Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Төралқа мәжілісіне орай, Қостанай облысының имамдардың бас қосуы болып өтті.
Жиында Рамазан айындағы шаралардың жоспары талқыланып, қалалар мен аудандардың бас имамдарына қайырымдылық жасау, ауызашарлар беру, тегін қоғамдық қызмет шараларын ұйымдастыру тапсырылды.
Аталмыш отырыста жақында өткен ҚМДБ-ның Ғұламалар Кеңесінің ХІІ отырысындағы талқыланған «Құдайы ас беру» және «Жаназа» мәселелері бойынша пікір алмасты.
Отырыс соңында «Көрікті мешіт 2016» бәйгесі бойынша І орын Қарабалық ауданының «Ғашура ана», ІІ орын Рудный қаласының «Нұр», ІІІ орын Арқалық қаласының «Мухтасиб Әлмұхаммед» және Денис ауданының «Жұма» мешіті марапатталды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі