Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл, қыз боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі
Сатыбалды ишан мешітінде Жандарбек Мүбәрәкұлының бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен жетекшісі Бақытбек Ақынғазыұлы.
«Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі» тақырыбында кездесу болып өтті. Шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен таныстырып, Жандарбек Мүбәрәкұлы балаларға халықымыздың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрін, ата-бабамыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
Сонымен қатар оқушыларға елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтап, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырды.
Сонан соң оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, кездесудегі әсерімен бөлісті.
Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет болып табылады. Сондықтан да облысымыздың жер-жерлеріндегі киелі орындарды қаншама кейінгілерге ғибрат боларлық шаралар өткізіліп тұрады.
Мәселен, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің «әйел-қыздар» секторы қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларын ұйымдастыруға әрқашанда ұйытқы болып келеді.
Жуырда киелі орынның қызметкерлері қала тазалығына жауапты жұмысшыларды Алғыс айту мерекесімен құттықтап, оларға ыстық тамақ әзірлеп, дастархан жайды.
«Әйел-қыздар» секторының жауапты қызметкері, ұстаз Айнұр Болатқызы мен мешіт имамы нәзік жандыларға имани тәлім-тәрбиелік жайлы баяндай келіп, олардың қыстың аязды күндері мен жаздың аптап ыстығында аянбай тер төгіп жүрген еңбектері үшін дән риза екендігін жеткізді.
Елбасы үстіміздегі жылды жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Соған байланысты өңіріміздің бірқатар аудандары мен қалаларында түрлі тәрбиелік маңызы зор әрі жастарға берері мол ізгі шаралар ұйымдастырылуда.
Өйткені, бүгінгі жастар еліміздің ертеңі. Білімді де білікті жігіттер мен бозбалаларға қайда да сұраныс жоғары. Бұл орайда Меңдіқара ауданындағы «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің тындырып жатқан жұмыстары да аз емес.
Жуырда киелі орын қызметкерлері мектеп-интернаттағы жатып оқитын балаларға сый-сияпат жасады. Әрине, олар мұндай ілтипатқа шексіз қуанышқа бөленгені белгілі.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын өткізіп, жастарды ізгілік пен мейірімділікке, қайырымдылыққа елімізге адал еңбек етуге баулу беретіндігі даусыз.
Жуырда Таран ауданыңда Мәуліт мерекесі ойдағыдай ұйымдастырылды. Бұл аса мағыналы жиынға облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы арнайы шақырылды.
Сондай-ақ өңірдегі Жітіқара, Денисов, Лисаков секілді аудан және қалалардың бас имамдары да қатысты.
Көпшілік алдында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы барша жұртшылықты Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, басқосқан мұсылман қауымға Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмыры жайлы әңгімеледі.
Рухани кешке қатысқан ақындар да суырып-салма өнерлерімен ағайындарды тәнті етті. Аудандық «Әйет» мешітінің шәкірттері Пайғамбарымызға салауат оқып, көпшілікке ой салды.
Науырзым ауданының Өлеңді ауылында екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күні – Мәуліт мерекесі ойдағыдай аталып өтті.
Онда мереке құрметіне арнайы жайылған ақ дастархан басындағы іс-шараны мектеп директоры Жомарт Амантайұлы жүргізіп отырды. Ал ауыл әкімі Ашис Орманов жиылған жамағатты осынау мейраммен шын жүректен құттықтады.
Ешмұрат Расулхан Пайғамбарымыздың өмірбаяны жайлы баяндады. Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы және ауыл молдасы Қадірбек ақсақал хадистермен мысал келтіре отырып, терең ойға қалдырған уағыз айтты.
Өткен жылы қараша айында өзге ұлт өкілінің қызы Тобыл кентіндегі "Ажар" мешітіне келіп, өзінің Ислам дінін қабылдауға ниетті екендігін білдірген болатын.
Осы мешіттің имамы Жасұлан Серікбайұлы оны жылы жүзбен қарсы алып, Исламның шарттарымен құндылықтарын кеңінен түсіндірген еді.Әлгі жүрегі нәзік жан тілін кәлимаға келтіріп,оған Азан шақырылып, есімін Ләйла деп атаған еді.
Бүгінде сол Ләйла Жұма сайын намазға келіптұрады.Алдағы уақытта қасиетті Құранды үйренугеде ниетті екендігін айтты.
Мешіт жамағаттары оған дән риза. Оның Исламға құрметпен қарайтындығына тәнті болып, оған кітап, жайнамаз, Ташпих және басқа да заттарды сыйлады.
Мәуліт мерекесінің қадірменді қонағы ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған қала, аудан бас имамдары және аудан тұрғындары жиынға қатысты. Ол Құран оқудан басталды.
Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтандыруға шақыру.
Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет жиылған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен жүректен құттықтады. Пайғамбарымыздың мейірімді мінез мен адалдығы жайында және де бала тәрбиесіндегі теріс және оң тәрбиенің ара-жігін ажырата білу қажеттігін тілге тиек етті.
Онана соң Денисов ауданының депутаты Алпамыс Мырзабаев та жұртшылыққа өзінің ең ізгі тілегін жеткізді.
Жалпы, Мәуліт мейрамын өткізу барысында иләһи әндер айтылып, жыр- термеден шашу шашылды және Мұхаммед (с.ғ.у.) Пайғамдарымыздың құрметіне ас берілді.
Іс-шара соңында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Ғалымұлы барша қонақтарға алғысын білдірді.
Ислам діні білімге ерекше көніл бөледі. Осы мақсатты берік ұстанған Жітіқара ауданында елеулі жұмыстар атқарылып жатыр.
Жақында аталған ауданан Мухаммад Назаров Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсына оқуға аттанды. Мухаммад өте талапты жас. Сондықтан терең білім алуды өмірлік мұраты деп есептейді.
Мешіттің бас имамы Мейіржан Қапарұлы жас шәкіртке жол жүрер алдында ақыл-кеңесін айтып ақ батасын берді.
Киелі орынның барша жамағаттары талапты жасқа ең ізгі тілектерін білдіріп, оның болашақта жан жақты білімді азамат болып шығатындығына шүбә келтірмеді.
Барша мешіт жамағаты Мухаммадқа оқуда озат, болашақта нағыз дін қайраткері болуына тілектерін білдірді.
Жуырда Алтынсарин аудандық «ALDIARULY JANUZAQ» мешітінің ұйымдасыруымен аудандық мәдениет үйінде Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні Мәуліт мерекесі аясында «Адамзаттың абзалы» деп аталатын рухани кеш өткізілді.
Осы кештің жалғасы ретінде үстіміздегі Жастар жылына байланысты жас отбасылар арасында «Мерейлі отбасы» байқауы да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - жас отбасылар арасында Ислами және ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Бағдарламада қатысушылар өз отбасымен таныстырып, ұлттық салт-дәстүрге және басқа да әдет-ғұрыптарға байланысты сауалдарға нақты жауап берді. Осы шараның демеушісі Шоқай ауылының тұрғындары Рамазановтар отбасы.