Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Мақалалар

Көрші ақысы

Өмірдің жақсы да, мәнді жағынан мол үлес алған дана халқымыз Құдай тағаладан сеніміне селкеу түсірмей, жүрегіне иман, әулетіне береке мен амандық тілеп отырған. Досына адал, көршіге барынша қамқор бола білген. 

Асыл дініміз Ислам көрші ақысына ерекше мән беріп, оған деген қарым-қатынасты жақсартуға шақырады. Халқымызда: «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көршің артық» деген нақыл бар. Шынымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғы немесе қуанышпен алдымен бөлісетін жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. Алла Тағала құранда: «Аллаға ғана құлшылық етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және жамағайын көршіге жақсылық жасаңдар».

Аяттың мағынасында алыс және жақын көршіге жақсылық жасауды бұйырып тұр. Яғни, көршінің ұлтына немесе дініне қарай емес, ол қай ұлттың өкілі, қай діннің өкілі болмасын қолымыздан келгенше жақсылық жасауға міндеттелген. Міне, осылайша Құдай тағала Өзінің құлдарын басқалармен бірге көршілерге де жақсылық жасауға бұйырды.

Ибн Омардан (р.ғ.) жеткен риуаятта ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Маған Жебірейіл періштенің көрші ақысы туралы көп өсиет айтқандығы соншалықты мен көршім мұрагеріме айналатын шығар деп ойладым», − деген. Ой жүгіртіп қарасақ, бұл хадисте көршінің дәрежесі қандай екені аңғаруымызға болады. Дінімізде көршіге қандай да бір залал тигізіп, жамандық жасауға ұзілді-кесілді тыйым салынған. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, көршісіне еш зиян тигізбесін».

Көршілерге жақсылық жасау оңай болғанымен, өкпелетіп қойса, көтеру қиын болып жататындығы жасырын емес. Осы орайда ардақты пайғамбарымыздың өнегелі оқиғасын айтып өтсек, баршамызға өмірлік сабақ болары анық. Пайғамбарлар сұлтаны, Өзіне жәбір беріп, жолына нәжіс заттарды төгіп қоятын иман келтірмеген көршісі ауырып қалғанда, оның халын сұрап барады. Осындай керемет қарым-қатынасы арқылы сол көршісінің иман келтіруіне себепкер болған. Сондықтан біз де, көршіміз нашар адам болса да, қандай зиян тигізіп жатса да оған сабырлық еткеніміз абзал. Ондай көршіні мүмкіндігімізше тура жолға шақырып, жақсылыққа үндеуіміз қажет.

Міне, байқағанымыздай көршімен көрші алдындағы ақысы өте жоғары, сондықтан оларға қолымыздан келген жақсылық жасауға тырысуымыз қажет. Кейде болмашы бір жер үшін дауласып жатамыз немесе екі үйдің кішкене балалары келіспей қалғаны үшін көршілермен ауыр-ауыр сөзге кеп жатамыз. Және сол көршіміздің қателігін басқаларға айтып жамандап жатамыз. Бұл өте ауыр нәрсе. Көршімен көрші тату болса, елдің-қоғамның тыныштығының кепілі. Бұл біздің келешек ұрпаққа қалдырған жақсы ғибратты өнегеміз болмақ.

Дана халқымыз: «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман кісіге мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас», − деп көрші ақысына мән бермейтіндерді қатты сынаған. Оның адамгершілікке де, мұсылманшылыққа да сыймайтындығын ескерткен. Хадисте: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенген болса көршісін еш зарар бермесін».

Олай болса, қадірлі оқырман қауым! Көрші ақысына ерекше ықыласпен көңіл аударып, қарым-қатынасымызды барынша нығайтып, тату да қамқор болуға тырысайық.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев

алдыңғы мақала
«Ақыл - адам көрігі, ақылдың - сабыр серігі»
кейінгі мақала
Сәлем сөздің анасы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником