Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Суббота, 02 Май 2015 00:00

Өзекті мәселеге арналды

Жуырда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайластық жемқорлыққа байланысты жиын болып өтті.

Осы  басқосуда аталған басқарманың басшысы Нұрхан Нөгербеков күн тәртібіндегі маңызды жайға ерекше тоқталып, бұл күндері әлемдік дертке айналып отырған мәселенің алдын алып, онымен  көп болып күресу жайлы өз ойын ортаға салды.

Бұл жүздесуге облыс орталығындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары, облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы және басқа да  дін қайраткерлері қатысты.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде тек жергілікті мұсылман қауымдар ғана емес, шетелдіктер де болып тұрады. Соның бір мысалы  ретінде жақында Қазақстан Республикасы  Президенті сайлауына байланысты ОБСЕ-тарапынан өңірімізге келген шетелдік бақылаушылар Богдан Стэфан және Катя Рейнхольц киелі орынға ат басын бұрды.

Құрметті қонақтарды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек жылы жүзбен  қарсы алды. Олардың мешіттің жұмысымен жан-жақты таныстырды.

- Қазақстан азаматы есебінде дауысымды сөзбен емес ісімен дәлелдеген кісіге беремін. Ел басының сайлауы бұл ел тағдыры, яғни өзімнің де тағдырым. Жер бетінде бейбітшіліктің болғанын қалаймын, - деді ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Суббота, 02 Май 2015 00:00

Дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 20 мен 25 сәуір аралығында «Сақтандыру. Қорғау. Екпе жасау» ұранымен Еуропалық иммунизация апталығы өтеді. «ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаменті»  РММ имунизацияның маңыздылығы мен қауіпсіз  имунизацияны насихаттау туралы ақпараттандыруын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл бас қосуда «Марал ишан» мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы мен Қостанай ауданының бас имамы Азамат Серікбайұлы қатысып «Вакциялық екпе егуге Ислам шариғатында қарсылығы жок» екендігі турасында сөз сөйледі. Басқа  да  барлық дін өкілдері өз ойларын ортаға салды.  


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Халқымыз көктемнің мамыражай мамыр айының бірінші күнінде бірлік мерекесін атап өтеді. Мерейлі мейрамдағы ізгі іс-шаралар елімізді игілікке, халқымызды бірлікке бастап келеді.

«Бірлік» – қасиетті сөз. Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы баяндалған. Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер», – деп әмір етсе, Оның Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.

Халқымыздың би-шешендері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғибратты толғамдарында, өлең-жырларында бірлікті насихаттаған. Майқы би бабамыздың:

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – деген нақыл сөзі қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге бола бермек. Төле бидің: «Бірлік болмай, тірлік болмас», – деуі де тегін емес. Осынау парасатты пайымдаулар халқымыздың санасында сақталып, досқа қамқор, өзгеге өнеге көрсетіп, бірлікті ту етіп келеді. Кешегі көреген билеріміздің асыл аманаты − бүгін Елбасымызбен берекелі бастамаларға, бейбітшілікке, ортақ келісімге бағытталуда. Осының арқасында бүгінгі күні елімізді мекендеген 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар, әртүрлі дін өкілдері Қазақстанда тату-тәтті өмір сүруде.  

Алланың берген өлшеусіз нығметі әрі сыйы – Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін ең алдымен бірлігімізге бекем болуымыз керек.

Қадірлі бауырлар! 1 мамыр бірлік мерекесі құтты болсын! Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, болашаққа басқан қадамымызды берекелі етсін! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Әмин!

 
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

Қарап тұрсаңыз, ғаламдағы барша жанды тіршілік жұп болып жаратылған. Және де әрбір тіршілік иесі өз жұбымен жарасымды. Қазақы сөзбен айтсақ, «жалғыздық тек Жаратқанға жарасқан». Жаратылыс атаулының ішінде ең асылы адамзат та ер жеткен соң өз теңін іздейді. Отау тігіп, шаңырақ көтеруді көксейді.

Сахабалардың бірі Әбу Аюб (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізеді: «Төрт амал елшілердің сүннетінен: ар-ұятты болу, қош иіс су қолдану, мисуак пайдалану және үйлену[1]». Бұл төрт сүннет амал – бұл жалған пәниде ең қымбат әрі асыл дүниені ғана ардақ тұтқан барлық пайғамбарларға ортақ дүние. Барша пайғамбарлардың сүннеті болған үйленіп, үй болудың оңай еместігін халқымыз қапысыз айтқан. Осы себепті де өмірдегі ең жауапты кезең  – ғұмырлық жар таңдау сәті. Себебі, адамның өзінің өмірлік серігін таңдап қана қоймайды, болашақ перзентіңнің анасын да таңдайды. Өйткені, баланың ізгі болуы анасына тікелей байланысты. Алайда, кейде отбасылық өмір жайлы ешбір мағлұматы жоқ жастардың албырт сезімнің жетегімен жанұя құрып, шаңырақ көтергендеріне куә болып жатамыз. Өкінішке орай, көп өтпей сезімдері суынып, жұптары жазылып жатады. Мұның бірден-бір басты себебі – жар таңдау, отбасы құру жайлы шариғат кеңестерінен бейхабар болуында жатыр.

Ардақты Пайғамбарымыз: «Адам баласын бақытты ететін және бақытсыз ететін үш нәрсе бар. Адамды бақытты ететін: Ізгі әйел, жайлы үй және жақсы көлік. Адамды бақытсыз ететін: жаман әйел, жайсыз үй және жаман көлік[2]», – деген екен. Қазақ халқы «алғаның жақсы болса, бұл дүниенің шырағы, мінгенің жақсы болса, бұл жалғанның пырағы», – дейді. Сонымен бірге, «әйелің жақсы болса, ұжмақ үйiңде, әйелің жаман болса, тозақ үйiңде», – деген нақылы осы хадистің дәл өзі.

Некелесу – ер жеткен азаматтың ерікті ісі. Алайда, шариғатымызда некелесу жағдайға қарай кейде мұстахаб, кейде уәжіп, кейде тіпті харам болуы да мүмкін.

Отбасын асырай алатын мүмкіндігі бар және зина немесе оған алып баратын жаман іс-әрекеттерден өзін тия алатын адамға үйлену – мұстахаб болып табылады.

Үйленіп, отбасылы болған жағдайда бала-шағасын асырай алатындай мүмкіндігі бар, бірақ өзін зина мен оған алып баратын жаман іс-әрекеттерден тия алмауынан қауіптенген адамға үйлену – уәжіп. Мұндай адам, үйлену арқылы дінін қорғап, ар-намысын сақтайды. Ал, дінін және ар-намысын қорғау – шүбәсіз ең маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан да адам өз дінін және намысын тек үйлену арқылы қорғай алса, үйлену – ол үшін уәжіп үкімінде болмақ.

Ал, енді отбасын асырауға шамасы жетпейтін, сонымен қатар үйленуге айтарлықтай кедергілер бар, бұған қоса үйленгеннен кейін адал жолмен табыс таба алмай, шариғат тыйым салған жолмен күнелтуге мәжбүр болса,  онда ол адам үшін некелесу – харам. Құран Кәрімде: «Әрі Алла Өз кеңшілігімен байытқанға дейін үйленуге мүмкіндік таба алмағандар, (күнәдан тыйылып) өздерін ұстасын...[3]»,– деп әмір етілген.

«БҰЛ ЖАЛҒАННЫҢ ЕҢ ҚАЙЫРЛЫ ДҮНИЕСІ – ІЗГІ ӘЙЕЛ»

Мұсылманның бұл дүниеде иманнан кейінгі тапқан ең қымбат та, баға жетпес олжасы – салихалы жар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мына жалған бүтіндей өткінші дүниеден құралған. Бұл жалғанның ең қайырлы дүниесі – ізгі әйел[4]», – деп тектен тек айтпаған.

Әйел – ер азаматтың өмірлік жары. Шаңырақ жылуын сақтаушы және перзенттерінің анасы. Сонымен қатар, мұсылманның ар-намысы мен мал-мүлкін қорғайтын да сол әйелі болмақ. Ер жігіттің таңдап алған қосағы ізгі де иманды болса, дүниеде берілген жақсылықтардың ең құндысы сол болмақ.

Шындығында, әйел заты өзі таңдап, етегінен ұстаған азаматтың көңілінен шыға білмесе, отбасылық өмірдің мәні кетіп, шырқы бұзылары сөзсіз. Шаңырақтың шайқалмауына екі жастың шынайы сезімінен бөлек, имани қарым-қатынастың қосар үлесі мол.

Хадис ғылымының атасы Әбу Һурайра (р.а.) таңдау жасағанда  жаңылыспай жақсы жар табу турасында мынадай хадис жеткізген: «Әдетте әйелге төрт қасиетінің бірі үшін қызығып үйленеді, ол: байлығы, тектілігі, сұлулығы және діні. Діндарын, имандысын таңда, әйтпесе құтың қашып, қадірің кетеді[5]». Бұл хадисте әйел бойындағы еркекті қызықтыратын қасиеттері көркі, мал-дүниесі, тегі және діндарлығы екені айтылуда. Алайда, әйел иманды болмаса, қалған үш қасиетінен келер-кетер пайда шамалы екендігі ескертеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жар іздеген жігіттердің әйел бойындағы сиқырлаушы сұлулығына, мол дүниесіне және танымал тегіне қатты қызығатынын көрген. Әйелдің діндарлығы мен имандылығына аса мән бермейтіндігін байқаған. Сол себепті де, имандылықтан асқан сұлулық, тектілік және байлық жоқ екенін айтуда.

Ибн Мәжа «Сунәнінде» жар таңдауда жаңылысқан жігіттерге қатысты айтылған мынадай хадис бар:«Әйелдерге тек сұлулығы үшін ғана үйленбеңдер, сұлулығы оларды тәкаппар етуі мүмкін. Әйелдерге дүниесі үшін ғана үйленбеңдер, мал-мүлкі оларды шектен шығаруы мүмкін. Расында, қара тәнді иманды әйел текті де дәулетті және көрікті бірақ дінсіз болған әйелден абзал».

Ал, Әнас (р.а.) жеткізген хадисте: «Кім әйелді оның абыройы үшін алса, Алла ол еркекті қор етеді. Кім әйелді дүниесі үшін алса, Алла ондай еркекті жерге ұрады. Ал, кім әйелге көзін күнәдан, мүшесін зинадан сақтау үшін және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін үйленсе, Алла ол кісіге әйелін берекелі, ал әйелге күйеуін құтты етеді», – деп айтылады.

Жігіттің маңдай терін төкпей қыз төркіні есебінен тұрмысын түзеп, бай болам деп жүріп бейшара кейіпке енуі заңдылық. Қазақта «Кедейлік ұят емес, байлық мұрат емес» дегендей, әрбір ер азамат ризық-несібесін өз еңбегімен тапқанға не жетсін?! Ал, жар таңдауда болашақты ойлау қажет. Таңдап тұрған қыздың ертеңгі күні әке-шешеге ибалы келін, перзенттерге абзал ана, ал өзіне адал жар болуын ойлағаны жөн. Ең дұрыс таңдау – осы. Абай Хакімнің:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма.

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма[6], – деген сөзі де осы хадистің түсіндірмесі іспетті.

ҚЫЗЫН ҚИЯҒА ҚОНДЫРУ – АТА-АНА МІНДЕТІНДЕ

Қазақ қашанда «қыз жат жұрттық, қыз бала – қонақ» деп, олардың ертеңгі күні бөтен үйдің түтінін түтетіп, шамын жағатындықтарын саналарына құйып отырған. «Барған жеріңде балдай батып, судай сің» деп тәрбиесі мен тәлімін үйретіп, отбасылық өмірдің өткелдеріне дайындап отырған. Қаншама жыл қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қаққан қыздарының барған жерінде бағы жанып, бақытты отбасы болуын ойламайтын ата-ана болмас, сірә ?! Алайда, мәпелеп өсірген қыздарының жар таңдауда жаңылыспай, жақсы отбасын құруы да ата-анасының жауапкершілігінде екенін ескерілмей жатады.

Ер азаматқа өзіне өмірлік ізгі жар таңдауы міндет болғанындай, қыз баласы да өзіне жақсы жолдас таңдауы тиіс. Қыз үшін жақсы жолдас дегені –  әйелдің ар-намысын қорғайтын, келіншегінің көңіліне қаяу түсірмейтін, әйеліне аса ерекше мән беретін адам. Әйел заты мұндай азаматтың жанында жаны жай тауып, мейірімділік пен сүйіспеншілікке бөленеді.

Әйел баласы тұрмысқа шыққалы тұрған ер жігітті жай үстіртін ғана біліп некеге келісімін берсе, өз жанын, ар-намысын және дінін қатерге тігуі әбден мүмкін. Әрине, әйел таңдау жасағанда ер азаматтың сыртқы кейпіне, дүниесіне және тегіне мән беруі айып емес. Алайда діндарлығы мен мұсылмандығын алға қойғаны абзал болады.

Бұл сөз тек қана қыздарға ғана қатысты емес, сонымен бірге қыздың әкесіне және аға-інілеріне де тиесілі. Өйткені, қыздың тағдырына тікелей жауаптылар: әкесі, ағасы мен інісі. Кейде, иманды қыздың өзі мінез-құлқы нашар, дінге немқұрайлы қарайтын және әйелдің ар-намысы дегенді білмейтін жігітке көңілі ауып, алдамшы арманға алдануы мүмкін. Мұндай қыздар «осы жігіт мені бақытты етер, арманымды орындар» деген көзсіз үміттің жетегінде тұрмысқа шығуы мүмкін. Осындайда қате шешімнің алдын алу үшін әрбір жігіт өз қарындасының жеке өміріне араласып, дұрыс ақыл-кеңес беруге міндетті.

Хазіреті Әлидің ұлы Хасанға (р.а.) бір кісі келіп: «Менің қызым бар. Кімге тұрмысқа бергенім жөн деп ойлайсыз?» – дегенде, Хасан (р.а.): «Алладан қорқатын жігітке тұрмысқа бер. Ондай жігіт қызыңды жақсы көріп тұрса қадірлеп, сыйлайды. Ал, ашуланса, қызыңды ренжітпейді[7]», – деп кеңес берген екен.

ЖҰБАЙЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Шаңырақ көтерген соң, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз міндетінен бұрын құқығын талап етіп жатады. Әйел «күйеуімнің алдында көптеген жауапкершілігім бар» деп ойлаудың орнына, «маған аны алып бер, мынаны алып бер» десе, ер азаматтар да «біреудің мәпелеп өсіріп отырған қызын алдым, Құдайдың алдында аманат» деп қараудың орнына «сен өйтуің керек, бүйтуің керек» деп шыға келеді. Әрине, бұдан шаңырақтың шырқы бұзылады. Күйеу де, әйел де ең бірінші кезекте өз міндеті мен жауапкершілігін білгені жөн. Ер кісінің міндеті діни және дүнияуи болып бөлінеді.

Діни міндеті: Жұбайына жақсылық ету, құрмет көрсету, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзінің жұмсақ болуы және аз да болса көңіліне шаттық беруі – ер-азаматтың күйеулік міндеті. Сонымен қатар, әйелінің кейбір сөздері мен әрекеттеріне сабырлық танытуға да тиіс. Бұл жайлы Құран Кәрімде:: «...Сондай-ақ, олармен жақсы мәміледе болыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендер жақтырмаған нәрседе Алланың көптеген хайыры болуы мүмкін[8]», – деп баяндалған.

Ер кісінің әйелін құрметтеп, көңіл бөлуі оның жоғары көркем мінез иесі екендігін білдіреді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мүміндердің иманы кәмілділері – көркем мінезділері. Ал, сендердің жақсыларың – әйелдеріңе жақсы болғандарың[9]», – деп айтқан.

Әйелінің қадір-қасиетіне, ар-намысына тиетін өсек-аяңдардан және іс-әрекеттерден қорғауы да ер-азаматтың қамқорлығына жатады. Өйткені мұсылман жан өз жұбайын және бала-шағасын өзгенің орынсыз сөзі мен ісінен қызғануы қажет.

Дүнияуи міндеті: Отбасыға қажетті азық-түлігін, киім-кешегін, дәрі-дәрмегін және де басқа қажеттілігін қамтамасыз ету – мұсылман жанның отағасы ретіндегі міндеті. Алла елшісі (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында ер кісілерге: «Әйелдер алдындағы міндеттеріңе немқұрайлы болудан Алладан қорқыңдар. Сендер әйелдеріңді Алланың сөзімен некеге алдыңдар. Алланың сөзімен адал жар еттіңдер. Жұбайларыңнан ұнатпаған кісіні үйлеріңе жуытпауды талап ете аласыңдар. Егер кіргізер болса, (әйелдеріңді) жөнімен тәртіпке шақырыңдар. Әйелдер сендерден өздерін азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етулеріңді талап ете алады[10]», – деген.

Муғауия бин Хайда (р.а.) есімді сахаба Алла Елшісімен былай деп әңгімелескенін жеткізеді:

 – Уа, Алла Елшісі! Әйелдеріміздің бізде қандай құқығы бар? – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 – Егер тамақтансаңдар, оларға да тамақ беру, егер киім алсаңдар, оларға киім алып беру. (тәрбиелейтін болсаңдар) бетінен ұрмау. Оларға жамандық жасамау. (Ұрысып қалған жағдайда) үйден шығып кетпей, бөлек жату[11]»,– деп жауап берді.

Әрине, ер азаматтың әйеліне және бала-шағасына беретін қаражат мөлшері жеке басының мүмкіндіктеріне және қоғамдық жағдайына қарай болады.

Күйеуінің берген қаражаты жетпесе, бірақ жоқшылықтан емес сараңдығынан болса, әйел рұқсатсыз мөлшерлеп және ысырап етпей қаражат алуына шариғат рұқсат береді.

Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен хадисте сахаба әйел Һиндтің Пайғамбарымыздан: «Уа, Алла елшісі! Әбу Суфиян сараң кісі. Маған берген қаражаты өзіме де, бала-шағама да жетпейді. Тек өзім оған білдіртпей алсам ғана, жеткізіп отырамын», – деп рұқсат сұрағаны айтылады. Сонда  Пайғамбарымыз оған: «Өзіңе және балаңа жететіндей етіп шамамен ал[12]», – деп жауап берген екен.

Айша (р.а.) анамыз Алла Елшісінен (с.ғ.с.): «Адамдар арасында әйел кімге көбірек борыштар? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Күйеуіне», – деп жауап берді. «Ер кісі кімге көбірек борыштар?» – дегенінде, Пайғамбар:   «Анасына», – деп жауап береді[13]».

Алла Тағала әйел затына өз күйеуінің шариғатқа қайшы болмаған барлық бұйрықтарын бұлжытпай орындауға әмір етеді. Әйел баласы күйеуінің мал-мүлкін, абырой-намысын сақтауға, үйіне тек күйеуі рұқсат берген кісіні ғана кіргізуі тиіс. Сонымен қатар, әйел баласы өмірдің қуанышы мен қиыншылығында Құдай қосқан қосағының қасында болуға міндетті. Күйеуінің сырын ешкімге ашпауға, шынайы сүйіспеншілік танытуға, сөзінде шыншыл болуға, күйеуі жақсы көрген затты жақсы көруге сонымен бірге, жолдасына ұнамайтын әрекеттер мен сөздерден аулақ болуға міндетті.

Зайд бин Арқам (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Әйел заты күйеуінің барлық ақысын өтемейінше, Алланың ақысын өтей алмайды. Егер күйеуі әйелін қалап шақырса, түйенің үстінде отырса да баруы тиіс», – деген.

Ал, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Әйел бес уақыт намазын оқыса, ар-намысын сақтаса және күйеуіне бойұсынса жәннатқа қалаған қақпасынан кіреді», – деп баяндалады.

Ардақты Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде (с.ғ.с.):«Үйленіңдер де көбейіңдер. Қиямет күні өзге үмбеттерге сендердің көптіктеріңді мақтан етемін[14]», – деп өсиет қалдырған. Ендеше, екі дүние сұлтанының өсиетіне сай Алла Тағалаға ізгі құл, пайғамбарымызға үлгілі үмбет болатын перзенттер тәрбиелеп, адал некені қадірлейтін жамағат болуға жазсын!

[1] Ахмад және Термизи
[2] Ахмед
[3] Нұр сүресі, 33-аяты
[4] Муслим, Насаи
[5] әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул, шайх Мансур Әли Насиф, Стамбул, «мактабат ханафия», 1-2 том, Неке бөлімі, 2-баб, 281-бет
[6] Абай
[7] Фиқһул Уадих
[8] Ниса сүресі, 19-аят
[9] Термизи және Ибн Мажа
[10] Муслим
[11] Әбу Дауд
[12] Ахмед, Бухари, Муслим, Әбу Дауд, Насаи
[13] Ахмед, Насаи
[14] Ахмед, Насаи

 

Бүгін Астанада өтіп жатқан Жеңімпаздар форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға сайлаудағы қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Құрметті халқым! Қазақстандықтар! Бүгін еліміз үшін тағы бір ұмытылмас тарихи кезең болды. Өздеріңізге белгілі, жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі болды. Еліміздің 95 пайыздан артық сайлаушылары қатысқан шарада маған 97,7 пайыз дауыс берді. Ең бірінші алғысым - халқыма. Менің жұртым осы жылдардың барлығында қолдап, менің артымнан еріп, шылбыр мен тізгінді бір қолыма ұстатып, сеніп келе жатқан отандастарымның жаппай сенімін орындау қадірменді міндет. Осы міндетті атқару үшін өзімнің күш-жігерімді, денсаулығымды, тәжірибемді аямай қызмет ете бермекпін деп ант бергенмін. Мен сол антты орындап келе жатырмын», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы сайлауды өткізуге белсенділік танытқан «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне, Қоғамдық комиссия мүшелеріне, 10 мыңнан астам штаб мүшелеріне алғысын жеткізді.
«Олар менің бағдарламамды халыққа түсіндірді. Баршаларына шын жүректен алғыс айтамын. Белсенді қатысқан жастарға да ризашылығымды білдіремін. Барлық істеліп жатқан шаруаны Қазақстанның болашағы мығым, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуы үшін, мәңгілік болуы үшін істеп жатырмыз. Бұл жастар үшін, болашақ үшін! Олар Отанын сүйіп, елі үшін қызмет етеді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
 
today.kz
 
Пятница, 24 Апрель 2015 00:00

Шәкірттерге дәріс оқылды

Осыдан біраз уақыт бұрын облыстық «Марал ишан» мешіті мен Қостанай шаһарындағы қайырымдылық мекемесінің арасында екі ұжымның арасында діни ағартужұмысын барыншажандандыру мақсатында келісім жасалған болатын. 
Онда қайырымдылық мекемесінде шәкірттерге діни сабақ жүргізу  жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, білімді маман Асқар Мейрмабекұлына жүктелген еді.
Ол жуырда осы ұжымда болып, талапкерлерге «Ақида» сабағынан дәріс оқып, жиналғандардың көңілінен шықты. Алдағы уақытта осы жерде түрлі өзекті тақырыптарда әңгімелер өткізіліп, дәрістер жүргізілетін болады. 
 
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі 
 
Суббота, 25 Апрель 2015 00:00

Меңдіқарадағы діни-рухани кеш

Жақында, Меңдіқара ауданының орталығында сол өңірдегі мұсылман ағайындардың есте қаларлықтай ерекше бас қосу болып өтті. Осы жиын діни рухани мәселелерге арналды. Сол күні Боровское поселкесіндегі «Юбилейный» мәдениет  үйінде көпшілік қауым арнайы дайындалған  концертті тамашалады.
Жиналған жұртшылық алдында  ауданның әкімі В.Ионенко сөз сөйлеп баршаға алдағы уақытта да отбасында бақыт, ел игілігі жолындағы жұмыстарында толағай табыс тіледі.
Осынау кеште облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан қажы Сыздықов Меңдіқара ауданының құрметті азаматтары  С.Бұқанов,    О.Таңжарыков,  С.Тишпаев,  Ө.Қошановтарға  жергілікті мешітке көрсеткен демеушіліктері үшін арнайы грамоталарды салтанатты түрде тапсырды.
Кеш соңында көпшілік қауымға аудан орталығындағы «Жұлдыз» мейрамханасында дастархан жайылып,  ас берілді.
 
ruhanikesh01
 
ruhanikesh04
 
ruhanikesh05
 
ruhanikesh06
 
 
ruhanikesh02ruhanikesh03  
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі 
 
Понедельник, 20 Апрель 2015 00:00

Салауат айтудың маңыздылығы

Әлемдердің жаратушысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болып, Пайғамбарымыз Мухаммадқа (), Оның жанұясына, сүйікті сахабаларына және осыларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болғай!

Құран Кәрім әмірі бойынша мұсылман адамға өмірінде бір мәрте болса да Пайғамбарымызға () салауат айту міндет. Ал, күнделікті айтып жүру мұстахап амалына жатады. Алла Тағала Пайғамбарды () мейіріміне бөлеп, періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Сондықтан да Алла Тағала иман келтіргендердің Пайғамбарға () салауат айтуын бұйырды:

(إِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا)

«Алла Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер». (Ахзаб сүресі, 56-аят)

Алла Тағала Мухаммад Пайғамбарды () жақсы көріп, аспандардағы періштелеріне оны мақтайды. Періштелер де оны дәріптеп, ол үшін аса ұлы Аллаға дұға жасайды. Мухаммад Пайғамбарымыз () сахабаларға Пайғамбар үшін қалай дұға, тілектер жасауды үйреткен. Оның бірнеше түрі бар. Сондай дұғалардың бірі: «Оған Алланың сілемі мен игілігі болсын»-деген тілек. Бұл аяттағы Алла Тағаланың салауат айтуының мағынасы: Алланың рақымы, мейірімі дегенді білдіреді. Ал періштелердің салауат айтуының мағынасы: періштелердің Алланың құлдарына жасаған истиғфары, жарылқау тілеуі дегенді білдіреді. Аллаға иман келтіргендердің салауат айтуының мағынасы: мұсылмандардың жасаған дұғалары дегенді білдіреді.

Сонымен қатар жоғарда келтірілген аяттан түсінілетін нәрсе, Пайғамбарымыздың () есімдері айтылған уақытта, Алланың құлдары Алла Елшісіне () салауат айту қажет. Бір мажілісте Пайғамбарымыздың () есімдері бірнеше рет қайталанған жағдайда, басында бір мәрте салауат айту уәжіп болады, қалғандары сүннет амалына жатады. Кейбір ғұламалар әр бір салауатқа салауат айту уәжіп деген.

Салауат – дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде намазды да الصَلَاة «салат» деп айтады. Өйткені, намаз – ең үлкен дұға.

Салауат айтудың артықшылығы

Ибн Ато (р.а.) Алла Елшісіне () салауат айтудың маңыздылығына қатысты былай деген: «Дұғаның қабыл болуы үшін: ықылас, шынайлық, жүрек тазалығы, дұғалар қабыл етілетін уақыт және дұғаның басында, ортасында әрі соңында Пайғамбарға () салауат айтылуы қажет».

Абдулла бин Масғуд (р.а.) былай деген: «Сендердің біреулеріңнің мұқтаждығы болып, Алла Тағаладан сұраса, дұғасын Аллаға лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын барып Пайғамбарға () салауат айтып, қажетін тілесін. Дәл осылай жасау Алла Тағаланың алдында қабыл болуға лайықтырақ».

عن ابن مسعود رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:" إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاةً " (رواه النسائى وابن حبان)

Ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Расында қиямет күні Менімен бірге болатын ең жақсы адамдар, Маған көп салауат айтқандарың» (Насай, Ибн Хиббан риуаят еткен).

عن أنس رضى الله عنه أَنَّ رسول الله صلى الله عليه وسلم قال:" مَنْ صَلَّى عَلَيَّ فِى يَوْمٍ أَلْفَ صَلَاةٍ لَمْ يَمُتْ حَتَّى يُبَشِّرُ بِالْجَنَّةِ ". (رواه أبو الشيخ)

Анастан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған күніне мың мәрте салауат айтатын болса, жұмақпен сүйіншіленген күйде дүниеден өтеді» (Абу Шейх риуаят еткен).

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ حِينَ يُصْبِحُ عَشْرًا، وَحِينَ يُمْسِي عَشْرًا أَدْرَكَتْهُ شَفَاعَتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ."

Абу Дардадан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, қиямет күні Менің шапағатым оған нәсіп болады».

Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала ол адамды қиямет күнінің ұлы қайғысынан аман сақтап, нығметіне бөленген пайғамбарлар мен, шыншылдар қатарында тірілтеді».

Әнас бин Мәлик (р.а) риуаят еткен хадисте былай делінген: «Кімде-кім Маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Ал егер, он салауат айтатын болса, Алла Тағала оған жүз салауат айтады. Ал енді, жүз салауат айтқан кісіге, Алла Тағала мұнафықтықтан және тозақ отынан сақтайтын екі қорған нәсіп етеді де қиямет күні шаһиттермен бірге тірілтеді».

Уаһб бин Манбаһтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім маған он мәрте салауат айтатын болса, құлды азат еткендей сауап алады».

عن أبى هريرة رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلاةً وَاحِدَةً صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ عَشْرَ صَلَوَاتٍ، وَحُطَّتْ عَنْهُ عَشْرُ خَطِيئَاتٍ، وَرُفِعَتْ لَهُ عَشْرُ دَرَجَاتٍ" (رواه أبوداود).

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім маған бір мәрте салауа айтатын болса, Алла Тағала оған он мәрте салауат айтып, он қателігін кешіреді де, дәрежесін он мәрте көтереді» (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Әбу Талха (р.а) әкесінен (р.а) риуаят етіп былай деді: «Бір күні Алла Елшісінің () жүзінен қуанышты көңілмен келгендігі байқалды. Сол кезде Сахабалары: «Ей, Алланың Елшісі! Жүзіңізден қуанышты сезімді байқап тұрмыз»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (): «Маған періште келіп: «Ей, Мухаммад! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымет) айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?»,-деді». Мен: «Әрине разы боламын»,-деп жауап бердім»,-деген».

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте: «Егер мүмин адам Пайғамбарға () бір мәрте салауат айтса, Алла Тағаланың рұқсатымен бір періште әлгі айтылған салауатты алады да Пайғамбардың () қабіріне жеткізіп: «Ей Мухаммад! Сенің үмбетіңнен болған пәленшенің ұлы пәленше Саған салауат айтты»,- дейді. Сонда Пайғамбарымыз () қуанғаннан: «Менен оған он салауат жеткізіп, қиямет күні Менің шапағатым оған міндет болатындығын жеткіз»,- дейді. Кейін періште ғаршының ең жоғарғы жағына көтеріліп тұрып: «Ей, Раббым! Пәленшенің ұлы пәленше Мухаммадқа () бір мәрте салауат айтты»,-деп Алла Тағалаға жеткізеді. Сонда Алла Тағала оған: «Менен он салауат болсын»,-дейді. Кейін Алла Тағала айтылған салауаттың әрбір әріпінен бір-бір періштелер жаратады. Ол періштелердің үш жүз алпыс басы бар, әрбір баста үш жүз алпыс жүзі бар, әрбір жүзінде үш жүз алпыс ауызы бар, әрбір ауызда үш жүз алпыс тілі бар. Осы періштелер барлық тілдерімен үш жүз алпыс мәрте Алла Тағаланы пәктеп мадақтайды. Осы тасбих мадақтардан пайда болған сауаптарды Пайғамбарымызға () салауат айтқан адамға қиямет күніне дейін жазылып тұрады»,-делінген.

Салауат айтпау – сараңдық

Алла Елшісінің () есімі аталған уақытта салауат айтпау, сараңдықтың белгісі болып табылады.

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ عَنْ أَبِي ذَرٍّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : إِنَّ أَبْخَلَ النَّاسِ مَنْ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ ‏‏

Абу Зардан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Менің есімім аталған уақытта маған салауат айтпаған адам сараңның ең сараңы».

Бірде Алла Елшісі () қызы Фатимаға (р.а.): «Адамдардың ең сараңы кім деп ойлайсың?» – деп сұраған кезде, Фатима (р.а) анамыз: «Алла Тағала нәсіп еткен дәулеттен садақа бермейтін адамды ең сараң деуге болар», – дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (): «Жоқ, Менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар – нағыз сараңдар!» – деген екен.

Мәшһүр салауаттар мен олардың қазақша мағынасы

«Аллаһумә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саләйтә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд. Аллаһумә бәрик алә Мұхаммадин, уә алә али Мұхаммад кәмә барәктә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд».

(Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына салауат еткейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың. Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей Мухаммадқа және оның отбасына да береке бергейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың).

Салла Аллаһу алейһи уә саллам

(Алланың оған салауаты мен амандығы болсын).

Алейһи афдалас салати уә әзкас сәләм

(Оған ең жақсы салауат пен ең жақсы сәлем болсын)

Аллаһуммә салли уәс саллим алә Мухаммад уа алә алиһи уа асхабиһи ажмаиин

(Ей, Алла, Мухаммадқа және оның отбасы мен асхабына салауат етіп (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей), амандық бергейсің)

Осынау салауатты көбейтуімізде адамзаттың асыл тәжі, ардақты Елшімізге () үмметі ретінде көрсеткен құрметіміз болып саналары сөзсіз. Сондықтан салауат айтуды төңірегіміздегі жақын туыстар мен дос-жарандарға да насихат етуді ұмытпайық. Және де балаларымызды ардақты Елшіміздің () кіршіксіз пәк өмірбаянымен таныстыру арқылы олардың жүрегінде Хақ сүйіктісіне деген махаббатты оятуға ұмтылып, өскелең ұрпақты да жақсылыққа баулысақ нұр үстіне нұр болмақ! Жаратушы Жаббар Иеміз өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мухаммадты () көбірек танып, Оған () көбірек салауат айтуды нәсіп еткей! Әмин!

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің
найб имамы Асқар Мейрамбекұлы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником