммад әл-Хамауи

Ғамз ‘Уйун әл-Баса’ир

өл. 1098

Шәйх әл-Ислам Мухаммад әл-Анқарауи

Әл-Фәтәуә әл-Анқарауийяһ

шм. 1028-1098

Ибрахим ибн Хусайн ибн Ахмад ибн Бири

Умдат Дауи әл-Баса’ир

1023-1099

ОН ЕКІНШІ ҒАСЫР

Ас’ад ибн Әби Бәкр әл-Ускудари әл-Мәдәни

Әл-Фәтәуә әл-Ас адийәһ

1050-1116

Абд әл-Ғани ибн Исма’ил әл-Наблуси

Ниһаят әл-Мурад әл-Джәуһар әл-Кали

1050-1143

Әбу әл-Су’уд әл-Азхари

Фәтһ Аллаһ әл-Му’ин

өл. 1072

Әбу Са’ид Мухаммад әл-Хадими

Әл-Бариқаһ әл-Махмудийяһ

1113-1176

Мухаммад Хашим әл-Тәтәуи

Фәкиһат әл-Бустан

1104-1174

Ибрахим ибн Мустафа әл-Мадхари әл-Халаби

Тухфат әл-Ахияр

өл. 1190

Мустафа ибн Мухаммад әл-Та’и

Тәуфиқ әл-Рахман

1138-1192

ОН ҮШІНШІ ҒАСЫР

Ахмад ибн Мухаммад әл-Таһтауи

Хашият әл-Тахтауи ‘Әлә әл-Дурр

өл. 1231

Мухаммад Әмин Ибн ‘Абидин әл-Шами

Радд әл-Мухтар/әл-‘Уқуд әд дуррийяһ

1198-1252

Мухаммад ‘Абид әл-Синди әл-Мәдәни

Тәуәли’әл-Ануәр

1190-1257

Абд әл-Ғани әл-Ғунайми әл-Мәйдини

Әл-Лубаб фи Шарх әл-Китәб

1222-1298

ОН ТӨРТІНШІ ҒАСЫР

Әбу ‘л-Хасанат ‘Абд әл-Хайй әл-Лакхнауи

Умдат әл-Ри’аяһ/әл-Си’аяһ

1264-1304

Шибаба әл-Дин әл-Марджани

Назурат әл-Хаққ

1233-1306

Әлә әл-Дин Мухаммад Ибн ‘Абидин

Әл-Хадийяһ әл-‘Әлә’ийяһ

1244-1306

Мухаммад әл-Аббаси а’л-Мәхди

Әл-Фәтәуә әл-Мәһдийяһ

1243-1315

Мухаммад Кәмил әл-Тарабулси

Әл-Фәтәуә әл-Кәмилийяһ

1244-1315

Әмин ‘Әли Хайдар Афанди

Дурар әл-Хуккам (Шарх әл-Мәджаллаһ)

 өл. 1321

Рашид Ахмад Гангохи (Деобанди)

Фәтәуә Рашидийяһ

1244-1323

Абд әл-Қадир әл-Рафи’и

Таөрир ‘Әлә әл-Дурр әл-Мухтар

1248-1323

Мухаммад Халид әл-Атаси

Шарх Мәджж’Әләт әл-Ахкам

1253-1326

Шейх әл-Хинд Махмуд Хасан Деобанди

Тәфсир-и-Усмани(Шәббир Ахмад Усманимен бірге)

өл. 1340

Азизур Рахман Усмани (Деобанди)

Азиз әл-Фәтәуә

1275-1347

Хаил Ахмад Сахаранпури (Деобанди)

әл-Муханнад ‘ала әл-Муфаннад

1272-1347

Халил ибн ‘Абд әл-Қадир Әл-Наһләуи

Әл-Дурар әл-Мубаһаһ

өл. 1350

Мухаммад Бахит әл-Мути’и

Фәтәуә Бахит әл-Мути’и

1271-1354

Ануар Шах Кашмири (Деобанди)

Фәйд әл-Бәри ‘әлә Сахих әл-Бухари

1292-1352

Ахмад ибн Мухаммад Зарқа

Шарх Қауа’ид әл-Фиғийяһ

1285-1357

Афраф ‘Әли Сәнәуи

Имдад әл-Фәтәуә

1280-1362

Кифәятуллаһ Делауи

Кифәят әл-Муфти

1292-1372

Ахмад ибн Мухаммад әл-Курди

Әл-Фәтәуә әл-Халабийяһ

1297-1373

Зафар Ахмад ‘Усмани

Имадад әл-Ахкам/л’лә’ әл-Сунан

1310-1394

Мухаммад Шәфи’ Деобанди

Джәуәнир әл-Фикһ, Имдад әл-Муфтин

1314-1396

Шәйх Зафар Ахмад әл-Усмани

Л’лә әл-Сунан

өл. 1394

Шәйх Мухаммад Юсуф әл-Бинори

Мә’аарифус Сунан (Тирмизи түсініктемесі), Ауәәрифул Минан

өл. 1397

Шәйх Мухаммад Бадр әл- А’ләм

Фәйд әл-Бәри ‘әлә Сахих әл-Бухари

өл. 1385

Мүфти әл-А’зам Пакистани, Шәйх Мухаммад Шәфи (Шәйх Тақи әл-Усманидің әкесі)

Мә’аарифул Қу’ран

өл. 1396

Ахмад Раза Бижнори

Ануарул Бәри/Әл-Бәрин нур

 

 

ОН БЕСІНШІ ҒАСЫР

Шәйх Мухаммад Закарийя Кандахлауи

Әуджаз әл-Мәсалик/ФәзаилӘл-әбуәб уә әт-Тараджим/Хаса’ил Нәбәуи

өл. 1402

Шәйх Хабибур Рахман әл-А’зами Деобанди

Ракәәт и Тарауих

өл. 1412

Мүфти Махмуд Хасан Гангохи

Фәтәуә Махмудийяһ

1325-1417

Низамуд Дин А’зами

Низам әл-Фәтәуә

1328-1420

Абдур Рахим Ләджпури

Фәтәуә Рахимийяһ

1321-1422

Рашид ахмад Лудиануи

Ахсан әл-Фәтәуә

1341–1422

Абдул Фаттах әл-Ғудда

Мин әдәбил-исләм

1336-1417

Мухаммад Таки Усмани

Такмаля фатхул-мулхим

1362 -

Мақала ағылшын тілінен аударылып, өңделді.

Дереккөз: ahadithnotes.wordpress.com

алдыңғы мақала
"Қасиетті Валентин" күні және басқадай ерсіліктер
кейінгі мақала
Сәләфтар мен қазіргі сәләфилердің ақидасын салыстыру (1-бөлім)

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником