Қостанай облыстық мешітінде Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы құрметіне Мәуліт мерекесі заманауи түрде аталып өтілді.
Олай дейтін себебіміз еліміздегі жағдайға байланысты аталмыш рухани шара халыққа ыңғайлы уақытта онлайн форматта @Mechet_kostanay Instagram желісі арқылы тікелей көрсетілді.
Айтулы мерекеге орай Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сөз алып, пайғамбарымыз туралы өнегелі өсиеттерді мысалға келтіре отырып, тағылымы мол салауат айтуға шақырды.
Содан кейін найб имамдар Дархан Манарбекұлы, Әлішер Ертайұлы, Тұрым Ақанұлы және шәкірт Дінмұхаммед Бектұрсынұлы Мәуліт қасидасы мен салауат шарифін оқыды. Қасиетті Құран аяттарының батасын белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы берді.
Бұл есте қаларлық шараны Рудный қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жүргізіп, Мәуліт мерекесінің ғибраттық жағы ерекше екендігіне тоқталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастаған «Қайрымдылық керуені» шарасы аясында Қостанай облысы бойынша әр өңірде жалғасын табуда.
Аталмыш игі іс бұл жолы Жітіғара ауданында жалғасты. Ол Адамзаттың асылы Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күні, яғни Мәуліт айы қарсаңында өткізілді.
Онда қайырымды һәм сауапты істерді жандандыруды қолға алған аталмыш мешіт қызметкерлері өзгелерге өнеге боларлық акцияны ауданның белді кәсіпкерлері Данияр Балапанов пен Чингиз Әуезов қаржылай көмек берді.
Отыз бес отбасыға азық-түлік таратылды. Ал, жүріп тұруы қыйын кісілерге азық-түлік үйлеріне жеткізілді.
Аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Мерейіржан Бердіғожин осы шараның өтуіне атсалысқандарға алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
ҚМДБ Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Әйел-қыздар секторы» мұсылман әйеліне арналған түрлі киім үлгілері ұсынылды.
Облыстық мешіттің ұстазы Халим Жансаяның ұйымдастыруымен “Kazakh hidjab style" атты іс-шара өткізілді.
Шара барысында ұлттық нақышта ұсынылған үш түрлі киім үлгісі және заманауи стильдегі офистік, спорттық және кештерге киюге арналған киім үлгілері де көрсетілді.
Осы сән кешінде қатысушы көрермендерге түрлі күнделікті киімдерге 30 пайыздық жеңілдіктер жасалды.
Кеш соңында шараға қатысқандар алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық мешітінде Мәуліт айының құрметіне қайрымдылық шарасы жасалды.
Мешітіміздің демеушілері арқылы және облыс бойынша «Зекет» қорының облыстағы өкілі Мейрам Исламханұлының іскерлігі мен найб имам Бақытжан Икрамның ұйымдастыруы арқасында азық-түлік таратылды.
Осы шара аясында мешіттегі қызметкерлерге және тұрмысы төмен, көп балалы тағы басқа мұқтаж кісілерге күзгі жиынннан үлестірілді.
«Жалпы мұндай шараларымыздың орындалуына үлесін қосушы әрбір демеушіге Алла тағаланың нұры жаусын. Лайым «Жақсылықта жарысу» қағидасын ұстанайық» деп алғысын білдірді облыстың Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Әулиекөл ауданының азаматтары жылда жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене атсалысады. Олар биыл да өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Мәселен, үстіміздегі жылғы акция кезінде жүрегі жомарт азамат, іскер кәсіпкер Сәбит Жайсанов өз атынан 100 000 теңге берді. Осы қаражатқа көп балалы отбасылардың ұл мен қыздарының мектепке баруына жағдай жасалды.
Әулиекөл аудандық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов «Осы шараға атсалысып көмек көрсеткен барша ағайындарға шексіз ризашылық білдіремін. Алланың нұры жаусын. Халқымыз жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші әрдайым осылай ауызбіршілікпен ісіміз берекелі болады» деп өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде аталмыш ұжымның алқа мүшелері мен белсенді жамағаттары бас қосты.
Ол Бас имам Нұрбол Балахметовтың осы мешіттегі бір жылда атқарған қызметіне арналды. Яғни 2019 жылдың қыркүйегі мен үстіміздегі жылдың қыркүйек арасы. Жиында белгілі дін қайраткері осы кезең ішінде халық игілігі үшін атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып есеп берді.
Оның айтуына қарағанда, бір жыл ішінде қаншама кейінгі жастарға үлгі-өнеге боларлық істер жүзеге асырылды. Жұртшылықты имандылыққа баулу мақсатындағы тындырылған жұмыстар да аз емес.
Осы басқосуда мешіттің есепшісі Сабира Шоқановада өзінің қызметі жайлы да әңгіме өрбітті. Түскен қаржының қандай мақсаттарға жұмсалғандығы жайлы толық баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Әулиекөлдік ағайындар «Жақсылықта жарысу» қағидасын ұстанып, өзгеге үлгі болар қайрымдылық жасады. Мұнда жергілікті кісілер ғана емес, өзге жақта тұратын бауырлар да атсалысты.
Ал осынау сауапты істе аудандық «Әмит ишан» мешітінің діни қызметкерлері игілікті шараға мұрындық бола білуде.
Аудандық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов жамағаттан жиналған қаражатқа сонау Түркиядан тапсырыспен тыныс алу аппаратын алғызып, оны Әулиекөлдегі аудандық ауруханаға табыс етті.
Ол қаншама адамдардың қауіпті дерттен айығып, отбасына қуаныш сыйлайтындығы даусыз. Науқастанған жандарға Алла тағала шипасын бергей.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, аптаның қасиетті жұма күндері Арқалық қаласындағы «Арқалық» дүкеніңде халыққа нан тегін таратылады.
Бұл игі бастамаға шаһар тұрғыны Әлібек Сұнғатұлы мұрындық болды. Ол әр жұма күні нанды тегін таратуды ұйғарды. Осындай ізгі ниеті арқылы қаншама адамдардың алғысына ие болып, өзгелерге жомарттығымен өнеге көрсетті.
«Кең болсаң, кем болмайсың»дегендей, қолындағы барымен бөлісіп, елдің құрметіне бөленген осындай жандарға Алланың нұры жауа берсін» дейді қалалық «Мұхтасиб Әлмухаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі