Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) қорытынды жиыны өтті. Басқосуға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және Діни басқарма қызметкерлері қатысты.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ жетекшісі Ершат Оңғаров 2014 жылда атқарған іс-шаралар туралы есеп берді. 264 білікті имамды біріктірген 78 топ мүшелері оқу орындарында, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әкімшіліктер мен мәдениет ошақтарында, балалар және қарттар үйлерінде 356 620 кездесу өткізіп, дін жайындағы халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, 1 168 005 адамға дұрыс діни ақпарат жеткізген.
Есеп беру жиынында имамдарға көмекші құрал – «Дін – насихат» атты кітаптың таныстырылымы болды. Сондай-ақ жат ағымдарда жүрген жастарды дәстүрлі дінге тартудың тетіктері мен тәсілдері кеңінен талқыланды.
www.muftyat.kz