Быйылғы жылы облысымыздың Денисов ауданына қарасты Фрунзе ауылындағы «Аят» намазханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Онда намазхананың кәріз жүйесі жаңартылып, дәрет алатын орын жасалынды.
Сондай-ақ аталған намазхананың ауласы қоршалып, асханаға қажетті бұйымдар алынды. Әрине, мұндай игілікті істердің қасында жанашыр азаматтар қолдау білдіріп, сауапты іс жасалды.
Осы орайда ауданның бас имамы Руслан Маратұлы демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге шынайы алғыс хат тапсырды.
Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші «Аят» намазханасының молдасы Болат Кәрімжанұлыда демеушілік көрсеткен азаматтарға жұмыстарында толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі