Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша мектеп оқушыларына арналған жазғы діни сауат ашу курсын бастап кетті.
Осы биылғы мамыр айының аяғына таман 5 жастан 14 жасқа дейінгі аралықтағы жас шәкірттер ата-аналарының өтініші бойынша сауат ашу курсына қабылданды.
Шәкірттерге сабақ беру барысында оларға тәлім-тәрбие, әдептілік қағидалары, құран оқып үйренуден дәрістер оқытылады. Сондай-ақ, оларды салауатты өмірге бейімдеу мақсатында түрлі спорттық ойындар өткізілуі жоспарланған.
Қазіргі таңда мешіт жанында 19 бала дәріс алуда. Дәріс беретін ұстаздар да өз саласын жетік білетін мамандары.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі