Ассаламу алейкум!
Қайтыс болған ағасының әйелін, яғни жеңгесін қайнысы алуға бола ма? Е. Қалиев
Уа алейкум ассалам!
Хадисте: «Егер сендерге діні мен мінез-құлқы ұнайтын кісі сұрап келсе, оған (қыздарыңды) тұрмысқа беріңдер. Әйтпесе, жер бетінде бүлік пен орасан зор бұзықтық еткен боласыңдар [1]»,-деп айтылғандай, жесір әйелдің тұрмыс құрмай жүруі ар-намысына және жалпы қоғамға зияны тиеді. Күйеуі қайтыс болған әйел өзі қалаған ер кісімен қайта шаңырақ көтеруіне болады. Дегенмен, мінезі жақсы және діндар қайнағасы немесе қайнысына тұрмысқа шығуы басқа ер кісіге жар болудан әлдеқайда жақсырақ. Оның көптеген пайдасы бар.
1. Марқұмның бауырлары жетім балалардың ағасы болғандықтан, олардың мейірімі мен қамқорлығы басқа ер кісіден қарағанда көбірек;
2. Шариғат бойынша әйел қайта тұрмысқа шықса, қызын қайтыс болған (немесе ажырасқан) күйеуінің туыстарының қамқорлығына беруі керек. Ал, қайнысына тұрмысқа шықса, қыз әйелдің жанында қала береді;
3. Әйелдің сол шаңырақта қалуы ата-енесі және басқа да туыстарының қамқорлығы мен мейірімінде болуының кепілі;
4. Балалары да анасының басқа кісіге тұрмысқа шыққанынан гөрі, өз әкесінің бауырлары қарамағында болғанын көбірек қалауы мүмкін.
[1] Тирмизи
Руслан Камбаров
Милан (Италия) қаласының мұсылман жамағаты шаһарда мешіт тұрғызу жөнінде билік басшыларына сонау 2009-жылы ұсыныс жасап, хат жазған болатын. Алайда, әлі күнге дейін алып шаһарда бірде-бір құлшылық орны бой көтермеді.
Дегенмен, қазіргі таңда орын алған бірқатар оқиғалардан соң қала билігі ойлана бастаған сыңайлы. «Париждегі оқиғадан соң Ислам дінімен санасу қажеттілігі туындап отыр», – дейді Милан қаласының әлеуметтік саясат басқармасының төрағасы Пьерфранческо Мажорино.
«Жертөлелер мен ғимараттардан гөрі, мешітті бақылауда ұстау оңай», – деп есептейтін жасырмады ол өз сөзінде.
Осылайша, қала билігі қазіргі уақытта мешіт құрылысына мүдделік танытып, мұсылмандар ұсынысын орындауға құлшыныс танытып отыр. Тек «Солтүстік лига» партиясы ғана бұл іске қарсылық танытып келеді.
Мұхаммед Ибраһим
Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.
1. Таңдауда жаңылма
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын көтеруге қауқарлы дәрежеде болуы қажет. Сол үшін де арақатынас шындық пен шынайылыққа құрылғаны жөн. Бұл дұрыс шешім шығаруға ықпал етеді. Ал, танысу барысында жастар бірін-бірі алдап, жасыра сөйлеп және болмысындағы айыбын бүгіп қалуы екі жаққа да опық жегізері сөзсіз.
2. Ас әзірлеуді біл
Қыздың оқуы немесе жұмысы қаншалықты ауыр болса да, ас дайындауды ерекше меңгеруі қажет-ақ. Әсіресе, күйеуі ұнататын тағам түрлерін өте жақсы әзірлей білгені абзал. Дастархан – әйелдің қаншалықты үй бикесі екенінің көрсеткіші. Дәмді ас күйеуінің жүрегіне алып баратын ең төте жол екенін естен шығармау қажет.
3. Үнемшіл бол
Үйдің кіріс-шығыс қаражатын үйлесімді жұмсау да әйелдің басты міндеттерінің бірі. Қолдағы шектеулі қаражатты тиісінше дұрыс пайдалана білуі аса маңызды. Әйел күйеуін бейберекет шығындармен шаршатпай, қарыздың астына қалдырмай жүруі тиіс. Күйеуінің табысына орай жұмсап отырғаны абзал. Қажетсіз дүниелерді сатып алуды талап етіп, қажытудың қажеті жоқ. Табыстың бір бөлігін қаражат тапшы болатын қысылтаяң күнге сақтап қойғаны дұрыс. Сондай-ақ, үй табысының аз бөлігін қайырымдылық пен бала-шағаның ойын-сауығына да бөлуді ұмытпаған жөн.
4. Күйеуіңе тыныштық жағдай жаса
Құран Кәрімде: «Әрі сендерді тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар [1]», – деген аят бар.
Иә, әйелдің ең басты міндеті – шаңырақты тыныштық пен мейірімділік мекені ету. Осы аяттың түп-төркінін түсініп, үйін жан тыныштығы ете алған әйелдің босағасынан бақыт сығалайды.
Отбасылық өмірде тәтті сәттер мен қиын-қыстау шақтар иық тірестіріп қатар жүреді. Мұның барлығын бойжеткен түсіну әрі дайын болуы тиіс. Өмірді сол қалпында қабылдауды үйренуі керек. Арабтарда: «Жолдасыңның істеген әрекетіне жетпіс түрлі себеп ізде, ал таба алмасаң мүмкін мен білмейтін бір себебі бар шығар немесе ұмытқан болар деп айт», – деген нақыл бар. Ерлі-зайыптылар кейде бір-бірінің кемшілігі мен қателігін байқамаған сыңай танытқаны да дұрыс.
5. Төзімділік таныт
Бір-бірінің теріс болмысын түзете отырып, қарым-қатынастың ең сәтті орта тұсын табу – қиынның қиыны. Ол үшін сабырлық, төзімділік және жұмсақтық пен бір-біріне деген қамқорлық аса қажет. Құран Кәрімде: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол... [2]», – деп әмір етілген.
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі намаз оқуға үндеуі – ең ауыр іс. Ол үлкен сабырлықты қажет етеді. Сабыр тек жалаң сөз емес. Оны кең де ауқымды мағынада түсіну қажет. Жұмсақтық, түсіністік және жақсы мәмілемен араласқан сабырлық керек.
Әйелдің күйеуімен жақсы қарым-қатынаста болуы, адамдарға оны тек жақсы қырынан таныстыруы – күйеуінің оғаш мінезі мен жаман әрекеттерін түзетудің бірегей жолы. Өйткені, Құран Кәрім: «(Ей, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс... [3]», – деп айтылған.
Үйлену – өмірлік сауда. Сауда алыс-берістен тұратыны сияқты, отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар бір-бірінің жақсылығын үйреніп, өзінің жаман мінезін тастаса, екі жарты бір бүтінге айналады. Әйел күйеуіне бойұсынумен Раббысының әмірін орындауда екенін бір сәтке де есінен шығармауы керек. Міне, сол әрекетіне сәйкес үлкен сыйдың да барын жадында сақтағаны жөн. Әйел – мейірімділік пен жылулық көзі. Ал, шаңыраққа бұл ауадай қажет.
6. Күйеуіңе күңдей бол
Құранда айтылғандай, сүйіспеншілік пен мейірімділік – отбасының басты тірегі. Денсаулық пен күш-қайраттың қарқынды және береке мен молшылық кезінде отбасын айрандай ұйытатын сезім сүйіспеншілік болса, ал қарттық келіп, науқас пен таршылық меңдеген шақта отбасын мейірімділік сақтап қалады.
Әйел күйеуінің Алла Тағала әміріне қайшы келмейтін әрбір сөзін бұлжытпай атқаруы қажет. Бәдәуи әйелдің өз қызына: «Оған (күйеуіңе) күң бол, сонда ол да саған құлыңдай болады», – деген насихатын естен шығармаңдар. Әйел жарын жақсы көргенде де, жылулығын сыйлап, құрмет көрсеткенде де, еркелік пен жұмсақтық танытқанда да күйеуіне қызметшісіндей болсын. Күйеуі қуанған сәтте ол түнермей, керісінше күйеуі уайым-қайғыда болса жөнсіз шаттанбау қажет.
7.Әйел – қорған
Ер азаматты дүниенің азғыруынан әйелі қорғайды. Сондықтан да әйел үйде ең әсем бейнеде, ең әдемі киімде және бойынан қош иіс аңқып тұруы керек. Күйеуіңнің көздері тек сені ғана көретіндей етіп қою керек. Ер азамат үйіне алып ұшып тұрсын. Жүрегі тек сені қалап, ауыр жұмыстан кейін босағадан аттай бере үйдегі жылулықтан жаны рақат тапсын.
Ең бастысы үйіңді жайқалған жәннат ету де, күйдіретін тозақ ету де өз қолыңда екенін ұмытпа!
[1] Рум сүресі, 21-аят
[2] Таха сүресі, 132-аят
[3] Нахыл сүресі, 125-аят

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан арнайы аудармашылар тобы құрылды. Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен топтың алғашқы отырысы өтті.
Басқосуда аудармашылар тобын құру идеясын сөз еткен ҚМДБ төрағасы Ержан Маямеров: «Діни салада аударылған салалы кітаптар некен-саяқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы аудармашылар тобын құрдық. Бұл бастамаға қолдау көрсетіп отырған Түркия елшілігіне, елшінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмаз мырзаға алғысымды айтамын. Білікті теолог-ғалымдардан жасақталған топ Ислам негіздері, отбасы құндылықтары, сенім мәселелері, бала тәрбиесі, көркем мінез, хадис ілімдері, пайғамбар өмірі туралы кітаптарды түрік тілінен аударады. Сонымен қатар арнайы сұрақ-жауап кітаптарды да дайындайды. Түрік халқы – бауырлас ел, біздің түбіміз бір әрі мәзһабымыз да бір», – деді.
Айта кетейік, аудармашылар тобында теология докторлары – Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбай, Батыржан Мансұров, Құдайберді Бағашар, жоба үйлестірушісі Алтынбек Ұтысхан, дінтанушы Кеңшілік Тышхан бар.
www.muftyat.kz
Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы корпоративтік қоры» басшыларын қабылдап, Астана қаласының ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешітінің салынуы мен өркендеуі жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, марапаттады.
Аталмыш қор осыдан бес жыл бұрын Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің салынуына орай құрылған болатын. Содан бері құлшылық ордасының халыққа қалтқысыз қызмет етіп, қызмет барысының бірізділікке түсуіне аталмыш қордың орасан еңбек атқарғаны белгілі. Осы орайда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қор басшыларына арнайы «Алғыс хат» табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Сарыарқаға сән берген сәулетті «Әзірет Сұлтан» мешітінің тек Қазақстан аумағында ғана емес, Орта Азия мешіттері арасында да айбыны артып тұрғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мешіт ашылуында: «Әзірет Сұлтан» мешіті тек қана құлшылық орны ғана емес, өркениет пен мәдениет, білім мен ғылымның ордасына айналуы тиіс», – деген болатын. Бүгінде сол артылған сенімді ақтап, құлшылық ордасының абыройы асқақтай түсуіне сіздердің де сіңірген еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Алла Тағала жұмыстарыңызды берекелі етіп, сауаптан жазсын!» – деді Бас мүфти қор басшыларына өз лебізін білдіріп.
Қабылдаудан соң қор басшыларына «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер толқыны қайта жалғасты. Қазақ елінің мақтанышына айналған мешіттің қалай салынғандығы жайында естеліктер өрбіді. Қонақтарға ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев те өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Бұдан соң кездесуге арнайы шақырылған ақылдастар алқасы мүшелері мен қор қызметкерлеріне «Әзірет Сұлтан» мешітінің біржылдық жұмыс есебі көрсетілді.
Жаратылыстағы бүкіл тіршілік атаулының өлшеулі рызығын бір Алла Тағала ғана береді. Ал, сол рызық-несібесін өз аяғымен жүріп табатындар мен әрекет етуге дәрменсіз тіршілік атаулының рызығының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Мәселен, адамдар, хайуанаттар мен құстар өз рызық-несібелерін саналы түрде әрекет ету арқылы тапса, ана жатырындағы сәбиге Алла анасының қанымен рызық береді. Тіршіліктегі басқа да әлсіз «шақалақтар» туралы да осыны айтуға болады. Оларға ата-аналарын не басқа да жағдаяттарды себепші қылу арқылы Алла өз рызықтарына жеткізеді. Және де Алла пенденің әрекеті мен ниетіне сай халал не харам жолдан рызығын нәсіп етеді. Біздің айтып отырған тұжырымдарымыздың түпкі өзегі Құранда баяндалады: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға тән. Ол олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта [1]»; «Шүбәсіз, Ол Алла ризықтандырушы және мықты күшке ие [2]».
Негізінде пенденің рызық-несібесі оның қаншалықты әрекет етуіне тікелей байланысты. Десек те, Алла Тағаланың қалаған құлына есепсіз рызық беретіндігі басы ашық мәселе. Бірақ, Алла рызықты пенделердің иманды не имансыздығына қарай бөле-жарып бермейді. Егер жағдай солай болғанда, иман еткен мұсылмандардың бәрі ірі байлық иесі болып, дінсіздердің барлығы тақыр кедей болулары керек еді ғой. Ал, күнделікті өмірдегі жағдай мұны мүлде теріске шығарып тұрған жоқ па?! Сондықтан пенденің бай не кедей болуы Алланың қалауындағы мәселе екендігін түсінуіміз керек. Бұл тақырыпта да бізге Құран аяттары негізгі көмекші: «Алла қалаған кісінің несібесін молайтып, қалаған пенденің несібесін тарылтады.... [3]»; «Алла қалағанын есепсіз рызыққа бөлейді [4]».
Пенде тіршіліктегі өз рызық-несібесін табу жолында түрлі әрекеттерге, айла-тәсілдерге барып, бүкіл күш-жігері мен ақыл-парасатын жұмсайды. Әрине, пенде өз қарым-қабілетіне қарай рызығын айырады, бірақ ең бастысы, рызықтың халалын ішіп-жеуді бұйыратынын бір сәт естен шығармау керек.
«Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал әрі тазасынан жеңдер... [5]», – деген Алла Тағала – мұсылман пендеге өз рызығын табудың негізгі тұжырымдық формуласын ұсынады. Әрбір тіршілік атаулы Алланың өзіне бұйыртқан өлшеулі рызық-несібесін ішіп-жемей бұл фәни дүниеден өтпейді және ешқандай тіршілік иесі өзгенің Жаратушының шексіз даналық ілімімен белгіленген рызығына ортақ бола алмайды. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Рызықты іздеуден бас тартпаңдар. Ешкім өзіне бұйыртқан рызыққа жетпей өлмейді. Олай болса халалын алып, харамын тастаумен рызықтарыңды жақсылап іздеңдер [6]».
Дүниедегі тіршілік атаулының ғұмыры Жаратушының әу баста тағдырға жазған мөлшерімен өлшенеді. Ешкім де сол межеден не артық, не кем өмір сүре алмайды. Пенде өзіне бұйырылған рызық-несібесіне қол жеткізіп, дәм-тұзы таусылған соң пәни өмірмен қош айтысып, мәңгілік өмір сапарына көш түзейді. Себебі, өмірді де, өлімді де жаратушы – бір Алла. Әрбір кеудесінде жаны бар тіршілік иесі өліммен бетпе-бет келері хақ екендігі қасиетті Құранда: «Әркім өлімді татады [7]», – деп тайға таңба басқандай анық айтылады. Әрине, бұл – ойлы жанға үлкен сабақ. Сонымен қатар, Құранда өлімнің уақыты да Алланың иләһи ілімімен белгіленіп қойғандығы жөнінде айтылады: «Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім оза алмайды [8]».
Алла әрбір пендеге тек өзіне тән өмір өлшемін нәсіп еткендіктен, кімнің қанша уақыт ғұмыр кешетіндігі біз үшін беймәлім. Пенденің тағдырында жазылған ажал сәті келгенде, Әзірейіл періште оның жанын бір сәтке кешіктірместен алады. Өлім уақытының кешігуі немесе ерте кетуі деген ұғымның әсте болмайтындығын мына аяттардан білеміз: «Әрбір адамның ажалы бар. Оларға ажал келген кезде, бір сағат бұрын және кейін кешіктірілмейді [9]»; «Әрбір үммет үшін бір ажал бар. Қашан олардың белгілі мерзімі келсе, бір сәтке кешіктірілмейді де, ілгерілетілмейді де [10]»; «Қашан біреудің ажалы келсе, Алла оны әсте кешіктірмейді [11]».
[1] «Худ» сүресі, 6-аят
[2] «Зарият» сүресі, 58-аят
[3] «рағыд» сүресі, 26-аят
[4] «Бақара» сүресі, 212-аят
[5] «Нахыл» сүресі, 114-аят
[6] Әт-Тәрғиб уәт-тәрхиб, 2/534
[7] «Әли Имран» сүресі, 185-аят
[8] «Уақиға» сүресі, 60-аят
[9] «Ағраф» сүресі, 34-аят
[10] «Юнус» сүресі, 49-аят
[11] «мунафиқун» сүресі, 11-аят