Таяуда Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешіті облыс бойынша жүргізіліп жатқан «Көшпелі керуен» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Шара аясында «Ақбидай- Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкер Г.Айтказина және мешіт жанашырлары үлес қосты.
Осылайша аудандағы тұрмысы төмен, көпбалалы т.б. көмекке мұқтаж 30 отбасына азық-түлік қоржыны таратылды.
Сондықтан да Қарабалықтық бауырлар әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын беріп сауапты істе ауызбіршілігін көрсетті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі