Рудный қаласындағы №19-шы мектепте «Діни сауатсыздықтың зардабы» атты тақырыпта кездесу өтті. Онда ақпараттық түсіндіру жұмысы баяндалды.
Басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп директоры, ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы білімнің құндылығы жөнінде айта келіп, жас өрендерге имандылықты арттырып, өнегелі өмірді қалыптастыруға септігі тиетін жайларға кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда белең алып тұрған жат ағымдардың да қоғамға зияны туралы айта келіп, жастарды одан аулақ болуға шақырды.
Кездесу барысында оқушылардың ой-пікірлері, көзқарастары тыңдалып, сұрақтарға нақты жауап берілді.