Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетіліп жатқаны баршамызға мәлім.
Бұл – акция мешітке келуші жамағаттармен қайырымды жандардың үлес қосуымен жүзеге асуда.
Республика бойынша 174 ші үйдің кілті Жангелдин ауданы Торғай селосының тұрғыны, алты баласы бар ана Мадина Қонысоваға бұйырды.
Баспананың кілтін Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің арнайы тапсырмасымен Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы табыс етті.
Қуаныш иелеріне аудан тұрғындары әрі мешіт жамағаттары кілем тарту етті.Үлкен шаттыққа бөленген жанұя шынайы ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Бұл есте қаларлық оқиғаға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті тұрғындар куә болды. Олар шаңырақты көріп, ақсақалдар батасын берді.
Баспаналы болған көп балалы отбасының атынан жиналған қауым және ұйымдастырушылар, тілекші жандар жайылған дастарханнан дәм татты.