Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 25 Апрель 2019 17:10

Салт-дәстүр және діни рәсімдер

Қостанайда «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар болып өтті. Бұл жиында ҚМДБ төраға орынбасары А. Әділбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов, Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин, Қостанай облысының өкілі бас имам Б. Тәжімбет және облыс көлемінен ел ағалары ақсақалдар қатысты.

Бұл басқосудың мақсаты – жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіруді насихаттау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу.

Өткен 2018 жылы осы тақырыпта үлкен жиын болып, онда ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын басшылыққа алып, жаназаға қатысты бірнеше шешім қабылданған болатын.

Осы қабылданған шешім аясында атқарылған, қолға алынған жұмыстар бойынша Алтынсарин ауданынан Жандарбек Қарбенұлы, Ұзынкөл ауданы алқа мүшесі Кенесары ақсақал және Әулекөл ауданынан келген Қайдар Әбдірахманұлы сөз сөйледі.

ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы өз сөзінде «Жаназа тақырыбына қатысты елді толғандырған мәселелер көп. Қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу салттары шариғат қағидаларымен атқарылған және атқарыла бермек. Жерлеу рәсімі елімізде жалпылама бірдей орындалғанымен, кейбір аймақтық ерекшеліктер кездесіп тұрады. Біздің мақсатымыз – діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру, жамиғатқа бірдей біріңғай үкімдерін жеткізу. Өйткені мұсылмандық діни рәсімдердің түп-негізі – шариғат үкімдері. Ал шариғат үкімдері жалпы мұсылман үмбетіне ортақ, екендігін атап өтті.

Осы жиын соңында «жаназа рәсімдеріне қатысты ұсыныстар айтылып, оны халық тарапынан қолдау тауып жатса алдағы уақытта нақты шешім ретінде бекітілетін болады»-деді Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы.

Бұл басқосудың соңында мәжіліске келген барша ақсақалдар мен қонақтар күн тәртібіндегі мәселені бір ауыздан қолдайтынын және оның өте маңыздылығына тоқталды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Еліміз бойынша дін қызметкерлерін аттестациялау Қостанайда өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет бастаған комиссия облыс көлеміндегі дін қызметіндегі имамдар мен молдаларға сәттілік тіледі.

Алау Шайхымұлы өз сөзінде бұл шараның мақсаты – сынақ , емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрларды көбейту екендігін атап өтті.

Нұрбек Әуезханұлы «Аттестация нәтижесіне қарай қызметкерлер білім деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын болады», - дей келе емтиханның жүргізілу тәртібі мен бағалау критерийлерін түсіндіріп берді.

Сынақтың алғашқы кезеңінде "Ақида", "Фиқһ" және заң сұрақтары бойынша электронды жүйеде тест тапсырып, екінші кезеңде "Құран Кәрім (қирағат, тәжуид)", "Ислам тарихы (алғашқы кезең)" және төрт құжат бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру форматында өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынды.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Біз өткеннен өнеге алған халықпыз. Осы ретте әріптестеріме Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынамын. Рухани карта өскелең ұрпақтың тарих пен руханият саласына қатысты сұрақтарына жауап беретін бейнебір бағдаршам, шамшырақ болуы тиіс. Тарихынан тағылым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама тарихшы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді», – деп атап өтті өз баяндамасында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны 300 делегат қатысуда.

Источник Muftyat.kz

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен басталған «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

«Радикализмге адамдар қандай себеп бойынша бұрылып кететінін анықтау қажет. Оған жекелеген адамдарды гуманистік, интеллектуалдық, мәдени жағдайлар да итермелеуі мүмкін. Сондықтан да заманауи зайырлы мемлекеттің дін өкілдері аймақтардағы дәстүрге мән беріп, мәдени бағыттағы, ғылым мен білім саласындағы артықшылықтарды ескеруі тиіс деп ойлаймын.

Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды», – деді Дәурен Әскербекұлы.

Источник Muftyat.kz

Понедельник, 01 Апрель 2019 10:19

Сарыкөл: Ұлттық ойын ұлықталды

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектебінде өткен мерекелік сайысқа «Аққозы қажы» мешіті мұрындық болды.

Бұл шара – ҚР Әнұранымен басталып, бас имам Дәулетбай қажы Әбдіхалық пен мектеп директоры Ерлан Смановтың құттықтау сөздерімен жалғасты.

-Ислам дінінде тек жан саулығына емес, тән саулығына да мән беріледі. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында осы жарысты ұйымдастырып отырмыз, - деді дін өкілі.

Жарыс нәтижесінде, асық атудан 1-орынды Айдын Смағұл, 2-орынды Абылайхан Марденов, 3-орынды Ержан Жақсылық иеленді. Ал, тоғызқұмалақ бойынша біріншіні Анар Усипбаева, екіншіні Қарлығаш Ділдәбекова, үшіншіні Диас Ескендіров еншіледі. Сондай-ақ, гір көтеруден I орынды Айдар Молжігітов, II орынды Айдын Смағұл, III орынды Жандос Жапаев өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдасытрушылар тарапынан мадақтама қағазы, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 29 Март 2019 16:05

Құрмет ұстаз Қостанайда

Жақында РАНТ мүшесі Нұр Мүбарак университетінің ұстазы Смагулов Құрмет Алдымен «Нұр Отан» партиясы Қостанай аудандық филиалының ғимаратында мешіт имамдары және ішкі саясат бөлімінің, аталған партия филиалының қызметкерлері қатысқан жиын болып өтті.

Оған терроризм мен экстремизмнің тигізер қаупі және басқа да өзекті мәселелер арқау болды.

Содан кейін РАНТ мүшесі Құрмет Смағұлов Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен кездесті. Мұнда „Шынайы мүміннің сипаты„ деп аталатын маңызды тақырып қозғалды.

Дін қайраткері осы сапарында облыс орталығындағы УК-161/2 түрмесінде жазасын өтеп жатқан кісілермен де жүздесті. Кездесуде «Исламдағы бауырмашылдық» тақырыбы жан-жақты айтылды.

Сондай-ақ Құрмет Смағұлов Қостанай ауданы Заречный ауылындағы және Рудный қаласы «Нұр» мешітінде мұсылман бауырларымызбен басқосуда да аса маңызды мәселелерді түсіндірді.

Ол сапарының қорытындысында Қостанай облыстық мешітінде имамдар және шәкірттермен жүздесіп, аса маңызды „Ақида сабақтары„ хақында әңгімелеп, өз ойын ортаға салды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Үстіміздегі жыл «Жастар» жылы аясында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан қажы Байшев және белгілі спорт шебері Құдайберді Мұртазаұлының бастамасымен аталған ауданның №3 қазақ орта мектебінде маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Бұл басқосуда спорттың адам өмірінде алатын ерекше орны мен оның кез-келген кісінің денсаулығына тигізер пайдасы жөнінде әңгіме өрбітілді.

Бір тоқталар жай, мектеп оқушылар да белсенділік танытты. Олар спорт шебері Құдайберді Мұртазаұлына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Өздеріңіз де баспасөздерден оқып, теледидарлардан көріп жүрген боларсыздар, облыстық мешіттің ұйытқы болуымен барлық аудандар мен қалаларда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көптеген игі жұмыстар атқарылды.

Оған үстіміздегі жылдың өзінде ұйымдастырылған спортқа қатысты іс шаралар нақты айғақ бола алады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником