Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 29 мамыр күні облыстық «Марал ишан» мешітінде Құран жарысы өтті.
Жарыс талабына сәйкес қатысушылары 1 параны толық жаттаған болуы, жасы 30-дан аспауы, оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланды. Сонымен бірге, оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралады.
Осы талаптардан мүдірмей облыстық «Марал ишан» мешіті атынан шыққан Нәби Нұрдәулет І-ші орын, ІІ-ші орын Амангелді ауданына келген Әли Абзалұлы, ал ІІІ-ші орынды Рудный қаласының Қашар кентінен келген Әбдірахманов Дінислам иеленді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі