Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 04 Сентябрь 2014 00:00

Бағыңыз байланбасын

Четверг, 04 Сентябрь 2014 00:00

islam.kz

Среда, 03 Сентябрь 2014 00:00

Мектепке жол

Ертенгі ел болашағы балаларымыздың оқып білім алуына демеу болу әр мұсылманның міндеті. Жүрегінде иманы бар әр пенде өзге жандарға демеу етіп, қарайласуы сауапты іс екендігі мәлім. Биылғы жылы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті өз тарапынан аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына «мектепке жол» акциясының шеңберінде қайырымдылық акциясыны жариялаған еді. Еліміздін бірқатар кәсіпкер азамат-азаматшалары мешіт имамының үндеуіне қолдау көрсетіп, мешіт маңынан өткізілген «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ Домбаев Қадырбек, Әлмұхамедов Мұрат, Сырлыбаев Айдар, Қосмұхамбетов Орынтай, Ұзақбаева Сәуле, Жағалтаева Гүлнәр, Истлеова Гүлбахор, Қалмұхамбетов Берік, Дүйсеева Роза. Алла Тағала қайырымды жандарға ұзақ өмір, отбасына береке, кәсіптеріне табыс нәсіп етсін.

Өткізілген акция шеңберінде Жітіқара қаласының тұрғындары болып табылатын 19 балаға демеушілердін көмегімен мектепке керекті киім-кешекпен қамтып, 25 балаланы мектепке керекті құрал саймандармен қамтамасыз етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

Баспасөз қызметі

img03092014-02 01

img03092014-02 02

Среда, 03 Сентябрь 2014 00:00

Арқалық мешітінің қайырымдылығы

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қалалық білім бөлімінен арнайы тізім алып, мектеп жасындағы көмекке зәру 27 балаға қайырымдылық жасалды. Атап айтар болсақ №6 мектепте оқитын 10 балаға және №12 жатақханада тұратын мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 17 бүлдіршінге 15000 (он бес) мың теңге көлемінде мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Мұндай ізгі шара аясында мешіт найб имамы А.Б.Нұғыманов қайырымдылық жайында насихат айтып, аталмыш сауапты істің өз жалғасын таба беретіндігін әңгімеледі. Жиынға жиналған мұғалімдер мен ата-аналар қалалық мешіт ұжымының қайырымдылығына дән риза болып, шынайы алғыстарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

Баспасөз қызметі

img03092014 01

img03092014 02

img03092014 03

img03092014 04

Вторник, 02 Сентябрь 2014 00:00

Мәзһаб ұстану не үшін қажет? 2 Бөлім

Тақлидты түсіну

1. Тақлид термині не мағына береді және муқаллид деген кім?

Тақлид термині мужтахидтің пікірін Ислам құқығына қатысты (фиқһ) сұрақта ешқандай дәлел іздеместен сол мужтахидтің сөздері шариғат заңдарына негізделген деп күмәнсіз қабылдау.

Муқаллид – ол, ижтихад жасауға шамасы мен білімі жетпегендіктен мужтахидке тақлид жасаушы.

2. Ижтихад деген не және мужтахид деген кім?

Ижтихад – бұл шариғаттың төрт негізінен: Құран, Сүннет, ижмаъ (ғалымдардың бірауыздан келісуі) және қияс (Құран мен Сүннеттің айқын дәлеліне сүйене отырып шешім қабылдау)шешім шығару.

Мужтахид – бұл ижтихад тәсілдерін пайдалана алатын білімі бар ғалым.

3. Тақлидты тәжірибедегі мысалмен түсіндіріп беріңіздерші?

Әрбір ғылым саласында тақлид шарты жатыр, яғни беделді қызметкердің пікірін шүбә келтірместен қабылдау. Мысалға, медицинаны меңгеріп жатқан адам өзінің білім дәрежесі жоғары деңгейге көтерілгенше ешбір маманның ойына қарсы келместен барлығын қабылдайды. Бұл салада білімі жоқ адам немесе әлі білімі жетілмеген адам медицина саласында ешқандай да шешім қабылдай алмайды. Тіпті заңгерлік білімі бар болса да. Сондықтан да білікті заңгер болсын, мықты инженер болсын барлығы да медицина саласында тек қарапайым муқаллид бола алады.

4. Ғалымның мужтахид дәрежесіне жеткенін қалай анықтайды?

Ғалым Шариғаттың төрт негізін: Құран, Сүннет, Ижмаъ және қиясты түсінуде ең жоғары дәрежеге қол жеткізген кезде, сондай- ақ өзге де қосымша рухани жетілу жолындағы ғылым саласын меңгерген кезде ғана ол ғалымды мужтахид деп атауға болады. Бұл ғалымдардың мына сөздерімен қуатталады:

a) Имам әш-Шафиғи (ол кісіге Алла разы болсын) былай дейді: «Исламда Алланың кітабын білетін, күші жойылған, қайсысы жоюшы (насых және мансух) аяттарды білетін, мағынасы ашық және жабық (мухкам және муташабих) аттарды білетін, олардың тәпсірін білетін, қай аят Мәдинада, қай аят Меккеде түскенін білетін және олардың түсу себебін білетін адамнан басқа адамның пәтуа беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін білуі керек. Қай хадистердің күші жойылған, ал қайсысы жоюшы деген секілді Құран аяттарын білгендей Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де жақсы білуі тиіс. Сондай- ақ ол адам араб тіліне қатысты әртүрлі ғылым саласын, араб поэзиясын және өзге де Шариғат пен Құранға қатысты ғылым салаларын білуі тиіс. Сонымен бірге, ол шыншыл, әділ және аз сөйлейтін әрі ортаға қойылған таластан хабары бар және де дарынды әрі қабілетті болуы шарт. Егер адамның бойында осы қасиеттер болса, ол адам ненің харам, ненің халал екендігін анықтап пәтуа бере алады. Ал кімнің бойында мұндай қасиеттер табылмаса, оның пәтуа беруге құқығы жоқ».2

Хафыз Ибн Әбдил Барримам Шафиғидың осы сөздерін жазып алып, бұл сөздер өзге де ғалымдардың сөздерімен қуатталған соң мужтахидке мынандай талаптар қосқан:

1) Мұнымен қоса ол ғалым Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолын жақсы білуі қажет.

2) Ғалым Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дін түсінігін жеткізген сахабалардың да өмірлерін мурсәл 3 және муттасыл 4хадистерді ажырата алатындай білуі қажет. Және де ол сахабалардың өмір жолы мен олардың адамгершілік қасиеттері жайлы деректерден де хабары болуы тиіс.

3) Ғалым кісі сахабалар, одан кейін келгендер секілді хадис жеткізушілердің өмірін оқытатын ғылым саласын сенімді рауидан күмәнді рауиды ажырата алатын дәрежеде жақсы меңгерген болуы тиіс.5

Ескерту :

Имам Жәләлуддин әс- Суюти (4/185) өзінің Құран ілімі  жайлы жазған «Әл- Итқан» еңбегінде жоғары дәрежедегі Құран тәпсіршісі болу үшін қойылатын талаптарды келтірген. Бұл еңбекте мыналар келтіріледі:

«…Ғалымдар былай деген: Құранды тәпсірлеу – тәпсірге  қажет өзге ғылымдарды жақсы меңгерген адамдарға ғана рұқсат. Ол ғылымдар он бес түрлі:

1) Араб тілін білу. Имам Муджахид былай деген: «Аллаға және Қиямет күніне иман етпеген жанға егер ол арабтардың сөздерін жоғары дәрежеде талдай алмайтын болса, Құранға қатысты мәселеде пікір айтуға рұқсат жоқ». Ол адам тек бірнешеуін ғана біліп қоюы жеткіліксіз. Себебі, ол сөздің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Егер ол бірнеше мағынасын білетін болса, өзге мағыналары тұспалданады.

2) Синтаксис…

3) Морфология…

4) Этимология…

5,6,7) Семантика ғылымы, стилистика, поэтика – риторикамен тығыз байланысты, метафораны қолдануды талап ететін үш ғылым. Ғылымның бұл үш түрі Құран тәпсіршісіне өте қажетті өнер түрі- шешендік өнердің бөлімдері болып табылады. Себебі кез келген сөз әдеби тілмен жетер боса ұғынықты болары сөзсіз. Синтаксисті, тілді және Ислам құқығын (фиқһты) меңгерген кез келген адам Құранды тәпсірлей алмайтынын да ұмытпаған жөн…

8) Қырағат – Құранды әр түрлі мақамда оқу тәсілі... оның көмегімен көп мағыналы сөздер мен тіркестерден бір ғана мағына шығаруға болады.

9) Ақида – сенім негізі жайлы ғылым...

10) Усул фиқһ – Ислам құқығының негіздері  …

11) Құран аяттарының түсу себебі...

12) Күші жойылған және жоюшы аяттар...

13) Ислам құқығы (фиқһ)

14) Қысқа және мағынасы көмес аяттарды түсіндіруші хадистер.

15) Алла берген ілім. Бұл Алла Тағаланың білгенімен амал еткен адамға беретін ілімі…».

б) Тағы да бір оқиға имам Ахмад ибн Ханбалдың басынан өткен. Ол мужтахид атану үшін хадис ілімі саласында жоғары білімді екенін көрсете білді:

Бірде бір адам имам Ахмадтан сұрайды: «Егер адам 100 000 хадисті жатқа білетін болса, ол адамды Фақиһ деуге бола ма?» Имам Ахмад: «Жоқ»,- деп жауап береді. Әлгі адам тағы: «Ал егер 200 000 хадис білсе ше?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам: «Ал егер 300 000 хадис білсе?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам тағы да: «Ал егер 400 000 хадис білген болса ше?»,- деген кезде имам қолымен ымдап, бәлкім осы кезде ғана ол адамды фақиһ деуге болады және де ол өз бетінше пәтуа бере алуы мүмкін дегенді көрсетті. 6

Ескерту:

Осы оқиғаны еске алған соң шейх Ибн Таймия мен Ибн әл- Қайим ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Шакилиәнің сөзін келтіреді:

«Жәми әл- Мансур мешітінің мүфтиі болып тағайындалған кезімде имам Ахмадпен болған осы оқиғаны айтып бердім. Сол кезде бір кісі маған: «Сен осындай лауазымда отырып алып, пәтуа беру үшін соншалықты хадисті де білейсің!»,- деп айқайлады. Мен оған: «Талап етілген хадистің санын білмесем де, мен осы орында отырып, 400 000 хадистен де көп хадис білген имам Ахмадтың мәзһабына сәйкес пәтуа шығарып бере аламын»,- деп жауап бердім.

Ибн Таймийә бұған былай деп пікір қалдырған: «Мүфти өзінің имам- мужтахидының пікіріне негіздей отырып пәтуа шығарған кезде, оның сенімді ілімге сүйенгені талас тудырмайды. Шын мәнінде ол имамнан жеткен пәтуаны беріп отыр, сондықтан да ақиқи ілімнен оны алып тастауға болмайды».7

в) Ижтихад жасау үшін қойылған талаптар жайлы көптеген үлкен ғалымдардың сөздері келтірілгеннен соң шейх Мұхаммад Әууәмә былай деп қосады:

«…осылардан тыс мына нәрселер талап етіледі: жақсы амалдар, құлшылықтағы табандылық, тақуалық, пайдасыз нәрселермен айналыспау, дүниені тәрк ету, жан дүниенің тазалығы және бойынан Исламның жақсы қасиеттері табылу 8. Нағыз имам осындай болуы қажет».9

Мұны нақтылау үшін шейх өзге ғалмдардан дәйексөздер мен бірнеше мысалдар келтіреді:

«Имам Мәлік былай деген: Мен Меккеге екі рет қажылыққа барғанымда Аюб әс- Сахтиәниді көрдім, алайда ол адамнан ешқандай хадис жазып алмадым. Үшінші рет қажылық сапарына барғанымда мен ол кісіні Зәм- зәм бұлағының жанында отырғанын көрдім. О кісі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атын естісе болды жылай берді. Мен оның халін жүрегіммен сезіндім. Оның осы бір Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген орасан зор махаббатын көргеннен соң барып қана, ол кісіден хадис алдым.10

5. Мужтахид немен айналысады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін шейх Мұхаммад Әууәмнің «Әдәбул Ихлитәф» еңбегінен үзінді келтіреміз. (44-46 б.):

«… бұл сұрақ бойынша усул (ислам құқығы негіздері) және фақиһ ғалымдар талас тудырмайтын сұрақтарға ғана ихжтихад жасалады деп бір ауыздан келіскен».

«Сондай-ақ дәлелдер 4 санатқа бөлінетіні баршаға белгілі, олар:

1. Сенімділігі және мазмұны талас тудырмайтын

2. Сенімділігі мен мазмұны күмәнді

3. Сенімділігіне талас жоқ, бірақ мазмұны күмәнді

4. Мазмұнында талас жоқ, сенімділігі күмәнді дәлелдер

Осыдан біз ижтихад соңғы үш санатқа жасалады деген шешім шығарамыз. Дәлелдер сенімділігі мен мазмұны жағынан да талас тудырмайтын 1- санатына келер болсақ, ол заңды түрде ижтихадтың айналасына кірмейді. Себебі ол жерде талассыз дәлелдерге сүйену барысында ешқандай пікірлердің таласы жоқ. Ибн Абидин айтқандай: «Талассыз дәлелдің сенімділігі мен мазмұнына қарама- қайшылық – күнә ғана емес, күпірлік болып табылады»

Шейх Мұхаммед Әууәма хафыз Ибн Таймия мыналарды қосқан деп айтады: «... бұған (ижтихадтты қажет етпейтін сұрақтар) Үмметтің алғашқы буындары келіскен мәселелер де кіреді. Бұл бізге ғалымдардың бір ауыздан келісуі,яғни ижмаъ ретінде белгілі. Ғалымдар ижмаътың талас тудырмайтын әрі оған қарсы шығуға болмайтын дәлелдер екендігіне бір ауыздан келіскен».

6. Мужтахидтер тек қана төртеу ме?

Жоқ, Исламның алғашқы ғасырында жүздеген мужтахидтер болған.

7. Солардың танымалдарын атап беріңізші?

Ең әйгілі мужтахидтер – Ибрахим Нахаи, Суфиян Сәури, әл-Аузаи, Әбу Саур, Исхақ ибн Рахауәйһ, Уәки ибн Жаррах, Ләйс ибн Саад және басқалар.

1. Пәтуа – Ислам шариғатына негізделіп шығарылған шешім. Пәтуа берумен белгілі ілім дәрежесі және діни түсінігі бар арнайы маман айналысады.

2. Шейх Мұхаммед Әууәмнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз. 178 бет

3. Мурсәл– Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тізбектегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы жеткізушісі аталмастан табиғиндер жеткізген хадисі.

4. Муттасыл – тізбегінде үзіліс болмай жеткен хадис түрі.

5. Шейх Мұхаммад Аууәмәбұл шарттарға пікір білдіреді: «Бұл мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1) Рижәл (жеткізушілер); 2) Жарх уәтәдлил– жеткізушілерді қабылдау және тәрк ету ілімі. Бұл екі ғылымды меңгеру шариғат ілімін үйреніп жүрген жанның біраз уақытын алуы мүмкін. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 178 бет.

6. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.

7. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.

8. Алла Тағала Лұқман сүресінің 15 аятында былай дейді: «...Маған құштар адамдардың жолына түс...» («Рух әл-Маани»)

9. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.

10. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.

Авторы: Шейх Әбу Усама Аюб ибн Мәуләна Мухаммад

Еңбек аты: Who are The Blind Followers?

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Дарульфикр.ру

Әйелдердің намаз оқу ерекшеліктері

Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарының арасында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Бет-жүзі мен білезігіне дейінгі денесінің қолынан өзге жері жабық болады. Әйел адам үшін мешіттен гөрі үйде отырып, намаз оқығанның сауабы мол. Әйелдердің намаздағы өзге қимылдары да олардың жаратылысы мен табиғатына сай діннің үкімдерімен үйлесім табатынын айта кету керек.

Әйелдердің киімі ашылып қалмасы үшін әрі дене мүшелерінің киім сыртынан сыртқа теуіп, көзге оттай басылып, өзгелердің назарын аудармауы үшін намаздағы іс-әрекеттерінің барынша жинақы болуы басты назарға алынған. Мысалы, тәкбірде қолды құлақ тұсына дейін көтергенде жеңі сырғып төмен түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар. Сондықтан, олар қолдарын көкірек тұсына көтереді. Сонымен қатар, қолдарын көкіректеріне байлау арқылы да омырауларын қосымша көлегейлеген болады. Ендеше, ардақты Алла елшісінің (с.а.у.) «Менің намаз оқығанымдай намаз оқыңдар» деген хадисін негізге алып, әйелдер де дәл еркектер тәрізді намаз оқуы керек, деп, үстірт ұқпауымыз керек.

Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігінің берген пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимылдарының еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәліки мәзһабында әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға тиіс.[1]

Ханбалидағы мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатысты үкімдер, негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, әйел баласы рукуғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе сол жағына қарай жамбастай отырады».[2]

Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында төрт жерде өзгешелігі бар:

1. Рукуғта бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын екінші аяғына тигізе тақайды. Сәждеде де екі тізесі мен екі аяғының арасын ажыратпайды, қарны санына тиіп тұрғаны жөн.

2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштен оқитын намаздарды іштей оқиды. Әйелдер бөгде еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары естіл-мейтіндей етіп бәсең оқиды.

3. Намаздарына кедергі келтіретін қандай да бір жағдай туса, ер кісілер «Субханналлаһ» десе, әйел адам оң қолының алақанымен сол қолының сыртынан шапалақ ұрады.

4. Намазда ерлердің әурет жері саналатын кіндік пен екі бұттың арасы, ал, әйелдердің қолы мен бет-жүзінен өзге жері бүркеулі болуы тиіс.[3]

«Әссунәнуль Кубра» атты хадис жинағының авторы хадисші әл-Байһақи әйелдің қимылы жайында: «Әйелдің намаздағы қимылдарындағы өзгешілік жинақылыққа негізделген. Әйел кісі намазда жинақылыққа ең лайық қимылды орындауға бұйырылды», – дейді[4].

Ендеше, Ханафи мәзһабымен қоса өзге үш мәзһабтың үшеуінде де әйел кісінің намаздағы қимылдары жинақылыққа негізделгендігі бірауыздан мақұлданған.

Ханафи мәзһабы бойынша әйелдердің намаз қимыларындағы ерекшеліктер төмендегідей:

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ИФТИТАХ ТӘКБІРІ

Әйел адам ифтитах тәкбірін алғанда екі алақанын құбылаға қаратып, саусақтарының ұшын иықтың тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар», дейді.

Имам Бұхари өзінің «Қурратуль ғайнайн» атты еңбегінде Сүләймән ибн Умайрдың мына сөзін риуаят етеді:

» عن عبد ربه بن سليمان بن عمير قال: رَأَيْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ تَرْفَعُ يَدَيْهَا فِي الصَّلاةِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا«

Ол: «Мен (сахаба Әбу Дарданың зайыбы) Уммуд Дарданың намазда екі қолын иық тұсына көтергенін көрдім», – дейді.[5]

Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) Уәйл ибн Хужр есімді сахабасына былай деген: «Уа, Хужрұлы! Намаз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал, әйелдер кеуде тұсына көтерсін»[6].

Бұл хадис жоғарыдағы Ұмму Дарданың хадисіне қайшы емес. Себебі, әйел кісі қолын кеуде тұсына көтергенде саусақтарының ұшы иық деңгейіне көтеріледі.

Сондай-ақ, осы екі хадистің астарына үңілсек, әйел баласының намаздағы басқа да әрекеттері (рукуғ, сәжде, соңғы отырыста, т.б.) олардың нәзік жаратылысы мен өзге де ерекшелігіне байланысты құлшылық кезінде өзін жинақы ұстаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғарамыз.

ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛ БАЙЛАУЫ

Әйел кісі көкірек тұсына оң алақанын сол қолының үстіне қояды. Білезіктерін қапсыра ұстамайды. Намаз кезінде өздерін жинақы ұстауы үшін осылай істеген абзал[7].

Табиғин Ата ибн Әби Рабах*: «Әйел кісі қиямда тұрғанда мүмкіндігінше екі қолын жинақы ұстайды», – деген[8].

ӘЙЕЛДІҢ РУКУҒЫ МЕН СӘЖДЕСІ

Әйелдер рукуғқа барғанда саусақтарының арасын ашпастан тізесіне қояды, арқасы мен тізесін сәл бүгеді. Ал, сәждеге барғанда білектерін жерге тигізіп, шын-тақтарын өкпе тұсына тақап ұстайды, қарны қара санына тиуі шарт[9]. Бұл жайында Әбу Шәйба өзінің «Мұсаннаф» атты еңбегінде Әзіреті Әлидің (р.а.) мына сөзін жеткізеді:

عَنِ الْحَارِثِ ، عَنْ عَلِيٍّ ، قَالَ : " إِذَا سَجَدَتِ الْمَرْأَةُ فَلْتَحْتَفِزْ وَلْتَضُمَّ فَخِذَيْهَا ". رواه ابن أبي شيبة

«Әйел баласы сәждеге барғанда ішін санына тірейді және екі санының арасын ашпай, тигізе тақап ұстайды»[10].

Табиғин Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәъидің[11] былай дегенін риуаят етеді:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَزِق بَطنَها بِفَخِذَيها وَ لا تَرفَعُ عَجيزَتَها وَلا تُجَافي كما يُجَافي الرَجُلُ". رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасайтын болса, қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын, бөксесін көтермесін және ер кісілер сияқты (екі шынтағын арасын) ашпасын»[12].

Тағы бір сөзінде Ибраһим:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَضُمّ فَخِذَيهَا وَ لتَضَع بَطنَهَا عَلَيهِمَا. رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасағанда екі санын бір-біріне тигізе тақап ұстасын және қарнын қара санына тигізсін...», –[13] деген.

Байхақидың «әс-Сүнәнүл-кубра» атты хадис жинағында Ибраһим ән-Нәхаъи былай дейді:

كانت المرأةُ تُؤمُرُ إذا سَجَدَت أن تُلزِقَ بَطنَها بِفَخِذَيها كَيلا تَرتَفِعَ عُجْزَتها ولا تُجَافي كَمَا يُجَافي الرُجُلُ. رواه البيهقي

«Әйелдерге сәжде жасағанда қарнын екі санына тигізе тақап ұстасын деп, әмір етілді. Бұл сәжде жасағанда оның бөксесі көтерілмесін деген мақсатта айтылған. Сәжде жасағанда ер кісілер сияқты екі шынтағының арасын ашпасын (деп те бұйырылды)»[14].

ӘЙЕЛ КІСІНІҢ «ТӘШӘҺҺУД» ОТЫРЫСЫ

Тәшәһһуд отырысында әйел кісі екі аяғын бүгіп, сол жағына қарай жамбастай отырады. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп, бір жамбастай отырады[15]. Мұндай отырыс әйел табиғатына сай келеді әрі жинақы көрінеді. Мұны «тәуәррүк отырысы» дейміз. Бұған төмендегі хадис дәлел:

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):

عن عبد الله بن عمر قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): "إذا جَلَسَت المَرأةُ في الصّلاَةِ وَضَعَت فَخذَهَا عَلَى فَخذِهَا الأُخرَى وَ إذَا سَجَدَت ألَصَقَت بَطنَهَا فيِ فَخذَيهَا كَأَستَرَ مَا يَكُونُ لًهًا وً انّ اللهَ تَعَالَى يَنظُرُ إلَيهَا وَ يَقُولُ: يَا مَلائِكَتِي أُشهِدُكُم إنِّي قَد غَفَرتُ لَهَا". رواه البَيهَاقِي

«Әйел баласы намазда сол жақ аяғын оң жақ санының астына басып отырады. Ал, сәждеде қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын. Әйел осылай еткенде жинақы көрінеді. Алла (осылай отырып оқыған әйелге) қарап періштелеріне: «Уа, періштелерім! Куә болыңдар, мен бұл әйелдің күнәсін кешірдім», – дейді» деп, айтқанын жеткізген болатын[16].

______________________________________

[1] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/769-бет

[2] Ибн Құдама, әл-Мұғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәл мар’әти фис сала, 1/599-бет.

[3] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/777-779 бет.

[4] Мұстафа әл-Ғадуи, Жамиғул Ахқамун Ниса – 1/376-бет.

[5] Имам Бұхари «Қурратуль айнайн» №23 хадис.

[6] Хайсәми, Мажмағуз-зауаид -2\222 бет, №2594 хадис.

[7] Тәхәнәуи, Илә’әссүннә – 2/199 бет; әл-Айни, Биная; әл-Шарнабәләли, Нурул изах

* Бұл кісі хазірет Айша, Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Аббас сыңды көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен кісі. Мекке ғалымы.

[8] Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф.

[9] Бадайғ – 1/62 бет; Бадруддин Айни, әл-Биная – 2/249-бет.

[10] وتحتفز أي تحمل بطنها على فخذيها Ибн Әби Шәйбә – 1/241 бет, №2777-хадис.

[11] Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұлама фиқһшысы әрі хадисте «сиқа/сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсәий, Әбу Дәуіт, Даруқутни сынды ғұламалар өз хадис жинақтарына енгізген, ол балалық шағында Айша анамыздың (р.а.) көзін көрген кісі.

[12] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2782

[13] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2779

[14] Байхақи әс-Сүнәнүл-күбра – 2/314-бет.

[15] А.М.Таһмаз: әл фиқһул ханафи фи саубиһил жәдид, 1- том, 226-бет.

[16] Бәйһақи, әс-сүнәнул кубра, 2/315-бет, №3199 хадис.

Абдусамат Қасым

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником