Бүгін әңгімеге арқау болып отырған Амангелді ауданында халық арасындағы ынтымақ-бірлік, білім мен руханиятқа айрықша көңіл бөлінеді. Оған нақты деректер мен дәлелдер де баршылық.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде мынаны айтсақ. Жақында аудандық орталық кітапханада Бас имам Жандарбек Әмірхамзиннің қатысуымен «Бәріміз бірге еріктілер – елдің тірегі» деген тақырыпта «ТАЛҚЫ-LIKE» атты кездесу болды.
Бұл шарада аудан ақсақалдары жастарға ақыл айтса, жастар оның ішінде еріктілер жақсылықта жарысу керектігін ортаға салды.
Сонымен қатар аудандық музыка мектебінде де тағылымды кездесу өткізілді. Ондағы қозғалған тақырып «Сенім және адамның рухани байлығы» болатын.
Жандарбек Мүбаракұлы бұл тақырыпта дінімізде сенімнің қыр-сыры туралы насихатын айтты. Ал өнер ордасының қызметкерлері көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, бір-бірін толықтырды.