Жоспарға сәйкес Қостанай облысының жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі, Рудный қалалық Нұр мешітінің Бас имамы Азамат Мурзаканов Қарабалық ауданына іс сапарда болды.
Ол алдымен бесін намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, «Шынайы мүміннің келбеті» тақырыбында жиналғандарға уағыз- насихат айтты.
Одан кейін дін қайраткері «Агротехникалық колледжде» оқытушы- ұстаздарменжүздесті. Мұнда «Дін және қоғам» деп аталатын тақырыптаәңгімеледі. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
Азамат Серікбайұлы осы сапарында аудандық ішкі істер қызметкерлерімен де кездесіп, өзекті мәселе «Экстремизм және терроризм» хақында жан-жақты айтып берді.
Қостанай облысы Жітіқара ауданында «Қара бүркіт» аталатын УК 161/3 санды Түзету мекемесі орналасқан. Алайда бұл жердегі жазасын өтеушіоер өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар. Олардың ішінде намазхандар да бар.
Мешіт тарапынан аалмыш мекемеде имандылық дәрістері жүргізілуі бір жүйеге қойылған. Себебі «тарс» жабылған темір тор, сұрланған қабырға, бозарған жүзді Ислам діні ғана нұрландырары хақ.
Осындағы жандардың жанына жылық ұялату мақсатында және 2020 жыл «Мүфтияттың құрылғанына 30 жыл» мерейтойына орай Жітіқара мешітінің бас имамы М. Бердіғожин футболдан жарыс ұйымдастырды.
Онда мешіт жамағаты, жазасын өтеушілер және әскери қызметкерлер мен полиция өкілдері арасындағы командалар қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге «Алғыс хат» пен марапат табысталды.
Қазіргі таңда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсы жүргізілуде.
Мәселен, 2019 жылдың желтоқсан айының 18-нен бастап 2020 жылдың қаңтар айының 25-і аралығында курсы облыстық мешітте өтті.
Ислам діні кімді болсын білім-ғылымға, ұлағатты тәрбиеге үндейді. Сондықтан да мұсылмандық негізде әрі ұлттық сипаттағы тәлім-тәрбиемізге орасан зор көңіл бөлінеді. Мешітте жамағатқа Құран әліппесі, Құран ережесі (тәджуид), фиқһтан сабақтар берілді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «Сарыағаш медресе» колледжінің бітіруші түлектері Бекзат Бейсенбайұлы ерлерге, ал әйел-қыздаржамағатына Сәуле Мәжитқызы ұстаздық етті.
Жалпы Қостанай облысы бойынша мешіттерде діни сауат ашу курстары жұмыстары барынша жандануда.
Таяуда Алтынсарин ауданындағы Сатай ауылдық мектебінде «Дін және құқық» тақырыбында осы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда жоғарыда аталған топтың мүшесі, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Кикимов,аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай болды.
Онда көпшілікке топ мүшелері тарапынан діндегі адам құқығы, дін мен құқықтың бір-бірімен байланысы және басқа да маңызды мәселелер түсіндірілді.
Денисов аудандық мешітінің бас имамы Руслан Маратұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ішкі істер бөлімінде маңызды кездесу өткізді.
Бұл кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Даргүл Батырханқызы және ішкі істер бөлімінің қызмеркелері қатысты. Ішкі саясат бөлімінің басшысы терроризм және экстремизмнің алдын алу жайлы әңгіме өрбітті.
Бас имам Руслан Маратұлы терроризм және экстремизм ислам дініне жат екендігін айта келіп, жат пиғылды деструктивті діни ағымдар жайлы баяндама жасады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері елімізде тұрақтылықты сақтау үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта да ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып,осындай тағылымды семинарлар өткізе бермек.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде кезекті «Екі айлық сауат ашу» курсы аяқталды. Аталмыш курсқа қатысқан шәкірттер «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім алды.
Онда наиб имамдар Мейрамбек Жетесов, Нұрлан Сейдагалиев, Бақберсін Ізбасаров, Дархан Қосылбаев оқу барысында шәкірттерге тиянақты білім берді.
Осы мешіттің бас имамы Шоқан Әмірханов түлектерге арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.
«Екі айлық сауат ашу» курс барысында шәкірттер мешіт асханасында 3 мезгіл тамақтанды, тегін жататын орынмен қамтамассыз етілді. Енді олар алған білімдерін ел игілігіне жұмсайтын болады.
Алтынсарин ауданына қарасты Щербаков ауылындағы Мәриям Хакімжанова атындағы мектептің акт залында ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы және осындағы 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Осы жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Нұр Отан партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық Алдиярұлы Жанұзақ мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай қатысты.
Бас имам өз сөзінде мемлекетіміздің негізгі ұстанатын діні Ислам екендігін. Ал бідің дініміз тек бейбітшілік пен ынтымақты насихаттайтынын жан-жақты түсіндірді. Оларды жат ағымдардан аулақ болуға шақырды. Ал дңнге қатысты сұрақ туындап немесе білім алуды қаласа Қазақстан мұсылмандары басқармасы бекіткен кітаптарды оқулары қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ Ерік Ыбырай жиналғандардыңсұрақтарына жауап берді.
Қостанай өніріндегі мешіттерде білікті кадрлар қатары өсіп келеді. Соның айғағы ретінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы бұйрығымен бірқатар көпке танымал мамандар имам болып тағайындалды.
Мәселен, Наурызым аудандық «Түркебай» мешітіне Есет Ғабдімәліков, Федоров ауданыңдағы «Жиентай қажы» мешітіне Ерлан Тілегенов, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» Дархан Косылбаев, Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» Аязбек Нураханов Бас имам болып тағайындалды. Сонымен қатар Тобыл станциясындағы «Ажар» мешіттеріне Расул Назаров бекітілді.
Бұл жаңадан тағайындалған азаматтардың бәріде дін саласын жетік білетін білімді мамандар. Біз оларды құттықтай отырып, жауаптыда абыройлы қызметтерінде тек биіктен көріне беріңдер деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.
Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған мәуліт кеші болып өтті.
Аудандық «Асбест» мәдениет үйіндегі мерекеде аталмыш мешіттің наиб имамы Нұрғазы Какабаевтың қасиетті Құран аяттарын оқыды. Алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Сәлім Қасенов жиналған қауымды Мәуліт мейрамымен құттықтап, аудан әкімінің ыстық лебізін жеткізді.
Жиналған қауым мәдениет үйінің өнерпаздары шырқаған діни әндерді ерекше ықыласпен тыңдап, ата-ана қадірі жайлы ғибратқа толы қойылымды тамашалады.
Қостанайдан арнайы қатысқан облыстың бас имамы Бақытбек Тәжімбет жұртшылыққа уағыз-насихат айтты. Жүректен шыққан шынайы тілегін білдірді.
Сондай-ақ, Бақытбек Нұрғабылұлы Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев пен «Қостанай минералдары» АҚ-ның төрағасы Ербол Нұрқожаевтыалғыс хатпен марапаттады.
Мерекелі басқосуда Жітіқара аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин аудан тұрғындарына ризашылығын білдіріп, мешітке көмек көрсеткен және Мәуліт мерекесінің тиісті дәрежеде өтуіне белсене атсалысқан кәсіпкер азаматтардың аты-жөндері аталып, лайықты құрмет көрсетілді.
Тағылымы мол мерекеде ауданда алғаш рет ұйымдастырылған құран оқу мен азан жарысында терең білім танытқан жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Содан кейін мәуліт мейрамына орай дастарқан жайылып, кеш қонақтары дәм татты.