Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Өмірде сұлулыққа толы құбылыстарды көргенде біз жиі, «Жер бетіндегі Жәннат» деп айтып жатамыз. Шын мәнінде, бұл тіркеске сай келетін тек бір ғана мекен бар. Жасыл кілемдермен төселіп, миллиондаған адамдардың көз жасымен жуылған Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде «Жәннат бақшаларының бағы» жатыр. Бұл қасиетті мекен әр мұсылманға белгілі болғанына қарамастан, ол туралы қызықты мәліметтер оқырманға пайдалы болар:

9. Пайғамбарымыздың  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті Арабия түбегінде  салынған құрылыстардың ішінде электр қуатымен жабдықталған ең алғашқы ғимарат.

Османдықтар аймақта электр жүйесін ретке келтіре бастаған  уақытта,  бірінші  Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінен бастайды. Бұл, Сұлтан өзінің Ыстамбұлдағы сарайын толықтай электр қуатымен жабдықтағанға дейін, бірнеше жыл бұрын болды деген болжам бар.

8. Заманауи мешіт ескі қаладан да үлкен.

Мешіттің қазіргі таңдағы үлгісі, ескі ғимаратынан жүз есе үлкен болып табылады. Бұл оның аумағы ескі қаланың аумағын қамтитындығының белгісі. Жәннат әл-Бәқи  зираты бұған  дәлел  бола алады. Егер Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) заманында зират қаланың шетінде орналасқан болса, қазір мешіт ғимаратына жақын жерде орналасқан.

7.  Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесінде бос қабірдің орны бар

Бұрыннан бері Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және Абу Бәкір мен Омардың (Алла оларға разы болсын) қабірлерінің жанында бос қабір бар деген аңыз бар еді. Бұл аңыздың шындық екені, 1970 жылы мазардың жабдығын ауыстырып жатқан кезде бір қабірдің бар екені анықталған. Бұл қабірдің  Иса пайғамбарға арналған деген пікір көптеген адамдардың арасында талқыға түскен.

6. Мешіт өртке оранған

Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің көп бөлігі, соның ішінде ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде салынған мұнара  өртке оранып жойылған.  Өрттің кең жайылғаны соншалық, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесінің шатыры мен қабырғасы құлайды.

5. Оның бір де бір күмбезі болмаған. Қазір  екі күмбезі бар.

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін 650 жыл бойы оның мазарына күмбез қойылмаған еді. Оны бірінші болып 1279 жылы Мамлүк сұлтан тұрғызды. Ол ағаштан жасалып, түсі жасыл еді. Қазіргі таңда біз білетін жасыл күмбез, шындығында Алла елшісінің бөлмесінің үстүндегі сыртқы күмбез болып табылады. Одан басқа көлемі кішірек келетін ішкі күмбез де бар.  Оның ішкі жағында Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бәкір мен Омардың есімдері жазылған.

4. Күмбез күлгін түсті болатын

Күмбез қазіргі таңда 150 жыл бұрынғы  кейпін сақтауда, оған дейін бірнеше рет қайта тұрғызылып, әр түрлі түстерге боялған еді. Біраз уақыт ақ түске боялған болса, ең ұзақ уақыт Хиджаз арабтары жақсы көретін күлгін түсті иемденген еді.

3. Мешіттің үш михрабы бар

Көптеген мешіттерде тек бір михраб болса, Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің үш михрабы бар.  Оның біреуін  имамдар жамағат намаздарын жүргізуге қолданса, екіншісі Сүлеймен сұлтанның тапсырысымен салынып, «михраб Сулеймание»  немесе «Ахнаф» деп аталады. Онда хәнафи мазхабын ұстанатын имамдар жамағатпен намаз оқыған. Мәлики мазхабының имамы намазды  Пайғамбар михрабынан жүргізген. Бұл михраб Пайғамбар намазда тұрған кезде аяғын қойған жерден басқа алынған аумақты қамтиды.

2. Фәтима анамыздың (Алла оған разы болсын) бөлмесінде не орналасқан?

Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі заттар өзінің және Фәтима анамыздың (Алла оған разы болсын) бөлмесінде орналасқан. Көлемді құрылыстар  кезінде анамыздың бөлмесі Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесіне қосылған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде  Медина қоршауға алынып, Осман қолбасшысы көптеген құнды нәрселерді балалар мен әйелдердің киімдеріне жасырып Ыстамбұлға жеткізген еді. Қазір бұл заттарды Топкапы сарайында көруге болады. Бір қызығы көптеген нәрселердің керекті құжаттары жоқ болып табылады.

1. Мешіт құпия белгілерге толы

Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті «да Винчи кодының » өзі салыстыруға келмейтін, әр түрлі көптеген құпия белгілерге толы. Әр тіреудің, күмбездің, терезенің тарихы және рухани құндылығы бар, олар әр түрлі оқиғалармен байланысты. Жобалаушылар  бұл жерлер ақпараттық белгілермен  жабдықталса, намаз оқудан көңіл аударатындығы үшін, басқа әдіс қолдануды жөн көрді.  Яғни, қоршаған нәрселердің әрленімін өзгерту арқылы. Бұлардың астарында қандай құпия-сырлар мен белгілер жатқандығы жайлы сіздерге басқа жолы айтармыз, иншә Алла.

Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті жай ғана қатардағы мешіт емес, бүкіл үмметтің ұлы жеңістері мен жеңілістерінің сахынасы. Ол  қоғамдық орталық, үйсіздер үшін пана, университет және мешіт болып табылады.

Уақыт өте келе, мұсылман үмметінің буын-буынымен өзгере келе, мешіттің өзі де өзгеріске ұшырады: безендірілуі ерте кезде пальма сабағынан бастап, қазіргі таңда мәрмәр мен алтынға дейін. Дегенмен! Оның ішкі өзегі қол тимеген қалыпта, бұның өзінде баршамызға сабақ бар.

Ағылшын тілінен аударған Azan.kz
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Muslimmatters

Понедельник, 27 Октябрь 2014 13:32

Әл-Ақса жайында 8 қызықты мәлімет

Әл-Құддыстағы (Иерусалим)  әл-Ақса мешіті – сөзсіз әлемдегі ең «таласымды» мекен болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы оған үстемдік ету үшін адамдар жандарын пида етті десек, асыра сілтеусіз айтқан болармыз.

Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын.  Бұл мешіт ең ғажайып басқосудың куәгері болды – барлық Пайғамбарлар (әлейһим сәләм) Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқыды.

Мәсжид әл-Ақса жайында сіздер үшін мына қызықты мәліметтерді топтастырдық:

8. Бұл бір ғана мешіт емес

Біз «әл-Ақса» деп атап үйренген аумақта, шын мәнінде, бірнеше мешіт бар. «Мәсжид әл-Ақса» деген кезде, біз кешеннің оңтүстік бұрышы деп түсінеміз. Расында бұл «Қыбыла мешіті», ол қыбылаға жақын болғандықтан солай аталып кеткен.  Төбенің барлық бөлігі «Мәсжид әл-Ақса» болса, кейде шатаспас үшін «Харам әл-Шариф» деп те аталады. Бұл аумақта тарихи оқиғалармен байланысты  басқа да мешіттер бар: Пырақ  Мешіті, Маруәни Мешіті және басқалары.

7. Бұл жерде жерлеу орындары да бар

Бұл жерде қанша Пайғамбарлар (әлейһим сәләм) мен Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленгені туралы нақты мәлімет жоқ. Күмәнсіз, олардың саны көп.

Мысалы, Сүлеймен (әлейһи сәләм) осы жерде жерленген деген болжам бар, өйткені Пағамбарларды (әлейһим сәләм) олар қайтыс болған жерде жерлеген. Көптеген деректер бойынша, ол (әлеһи сәләм) құрылыс жұмыстарын бақылап тұрған кезде қайтыс болған.

6. Ол қоқыс тастайтын жер еді

Еврейлерге қаланың аумағында тұруға тиым салынған уақытта, римдіктер аумақты қоқыс тастайтын жер ретінде қолданған.  Омар (Алла оған разы болсын) қаланы азат еткен кезде, оны өз қолымен қоқыстан тазалаған еді. Сонымен қатар, ол еврейлердің көпғасырлық қуғындауын тоқтатып, көрші ауылдардағы қуғындалған 70 еврейлік жанұяны қайта Иерусалимге шақыртып алады да, оларға отандарына қайтуға мүмкіндік береді. Алайда, біздің бұл «бауырларымыз» осындай қызметті ұмыт қалдырған сияқты.

5. әл-Ғазали осында өмір сүріп еңбектерін жазған еді

Имам әл-Ғазалидің қолымен жазылған ислам әдебиетіндегі ең танымал кітаптардың бірі «Ихьә улуму әд-Дин». Бұл адам – адамның терең болмысына әсер ете алу қасиетімен ерекшеленіп,  Ислам ғылымында беделге ие болып, Құран ілімі мен Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне берік болған. Көбіміз әл-Ғазалидің әл-Ақса мешітінде біраз өмір сүріп, өзінің бір еңбегін жазғаны жайында білмейміз. Ғимаратта оның ескі бөлмесі ерекшеленіп көрсетілген.

4. Ол атқора, сарай, және өлім жазасына арналған жер ретінде қолданылған еді

Алғашқы кресшілер Иерусалимды жаулап алған кезде, әл-Ақса мешітіне жасырынған 70 000 мұсылманды өлтіреді. Қыбыла мешітін сарайға айналдырып, Жартас Күмбезінен (Қуббат ас-Сақра) кішкентай шіркеу жасап, жер асты бөлмелерін атқора қылады. Алғашқы қырқысқа түскен мұсылмандарды  мешіт орталығынан алыс емес жерде, үлкен шармыққа керіп тастайды. Бұл шармық кейін Салахаддин жойған жалғыз шармық еді. Әлі күнге дейін сол жерде оның іргетасын  көруге болады.

3. Мешітте аты аңызға айналған мінбер сақталған еді

Исламның ұлы батырларының бірі Нуруддин Зәнки әл-Ақса мешітіне арналған арнайы мінбер сақтаған болатын.  Ол мінбердің  мешіт кресшілерден азат болған кезде (сенімінің беріктігіне таңқалуға болады)  қойылатынына сенген. Бұл мінбер әдемі болумен қатар, бірде-бір шегесіз және желімсіз жасалған еді. Өкінішке орай, Нуруддин Зәнкидің өзі жеңісті көрмей өмірден өтіп кетеді. Алайда, оның ізбасары Салахаддин ұстазының қалауын іске асырады. Иерусалимның тарихта екінші рет азат болуынан кейін, мінбер мешітке орнатылады. Қолөнершілер мен ұсталар арасында бұл мінбер әлі күнге дейін беделін жоғалтқан жоқ. Өкінішке орай, бірінші бағамда көрсетілген оқиғалар себебінен мінбер сақталмай қалады.

2. Жартас Күмбезінің  (Қуббат ас-Сақра) бейнесі басқа еді

Жартас Күмбезі – Исламда алғаш салынған күмбез десек қателеспейміз. Ол омейяд Халифы Әбдуль Мәлік ибн Мәруәнның басшылығымен салынған еді. Дерек көздеріне сүйенсек, алғашқы кезде ағаштан жасалған күмбез жезбен, қорғасынмен және күйіктас қабаттарымен қапталған болатын.  Мың жыл өткеннен кейін, османдықтардың үстемдігі кезінде Халиф Сүлеймен сұлтан уақытында, күмбез алтын қабатпен қапталды.  Сонымен қатар, ғимараттың қасбетінде османдық тақталар орнатылды.

1.Мешіт өртелді

Сіз әл-Ақса мешіті жойылса  не болады деп ойландыңыз ба? Жартас Күмбезінің үстүнде жаулаушылардың туы желбіреп, мешіт өртеніп кетсе ше? Мұсылмандар бұған жол бермейді дейсіз бе?

Тағы бір ойланыңызшы.

1967 жылы мұсылмандар Израильдің қол астына өткен Иерусалимнен үшінші рет айырылып қалды.  Жартас Күмбезінің төбесінде израильдік жаулаушылардың туы желбірей бастады. Израильдік басшылар  әл-Ақса мешітінде ашық үстемдік ету мұсылман әлеміне үнемі араңдатушылық болады деп,  мұсылмандарды тыныштандыру үшін Уақф ойлап табады. Бұл іске асады.

1969 жылы австралиялық сионисттер Нурудинның мінберін өртеп, Қыбыла мешіті толықтай өртке оранады. Мұсылман әлемі ауыркезеңдерді бастан кешеді. Палестиналықтар бар қолда барымен өртті өшіруге тырысады.  Бүкіл үммет ұяттан басын жерге қаратады.  Содан бері, мешіт қалпына келтірілсе де, Исламның үшінші қасиетті мекеніне шабуылдар әлі күнге дейін жалғасуда. Мешіттің іргетасын бұзу мақсатында жүргізілетін қазба жұмыстары,  рұқсат етілмеген басып кірулер, ескі ғибадатхананы қайта салу жөніндегі қорқытулар күнделікті орын алып келеді. Мәсжид әл-Ақса әлі күтуде.

Ағылшын тілінен аударған Azan.kz
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Muslimmatters

2014 жылдың 25 қазаны – мұсылманша жыл басы қасиетті мұхаррам айы!

ЖЫЛ БАСЫ – МҰХАРРАМ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

Құрметті мұсылман бауырлар!

Мұсылман жыл санауының бастауы болған алғашқы қасиетті ай – мұхаррамға баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын!

Мұхаррам деген сөз «қасиетті», «тыйым салынған» деген мағыналарды білдіреді. Бұл – Құранда айтылған қасиетті айлардың бірі. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде: «Расында Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк  жаратылған  күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар(зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...» деп баяндаған.

Ал хадис-шәрифте: «(Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы – мұхаррам», –делінген.

Мұхаррам айының қасиеті мен қадірі мол. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділдік діні. Бұл – соғысуға тыйым салынған ай. «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам», – деп пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі болсын) айтқандай, осы айда ауыз бекіткен адам мол сауапқа кенеледі. Мұқтаж жандарға, жетім мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға, мүгедектер мен зағиптарға көңіл бөліп, оларға қайырымдылық көмек көрсету де – игілікті іс.

Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Жабыққанды жарылқау, қамыққанға қамқор болу, Аллаға ұнамды істердің бәрі – құлшылық.

Мұсылманға кедергі келтірген жолдағы затты алып тастау да – садақа. Көршімен тату тұру, имандылыққа шақыру, кешірімді болу, халықты бірлік пен ынтымаққа ұйыту, қанағатшыл болу, бүлікке жол бермеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көркем мінезді болу, т.б. бұл – Исламның асыл құндылықтары. Біз асыл дініміздің осынау ұлы қағидаттарын қоғамға көбірек паш етуіміз қажет. Иманды қоғам құру үшін баршамыз осындай ізгі, қайырлы қадамдарға бастамашыл болуымыз тиіс.

Қадірменді ағайын!

Алла Тағала қасиетті мұхаррам айында жасаған қайырлы амалдарымызды, игі іс-шараларымызды, тұтқан оразалырымызды қабыл еткей! Жыл басы – мұхаррам айы құтты болсын!

Жаратушы Иеміз бүгінгідей берекелі де бейбіт заманымызды мәңгілік етсін. Мәңгілік елге мәңгілік татулық тұрақтасын деп тілеймін!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Понедельник, 27 Октябрь 2014 00:00

Мұхаррам айы мен Ашура күні туралы

Мұхаррам — мұсылмандардың хижра бойынша ай күнтізбесін бастайтын айы. Биылғы жылы Мұхаррам айының бірінші күні 25 қазанға түсіп тұр.

Бұл – Қасиетті Құранда айтылған қасиетті төрт айдың бірі: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар».

Сенімді хадистерге сүйенсек, бұл төрт айға Зүл-қада, Зүл-хиджа, Мұхаррам және Ражаб айлары жатады. Қасиетті Құранның барлық тәпсіршілері бұл мәселе жөнінде бірауыздан келіскен. Өйткені, Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы рет жасаған қажылығы кезінде оқыған құтпасында былай деген: «Бір жыл он екі айдан тұрады. Олардың төртеуі қасиетті болып табылады. Олардың үшеуі — зүл-қада, зүл-хиджа және мұхаррам — бірінен кейін бірі келеді, ал, (төртіншісі) ражаб мудара джумада (сәнийа) мен шағбан айларының арасында».

Осы төрт айдың ерекше атап өтілгені басқа айлар қасиетті емес дегенді білдірмейді. Себебі, жылдың ең қасиетті айы Рамазан айы емес пе? Бірақ, бұл төрт айдың қасиетті (тыйым салынған) ай деп ерекше аталған себебі – олардың қасиеттілігін тіпті Меккенің пұтқа табынушылары да мойындаған.

Шындығында он екі айдың әрбірінің дәрежесі әу бастан бірдей, олардың арасынан біреуін бөліп алып, айрықша қасиет берілмеген. Құдіретті Алла Тағала ерекше берекесін беру үшін ерекше уақытты таңдаса, сол уақыт Оның рақымымен, қасиетке ие болады.

Негізі, бұл төрт айдың қасиеттілігі Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) заманынан бастап мойындалған. Меккенің пұтқа табынушылары өздерін Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) үмбетіміз деп санағандықтан, осы төрт айдың қасиеттілігін қадағалаған және де тайпалардың жиі соғысып тұратынына қарамастан, бұл айларда соғысуға тыйым салынған деп есептеген.

Асыл Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында бұл айлардың қасиеттілігі мойындалған, сондай-ақ, Қасиетті Құранда ол айлардың қасиетті екендігі айтылған.

Мұхаррам айының өзіне тән басқа да біршама ерекшеліктері бар:

1. Мұхаррам айындағы ораза.

Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам».

Мұхаррам айында ораза ұстау міндетті болмаса да, сол күндері өз еркімен және өз қалауымен ораза ұстаған жан Құдіретті Алла Тағала тарапынан үлкен сауап алу құқығына ие болады. Жоғарыда келтірілген хадис Мұхаррам айындағы оразаның, яғни өз таңдауымен (бұл ораза міндетті болмаса да) ораза ұстаған адамның оразасының сауабы нәпіл ораза үшін берілетін сауаптан да көп екенін көрсетеді. Жоғарыдағы хадис Мұхаррам айының оразасы үшін уәде етілген сауап бір ай бойы ораза ұстасаң ғана беріледі дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл айда ұсталатын оразаның әрбір күні құндылыққа ие. Сондықтан, біз бұл мүмкіндікті қолымыздан келгенше пайдаланғанымыз абзал.

2. Ашура күні.

Мұхаррам айы түгелдей қасиетті болып саналса да, оның ішіндегі ең қасиетті күн - 10-шы күні. Ол күн Ашура деп аталады. Қасиетті сахаба Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) риуаят еткендей, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін мәдиналық яһудилердің Мұхаррам айының 10-шы жұлдызында ораза ұстайтынын байқаған. Олар Қасиетті Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен оның ізіне ерушілердің сол күні Қызыл Теңізді ғажайып түрде кесіп өтіп, перғауынның теңіздің суына батып өлгендігін тілге тиек еткен. Мұны яһудилердің аузынан естіген Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз Мұса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сендерден де жақынырақпыз», - деп, мұсылмандарға Ашура күні ораза ұстауды әмір еткен. (Әбу Дауд)

Сондай-ақ, бірнеше сахих хадисте Ашура күні ораза ұстаудың бастапқыда мұсылмандарға уәжіп болғандығы жеткізілген. Кейінірек Рамазан айының оразасы парыз етіліп, Ашура күні ораза ұстау ерікті болған. Аиша анамыз (Алла оған разы болсын) былай деген: «Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға хижрет еткенде, Ашура күні ораза ұстап, өзгелерге де сол күні ораза ұстауды әмір еткен. Бірақ, Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін оразаның парызы Рамазанмен шектеліп, Ашура күнгі оразаның уәжіптігі күшін жойған. Бұл күні қалаған адам ораза ұстап, қаламаған адам ұстамаса да болады». (Сунан Әбу Дауд)

Алайда, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айының оразасы парыз етілгеннен кейін де Ашура күні ораза ұстауын тоқтатпаған. Абдулла ибн Мұса (Алла оған разы болсын) риуаят еткендей, Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнгі оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық көрген және Рамазан айындағы оразаның қадірін Ашура күнгі оразадан артық санаған. (Бұхари мен Муслим)

Қысқасы, бірқатар сахих хадистерді негізге алар болсақ, Ашура күнгі ораза — Әзіреті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті және де бұл оразаны ұстаған адам үлкен сауапқа кенеледі.

Тағы бір хадиске сүйенсек, Ашура күніне қосып бір күн алдын немесе бір күн кейін ораза ұстау мүстахап болып табылады. Бұл дегеніміз – екі күн ораза ұстаған абзал: Мұхаррам айының 9-ы мен 10-ында немесе Мұхаррам айының 10-ы мен 11-інде. Қадірлі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, қосымша тағы бір күн ораза ұстаудың себебі – яһудилер тек Ашура күні ғана ораза ұстаған, ал, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың ораза ұстау тәсілін яһудилердің тәсілінен ерекшелеп алғысы келген. Сол себепті, ол мұсылмандарға Ашура күніне тағы бір күн қосып ораза тұтуды кеңес еткен.

Кейбір хадистер Ашура күнінің тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Сол хадистерге сәйкес, бұл күні отбасымызға басқа күндерге қарағанда мол тамақ беріп, өзгеше жомарттық танытқан жөн. Хадис ғылымына сүйенер болсақ, бұл хадистер аса сенімді емес, дегенмен, Бәйхақи және Ибн Хиббан сияқты кей ғалымдар бұл хадистерді сенуге тұрарлық деп тапқан.

Жоғарыда айтылған деректердің бәрі Ашура күні туралы сенімді қайнар көздерде расталған.

3. Жоқтап жылау

Бұл аймен байланысты тағы бір жалған дәстүр – Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өліміне байланысты жоқтап жылау рәсімі. Осыған дейін де айтылғандай, Карбалада орын алған жағдай — тарихымыздағы ең қайғылы оқиағалардың бірі. Бірақ, Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кім өлсе де жоқтап жылау рәсімін өткізуге тыйым салған. Жахилдік кезеңнің адамдары біреу дүниеден озғанда, үстіндегі киімдерін жыртып, беттерін, көкіректерін ұрып, бар дауыстарымен айқайлап, жоқтап жылайтын болған. Қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соның бәріне тыйым салып: «Иннаа лилляахи уа иннаа иляйхи рааджи'уун», - деген сөздермен мұсылмандарға сабырлы болуды бұйырған. Бұл мәселеге қатысты біршама сенімді хадистер бар. Солардың біреуін келтірейік:

«Алақанымен бетін ұрып, үстіндегі киімін жыртып, жахилдік кезеңнің адамдары айтқан сөздерді айтатындар бізден емес!» (Сахих Бұхари)

Ондай жоқтауға үзілді-кесілді тыйым салынатынына мәртебелі фиқһ ғалымдарының барлығы бірауыздан келіскен. Тіпті Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өзі өлеріне аз қалғанда сүйікті әпкесі Зайнабқа (Алла оған разы болсын) оның өлімінен кейін олай жоқтамауды кеңес еткен. Ол былай деген:

«Қадірлі әпкем, жалынамын саған, мен өлгенде үстіңдегі киіміңді жыртып, бетіңді тырнап, маған бола біреуді қарғап, өз өліміңді тілеме.» (Әл-Камиль, ибн Кясир,4 том, 24 бет)

Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) кеңесінен белгілі болғаны, жоқтаудың кез келген түрін сол рәсімнің иесі – асыл азамат та құптамаған. Әрбір мұсылман мұндай әркеттерден аулақ болып, Қадірлі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен оның аса сүйікті немересі Хусейн сахабаның (Алла оған разы болсын) өсиеттеріне адал болып қалуы тиіс.

Аzan.kz редакциясының ескертпесі: Биыл Ашура күні 3-ші қарашаға, яғни дүйсенбі күніне сәйкес келіп тұр. Бұл дегеніміз – қарашаның 2-сі мен 3-інде немесе 3-і мен 4-інде ораза ұстаған абзал. Бірақ, Ашура күні ғана ораза ұстайтындар да сауапқа ие болады, ал, бұл күні ораза тұтпаған адам күнәға батпайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне сәйкес, ораза ұстау ең абзалы екеніне күмәніміз жоқ.

____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Askimam.ru

Рудный қалалық «Горняк» мәдениет сарайындағы рухани келісім күніне орай өткен кештің көрінісі.

Рудный қалалық Орталық кітапханадағы «Живое слово мудрости духовной» атты Рухани келісім» күніне орай өткен семинардың көрінісі

Рудный қалалық мемлекеттік тілдегі кітапханасында өткен кездесудің көріністер

«Спорт во имя добра и мира».

Рухани келісім күніне орай Рудный және Лисаковск қалаларының діни қызметкерлерінің арасында шағын футболдан бірінші жолдастық матчтін көріністері

Тәуелсіз еліміздегі 18 қазан рухани келісім күні биыл 22 жыл қатарынан аталып өтуде. 130 астам ұлттар мен ұлыстардың 26 діни конфессиялардың ынтымақ бірлікте өмір сүруі, бұл біріншіден Алланың берген Қазақстанға үлкен нығметі деп қабылдау керек. «Ынтымақ бар жерде береке бар»-демекші, елбасымыздың мемлекеттік саясаты толерантті болуды үндейді, соған дәлел есебіндегі еліміздің бас шаһарында Астана қаласында өткен 4 Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездерінің өтуі. Осы рухани келісім күніне орай біздің Рудный кеншілер қаласында әдеттегідей дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар өтті, биыл сол дәстүрімізге қосымша спорттық ойыны да қосылды. Облысымыздағы Рудный және Лисаковск қалаларының діни қызметкерлерінің арасында шағын футболдан бірінші жолдастық матч ұйымдастырылды. Шараның салауатты өмір салтын қолдауы, ынтымақ, бірлік, толеранаттықты көрсетті. Болашақта діни қызметкерлердің арасында рухани келісім күніне орай турнир өткізуді бірауыздан келісілді. Аталмыш шараға қаламыздағы ішкі саясат бөлімінің өкілі, «Ассоциация практикующих психологов»-тің өкілі қатысты.

Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Ауылдағы намазхана

Қостанай облысында Өмірзақ Ихтиляповтың есімі ерекше құрметпен аталады. Оның іскерлігі, азаматтығы өз алдына, қайырымдылығымен де дараланады.

Ол бұл күндері Наурызым ауданындағы «Шолақсай » Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің құрылтайшысы оның сүйікті ұлы ұжымның өркендеуіне қомақты үлесін қосып, әке сенімін ақтауда.

Өмекең ауылдық әлеуметтік бейнесіне, халықтың тұрмысына көп көңіл бөледі. Имандылықты пір тұтқан азамат жақында елді мекеннен намазхана ашып, жергілікті қауымды бір қуантып тастады.

Бұл пайдалануға берілген киелі орында бауырларымыз үшін барлық жағдайлар жасалған. Онда еденге кілем төселген. Намазға жығылатын орын сонадайдан көз тартады.

Шолақсайлықтар жүрегі жомарт, ел құрметтісі Өмірзақ Ихтиляповқа шынайы алғыстарын жаудыруда.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғұмырын дінге арнаған Балтабай Қисаұлының Қостанай ауднындағы Алтын дала ауылындағы мешітке бас имам болып тағайындалғанына көп өткен жоқ.

Соған қарамастан жергілікті халықпен тіл табыса жұмыс істеп, оларды имандылыққа баулып келеді.

Мұсылман қауымы да оның іскерлігін бағалайды. Киелі орынға үнемі көмектесіп отырады. Имамның бір сөзін екі етпейді.

Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде бір топ азаматтар мешітке 11 терезе салып берді.

Өз басым бізге дер кезінде қол ұшын беріп, азаматтық танытқан

барлық бауырларыма шексіз ризамын. Олардың арасында Елордамыз Астанада, өңіріміздің аудандарында тұратын қандастарымыз да бар, - дейді Алтын дала ауылының бас имамы Балтабай Қисаұлы.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 23 Октябрь 2014 00:00

Жүздері жайнады

Маңдай батыр мешіті Қостанай облыстық балалар үйіне көмек көрсетті.

Бұдан бірер күн, Құрбан айт мерекесі қарсаңында мешіттің ұйымдастыруымен, балалар үйінде шағын концерт қойылған болатын. Бұл жолы бас имам Азамат қажы Серікбайұлы тәрбиеленушілерге тәтті сыйлар мен DVD тарту етті.

– Бізге өткен жолы келгенінде өтініш айтып едік, соны жерде қалдырған жоқ. Мешіт ұжымына алғысымыз шексіз, – дейді балалар үйінің тәрбиешісі Айгүл Әбілқасымова.

Мұндағы қазақ тобында 15 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде бір орыс бала да бар. Андрей Нефедов көмек көрсеткен ағаларға өз тобы атынан алғыс жаудырды.

Тәрбиешілердің айтуынша, бала асырап алуды ойлап жүргендер бұл жерге жиі келіп тұрса болады. Сенбі-жексенбі күндері отбасына апарып, қыдыртуға ешкім қарсы емес. Демеушілік жасаймын деушілер табылса, тіптен құба-құп.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником