Облысымыздың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Денисов ауданында іс – сапармен болды. Оны аудан аудан әкімі Бахыт Мирасұлы қабылдап, маңызды мәселе жайлы әңгімелесті.
Содан кейін аудандық «Әлем» мәдениет үйінде өткізілген Мәуліт мерекесіне қатысты. Онда облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы құран оқып, Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы тағылымды уағыз – насихат айтты. Онан соң Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан қажы Зейнелгабиденұлы ресми тілде пайғамбарымыз жайлы баяндады.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ана, ниетке байланысты арнайы қойылымдарды жұртшылық назарына ұсынды. Іс – шара соңында ауданның бас имамы Руслан Маратұлы сөз сөйлеп, өзінің ізгі тілегін білдірді.
Соңынан Мәуліт мерекесінің құрметіне мешіт асханасында дастарқан жайылып ас берілді.
Онан соң аудандық мұражайда құрметті қонақтарға өлкенің тарихы жайлы таныстырылып, Бақытбек қажы арнайы кітапқа өзінің тілегін жазды.
Ал жұма күні аудандық орта қазақ мектебінде мектеп оқушылары және мұғалімдерімен кездесуде «Ата – ана қадірі» жайында тағылымды насихат айтты. Белгілі дін қайраткерінің сапары ауданның Фрунзе ауылында жалғасты.
Бас имамның уағыздары көпшіліктің жүректерін қозғағаны соншалықты, жергілікті халық дән риза болып ризашылығын білдірді.