Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлинның есімі берілген ауданда болды.
Ол осы іс-сапар барысында ауданның әкімі Қайсар Мыржақыповпен кездесіп, өңірдегі қалыптасқан дін ахуал жайлы әңгімелесті. Аудан басшысы да өз кезегінде руханият саласында атқарылып жатқан жарқын істер хақында баяндады.
Бас имам жергілікті мешіт жамағаттарына және жанашырларына ауданға жаңадан сайланған ауданың Бас имамы Ислам Хамзинді таныстырып, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.
Сондай – ақ «Ихсан және Жастар» атты рухани танымдық кешке қатысып, басқосудың мәні мен алда тұрған келелі міндеттерге кеңінен тоқталды.
Осы сапар барысында аталмыш ауданның Тобыл бекетіндегі «Ажар» мешітінде жолаушыларға арналған «Жолаушы бөлмесін» ашты.
- Бұл сапар өте нәтижелі әрі жемісті болды. Өйткені, біз ұлттық мақтанышымыз Бейімбет Майлин атындағы ауданында ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың қазіргі қиын кездегі көңіл-күйін біліп, өзіміздің тағылымы мол уағыздарымызбен олардың рухын көтердік. Әрқашан да ұйымшылдық танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз, - деді Бахытбек Нұрғабылұлы.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы аясында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында талай игі істерге мұрындық болып жүр.
"Жылулық сыйла" акциясы аясында Тобыл қаласында 7 немересін бағып, қағып отырған ардақты жан Рабиға Қожамқұлованың тұрмыстық жағдайын ескеріп, қолдау көрсетті. Көмекке мұқтаж отбасына 5 текше ағаш жеткізіліп, қаржылай көмек көрсетілді.
-Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі белгілі. Сол себепті, біз жыл бойы қолдан келгенше күн көрісі төмен қандастарымызды назарымызда ұстаймыз, - деді бас имам Шоқан қажы Әмірханов өз сөзінде.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі