Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Шешенстанның орталық мешітінде қасиетті жәдігері – Мұхаммад пайғамбарының шашын табыстау рәсімі болып өтті. Рамзан Қадыров Ресей Федерациясының мүфти Кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиновқа шаші бар шыны капсуланы салтанатты түрде тапсырды, деп «АиФ» хабарлайды. Шешенстанның басшысы осы оқиғаны тарихи оқиға деп атап, жәдігерді шығарып салуға мыңдаған мұсылманның жиналғанын айтты.

«Мәскеу – Ресейдің астанасы, осында екі миллионнан астам мұсылман тұрады, мұсылман елдерінің елшіктердің саны қырықтан астам, бүкіл әлемнен делегация келіп тұрады. Сондықтан мешітте Ұлы жәдігер болу керек. Алла Тағаланы Ресейдің бүкіл мұсылмандардың, бұкіл азаматтары мен елдерінің бірліктігін нығайтуына жағдай жасайтынын өтінемін», - деп Инстаграмда Рамзан Қадыров жазды.

akmechet.kz

Қазақстанда садақаға арналған электронды терминал құрылды. Қазір терминал сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

«Электронды садақа» жобасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әкімшілігінің бастамасымен қолға алынған.

Алғашқы терминал Әзірет Сұлтан мешітіне қойылды.

«Электронды садақа» терминалы алғашқы кезеңде Астана қаласына қойылады. Егер жоба үмітті ақтайтын болса, Қазақстанның басқа қалаларындағы мешіттеріне орналастырылады.

Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесі бір жолға қойылды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеді.

«Қажылық миссиясының алдын-ала жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде 500 орындық ұшақ еліміздің қажыларына қызмет көрсетуде. Келісім бойынша ұшып келудің жаңа кестесі жасалды. Қазіргі уақытта қазақстандық қажылар Джидда - Алматы бағыты бойынша елге аман-есен оралуда. Қажылық компаниялар Меккеге барған қазақстандықтардың әуежайға уақытында келу жағын ұйымдастырып жатыр. Жалпы айтқанда биылғы қажылық маусымы соңына таяп келеді. Отандастарымыздың барлығы жоспарланған үш рейспен елге оралатын болады», - деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Жиын барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ақпарат құралдары тілшілерінің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ наиб мүфти сұхбат барысында журналисттерге қажыларды тасымалдау жұмысына қатысты шешімін таппаған күрделі мәселелердің жоқ екеніне тоқталып, ұшақтардың ұшу кестесі жүйелі түрде орындалып жатқанын жеткізді.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

Понедельник, 05 Октябрь 2015 19:06

Лисаковтағы жаңа мешіт құрылысы

Лисаков қаласында былтырдан бері мешіт құрылысы жүріп жатыр. Қазыргі таңда мешіттің қабырғалары көтеріліп, төбелері жабылуда. Жақында мешіттің күмбезі орнатылды. Күмбезді арнайы тапсырыспен ООО «СК ИНТЕРМАКС» (Челябі қаласы) фирмасы орнатты. Күмбездің жабдықтары озық техналогиямен жасалғандықтан, 2065000 рубль қаржы жұмсалды. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша мешіт құрылысы келесі жылы пайдалануға Алланың қалауымен беріледі деп күтілуде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Октябрь 2015 19:03

Семинар тағылымы

Жақында облыстық «Марал ишан» мешітінде өңірдегі аудан мен қалалардың имамдары басқосқан семинар болып өтті. Бұл семинарды Ақтөбе қаласының «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының директоры, теолог Асқар Сабдин жүргізді.

Онда имамдарға діни ағымдардан зардап шеккен адамдармен қалай жұмыс жасау және деструктивті діни ағымдарға өтіп кеткен кісілердің дәстүрлі дінге қайтарудың тәсілдері жан-жақты айтылды. Дін қызметкерлері оған көкейлерінде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлының айтуына қарағанда, мұндай басқосулардың әріптестеріне берері мол. Өйткені, әрбір семинардан көп жайды көңілдеріне түйіп қайтады. Ұйымдастырушыларға деген алғыстары шексіз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Октябрь 2015 16:13

Қарттарға құрмет көрсетілді

Біздің қазақ «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп босқа айтпайды. Өйткені, кейінгі жас ұрпақ соларға еліктеп өседі. Олардан тағылым алып, адал еңбек етудің қыры мен сырын үйренеді.

Сондықтан да болар, жуырда облыстық Марал ишан мешіті мен Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалы және «Зекет» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға аталған мешітте дастархан жайылды.

​ Сондай-ақ, осы басқосуға қазақ мәдениеті мен әдебиетіне лайықты үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері де қатысты. Онда аға ұрпақ өкілдері өздеріне ерекше көңіл бөліп, басқосуға ұйытқы болған азаматтардың барлығына да шын көңілден шыққан ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

​ Біз мұндай басқосуды өткізуді дәстүрге айналдырдық. Биыл да еліміздің өркендеуіне бүкіл ғұмырларын арнаған ардақты қарттарымызды шақырып, оларға сый-сияпат жасадық. Ардагерлер дастархан басында шүйіркелесіп, өткен-кеткенді еске алып, бір жасап қалды, - дейді Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсин бізбен әңгімесінде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Октябрь 2015 16:09

Мешіттің өз кітапханасы бар

Асылхан қажы Түсіпбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып қызметке кіріскелі бері әрбір басқосудың тағылымдық-тәрбиелік маңызына ерекше көңіл бөліп келеді.

Бұған облыстық Марал ишан мешітіндегі түрлі деңгейдегі басқосулар мен рухани кештер жарқын айғақ. Көп жылдардан бері дін саласында еңбек етіп келе жатқан дін қайраткері аталған мешіттің жанынан кітапхананың ашылуына да ұйытқы болды.

Оған арнайы қаржы бөлінді. Жуырда осы кітапханада болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстық. Кітапхана бірінші қабатта орналасқан. Ондағы үш сөреге түрлі тақырыптарды қамтыған діни кітаптар қойылыпты.

Мұнда келушілерге осынау рухани дүниелермен танысуға да толық мүмкіндік жасалған, еденге кілем төселген. Арнайы парталар мен орындықтар да оқырмандардың назарын бірден аударады. Бәрі де жаңа, басқа да жиһаздар көздің жауын алады.

Қасиетті Құрандарға сөрелердегі төрден орын берілген. Өзіңіздің көптен бері іздеп жүрген діни әдебиеттеріңізді де осы жерден табасыз. Мешітте кітапханашы Ержан Сұлтанғалиевпен де тілдестік.

Ол өзінің әңгімесінде былай деді:
- Бас имам Асылхан қажы Түсіпбек рухани байлықты жоғары қоятын азамат. Сондықтан болар, осы кітапхананың биылғы күзден бастап ашылып, жұртшылықтың діни сауаттарын көтеруіне ерекше назар аударып отыр. Ізденген адамға бұл жерден өзінің кітаптарын толық табуға болады.

Міне, осылайша облыстық мешіттегі кітапхана өз жұмысын барынша жандандыра түсуде. Бұл парасат ордасына айналған орын алдағы уақытта да жаңа әдебиеттермен толыға түспек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық сапарын өтеуге аттанған отандастарымыздың алғашқы легі елге аман-есен оралды. Алматы халықаралық әуежайында қажылықтан келген қазақстандықтарды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қарсы алды.

Кеше түнде бес парыздың бірін өтеуге кеткендердің 250-і туған топыраққа аяқ басты. Бұған дейін әрқайсысында 274 жолаушысы бар 3 ұшақ елімізге ұшып келген еді. Ал, барлығы 1000 адам елге дін аман оралды. Бұл жолы Меккеге елімізден парызын өтеуге 4 мың астам адам барған болатын.

«Қажылық – Алланың адам баласына берген ұлы сыйы. Сіздер осы ұлық құлшылықты, қасиетті қажылық парызын аман-есен орындап елімізге оралдыңыздар. Бұл Алла Тағаланың мемлекетімізге, халқымызға берген шексіз нығметі. Өйткені, кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Аллаға шүкір, біздің елде бауырларымыз емін-еркін кезексіз барып келуде. Алла Тағала өтеп келген қажылықтарыңызды қабыл етіп, екі дүниеде жүзімізді жарық еткей!», – деп бата жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ баспасөз бөлімі
muftyat.kz

Пятница, 02 Октябрь 2015 16:05

Имамдар іске кірісті

Қостанай өңірінде де дін саласын жетік білетін мамандар қатары жылдан-жылға артып келеді. Өйткені, еліміздегі діни білім ордаларында қаншама дарынды жастар білім алып жатыр.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің арнайы бұйрығымен Қайрат Ердосов Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Оны аталмыш мешіттің қызметкерлеріне облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек таныстырып, әріптестеріне жауапты жұмыстарында сәттілік пен табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі жаңа айдың бір күн кеш көрінуіне орай барлық ұшақтардың ұшу кестесін бір күнге шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған байланысты Жидда халықаралық әуежайында барлық елден келген қажылар үшін жаңа ұшу кестесі бекітілді. Енді отандастарымыз бекітілген ұшу кестесі бойынша елімізге оралауда.

Бұдан бұрын әрқайсысында 274 жолаушысы бар 3 ұшақ елімізге ұшып келген. Ал, бүгін Жидда-Алматы бағыты бойынша сыйымдылығы 274 адамдық тағы бір ұшақ жолға шықты.

Қазіргі уақытта Жидда әуежайында кезегін күткен отандастарымыз жоқ. Ол жақта еліміздің қажыларына ҚМДБ қажылық миссиясы қызмет етіп, қажылар қонақ үйлер мен қажетті ас-сумен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, Биыл тұңғыш рет Алматы-Жидда бағыты бойынша тікелей рейс ашылған болатын.

ҚМДБ қажылық миссиясы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником