Қасиетті Ережеп айында облыстық мешіттің Бас имамы, найб имамдар және ЖАНТ өкілдері бірнеше тағылымы мол кездесулер өткізді.
Мәселен, жұма күндері Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде, облыстық мешіттің найб имамы Дархан Сыздықов Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде, найб имам ТимурТуребаев Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінде жұртшылықпен жүздесіп, уағыз айтты.
Сондай-ақ облыстық мешіттің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы Әулиекөл ауданында ғибратты кездесулер өткізді. Ол сапар барысында Әулиекөл аудандық Ш. Уәлиханов атындағы, Аманқарағай ауылдық №2 қазақ орта мектептерінің оқушыларымен, аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Ол қазіргі кездегі діни экстремизмнің тигізер зардабы және одан сақтанудың жолдары жайлы баяндады. Жүздесулер соңында аудандық «Әмит ишан» мешітінде болып, жамағатқа насихат айтты. Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.