Қазіргі таңда халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Оған Амангелді ауданының Бас имамы Жандарбек Әмірхамзиннің кездесулері жарқын мысал бола алады.
Жуырда аталған аудандағы Ы. Алтынсарин орта мектебінің 11-ші сынып оқушыларымен жүздесуде «Дін мен дәстүр» тақырыбында әңгіме өрбіді.
Сондай ақ Бас имам Байғабыл ауылындағы «Нүркей қажы» мешітіндегі бас қосуда көптеген маңызды жайларды қозғады. Онда «Мұсылман және жақсы азамат болу» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауап беріліп, кездесулер әсерлігімен есте қалды.