Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастырумен «Көңілді старт» мектепаралық жарыс өткізілді.
Осынау жарысқа аудан бойынша 4 - мектептің бастауыш сыныптар командасы қатысты. Ойын өте тартымды да қызықты өтті.
Мұндай сайысты өткізудегі мақсат - жастарды салауатты өмір салтына баулу болатын. Биылғы жастар жылы аясында ұйымдастырылған жарыста I- орынды № 2 қазақ орта мектебі, II- орынды № 3 орта мектебі, III- орынды № 1 мектеп командалары жеңіп алды.
Жүлдегерлерге ауданның Бас имамы Болатжан қажы Байшев мешіттің атынан арнайы сыйлықтарды табыстады.
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Захер Бен Мутиш Әль-Әнесимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар діни қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Умра мен Қажылықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Вице-министр Б.Арын дін саласындағы байланыстардың даму барысына өз ризашылығын білдіріп, Корольдікпен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Сонымен қатар ол сауд тарапына қажылықты ұйымдастыру барысында қазақстандық қажыларға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.
Тараптар, ағымдағы жылы қазақстандық қажылардың Умра мен Қажылыққа бару жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Сонымен қатар, пікір алмасу барысында Қоғамдық даму вице-министрі Елшінідін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын Министрліктің ағымдағы міндеттері мен басымдықтары туралы хабардар етті.
Б.Арынтерроризмнің барлық түрлері мен көріністерін айыптаған және айыптайтын, сондай-ақ бұл құбылысты түп тамырымен жою үшін әлем қауымдастығымен тиімді ұжымдық күш-жігерді жұмылдыруға шақыратын Қазақстан үшін сауд тарапының дерадикализациялау мен оңалту жұмысы саласындағы тәжірибесі қызығушылық тудыратынына назар аударды.
Тараптар экстремистік діни ағымдардың алдын алу қызметі, оның ішінде радикалды діни идеологияның ықпалынан халықты қорғау бойынша қарсы насихат жұмысын жүргізу әдістері жөнінде тәжірибе мен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға келісті.
Науырзым ауданы орталығында салауатты өмір салтын сақтау, имандылықты ұстануға үйрету мақсатында «Жастар жылы» құметіне орай ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті.
Шараны «Түркебай» мешіті және «Науырзым ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен жарысқа жеке кәсіпкер Алдажұманова Айнагүл демеушілік жасады.
Жарыстың бастамасын «Науырзым ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Жабағин Ерболат Төлендіұлы және «Түркебай» мешітінің найб имамы Кенжеғалы Әлфараби Ерболұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Науырзым ауданы әкімдігінің құрама командасы, Жамбыл орта мектебінің мұғалімдер командасы, Жамбыл орта мектебінің оқушылар командасы, Өрт сөндіру бөлімінің командасы, Ауылшаруашылық колледжі командасы, Раздольное ауылының команда қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша 1 орынды Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері еншіледі, ал 2 орынды Науырзым ауданы әкімдігінің құрамасы, 3 орын Раздольное ауылының командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мақтау грамоталары мен қаржылай сыйлық ұсынылды.
Жақында облысымыздың Ұзынкөл ауданы Обаған ауылында Мәуліт мерекесінің құрметіне «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өткізілді. Кешке Пайғамбарды үлгі тұтқан жамағат пен ұстаздар, жастар мен оқушылар жиналды.
Сондай-ақ ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және наиб имам Дархан қажы Сыздықов, Мендіқара мен Ұзынкөл аудандарының бас имамдары Еркебұлан Қошан, Есенгелді қажы Ажмахан және «Балықты» мешітінің алқа мүшесі Кенесары Мырзахметов қатысты.
Рухани кешті бастамас бұрын құрметті қонақтар Обаған орта мектебінде ұйымдастырылған қазақша күресті тамашалады. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз палуандарға «Балықты» мешітінің ұжымы атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Содан кейін Мәуліт кешіне жиналғандар жыршы-термеші Абзал Алпысов, Заңғар Санай, Қыдырбек Қиысханның өнерлеріне тәнті болды. Сонымен бірге облыстық мешіттің наиб имамы Дархан қажы «Салауат-мархабаны» орындады.
Осы тағылымы мол басқосуда облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы - Мәуліт күнінің ерекшелігі жайлы жан-жақты баяндап, барлық қауымды осынау мерекемен шын жүректен құттықтап, оларға ырыс-береке, молшылық тіледі.
Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін баяндайтын шығармалар, имандылықты дәріптейтін хадистерін оқылды. Осы мерекеде аудандық «Балықты» мешітінің ұжымы атынан балаларға киімдер табыс етілді.
Мерекенің үшінші бөлімі мектеп асханасында одан әрі жалғасты. Мұнда Ермек қажы Сабыржанұлы ақ дастарқан жайып, қонақ асын берді. Ауданның бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы кеш барысында Обаған ауылының жеті азаматын Алғыс хаттармен марапаттады.
Жуырда Қостанай облысы, Денисов аудандық «Жұма» мешітінің Бас имамы Болатжан Байшевтің ұйымдастыруымен, аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Кездесудің ерекшелігі ақыл есі дұрыс адамға парыз болған - зекет берудің маңыздылығымен шарттарын түсіндіріп жеткізу.
Аталмыш шараға Қостанай облысындағы өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы зекет берудің үкімін жан-жақты түсіндірді және нисабы яғни қалай есептелетінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «ЗЕКЕТ ҚОРЫ» және Қостанай облыстық мешіттерінде «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» жобасының ашылғандығы баяндады. «Өкінішке орай, астанадағы өрімдей бес бүлдіршіннің қайғысы барлығымызға сабақ деп ойлаймын. Қабырғамызды қайыстырып, ойлануға себеп болды, осындай қайғылы жағдай орын алмас қолға алып жатқан шаруамыз. Ең болмағанда өз облысымыздағы мұқтаждарға қол ұшын созайық»- деп жиылған қауымды бір-бірімізге мейірбан болуымызға үндеді.
Алдағы уақытта облысымыздағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, дер кезінде көмек беруге шақырды. Жиынға өзге ұлт өкілдері қатысқандықтан, екі тілде өткізіп, Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан қажы ресми тілде жиналғандарға жеткізді.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Мейірбандылық - жүректен, қайырымдылық – білектен»» атты қайырымдылық шарасы жасалды.
Мұндағы мақсат – көпбалалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытыту.
Ол үшін Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складская» атты сауда орталығындағы сауда жасайтын жеке кәсіпкерлермен кездесіп, шараның мақсатын түсіндірді.
Осылайша барлық жәрдемдескен кәсіпкерлерден құны 170 мың теңге тұратын азық-түлік, тұрмыстық тауарлары жиналып, 8 көпбалалы отбасыға және 2 көмекке мұқтаж жандарға тең көлемде бөлініп, таратылды.
Осындай сауабы мол, маңызы жоғары шараға атсалысқан кәсіпкерлерге Алла Тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! «Садақа бәленің алдын алады»-деген Пайғамбарымыз (ғ.с.). Алла бәле-жаладан аман етсін!
Лисаков қаласының мешіт жамағаты күнделікті бес уақыт намазға ғана келіп қоймай, мешіт тіршілігіне аса мән беруде. Қыс маусымында мешіт айналасын қардан тазартып сауап алады. Күннің суығынада аяға да қарамай мешіт айналасын таза ұстауға тырысады.
Жаз айларында мешіт айналасына егілген газон шөбін қырқып, көшет гүлдерді де өз еріктерімен, ешкімге айтқызбай суарып та қояды.
Ойлаған ойы, алдыға қойған мақсаттары тек Алланың разылығына жету. Қасиетті құран кәрімде тәуба сүресінің 18 аятында:
إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللّهِ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَأَقَامَ الصَّلاَةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلاَّ اللّهَ فَعَسَى أُوْلَئِكَ أَن يَكُونُواْ مِنَ الْمُهْتَدِينَ
«Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақыретке иман келтірген, намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзгеге ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады. Міне солар тура жолдан таймай, мақсат-мұраттарына жетуге үміт ете алады» делінген.
Алла тағала осындай мешіт жанашыры болған жамағатты арттырсын!