Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
13 11.20

Рудныйдағы Мәуліт рухани кеші

Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігімен салауаты болсын) туған күні яғни Мәуліт мерекесіне байланысты өңіріміздің қалалары мен аудандарында оның тағылымды ғұмырына орай есте қаларлық шаралар ұйымдастырылуда.

Өткен 6 қарашада Рудный қалалық «Нұр» мешітінің «Әйел-қыздар секторы» мәнді де мазмұнды рухани кеш өткізді. Ол «Алланың сүйіктісі, үмметінің шапағатшысы әз Мұхаммед с.ғ.с.»-деп аталады.

Бұл басқосуда құттықтау сөзбен ашқан ұстаз Аяулым Ермекқызы жиналғандарға тәрбиелік мәні зор уағыз-насихат айтты. Кеште салауат жырлары оқылды. Сондай-ақ «Жүлде кімге бұйырады?» деп аталатын тақырып бойынша викториналық сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Жиналғандар арнайы жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты. Ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, жастарға болашақта бағдар болар ақыл-кеңестерін берді. 

Бір айта кетер жай, кештен кейін әйел жамағаттары қайырымдылық мақсатында Кристина есімді жалғызбасты көпбалалы ананың отбасына киім-кешек, күнделікті тұтынатын азық-түлік және балаларына тәтті тағамдарды тапсырды.

Бұл шаңырақ үлкен қуанышқа кенеліп, қайырымдылық жасаған жүрегі жомарт жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Ұзынкөлдегі «Қайырымдылық керуені» акциясы
келесі жаңалық
Қарабалық: «Көшпелі керуен »акциясы жалғасуда

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником