Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 07 Февраль 2020 18:42

Жангелдин: Өзекті тақырып

Жангелдин ауданы Торғай селосындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде келелі кездесу өтті. Оған сол өңірге жұмыс сапарымен келген Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Қосылбаев қатысты.

Кездесу барысында «Бауырмашылдықтың негіздері» деген тақырып төңірегінде насихат айтылды.

Сондай ақ осы жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысқан. Айтыған жәйттар негізінде оқушылардың ой-пікірлері, таным –түсініктері тыңдалып, олардың қойған сұрақтарына жауап та берілді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Пятница, 07 Февраль 2020 18:41

Науырзым: «Жалында Қарамеңді»

Жуырда Науырзым ауданы «Түркебай» Ғабдімәлков Есет имамның ұйымдастыруымен «Рухани жеті қазық» атты жастар конференциясы болып өтті. Оған аудан прокуроры және ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Жиында муфтият қабылдаған «Жеті рухани қазық» құжаты талқыланып, жастардың дінге бет бұрысы, елді, жерді, отанды сүюге тәрбиелеу жөнінде сөз болды. Сонымен қатар ауданның экономикасын көтеру үшін жұмыла еңбек ету қажеттігі де айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2020 жыл «Еріктілер» жылы деп аталғаны белгілі, сол себептен «Жалында Қарамеңді» деген қоғамдық топ құрылды. Келешекте бұл топтың жұмысын барынша жандандыру жайы баяндалды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Хақ дініміз мейірімділікті, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, өзге жандарға қол ұшын созуды басты назарға ұстайды. Бұл жайында Алла тағаланың хақ жолын нұсқаушы Қасиетті Құран Кәрім және Хадистерден аңғаруға болады.

Міне, осы қағиданы басшылыққа алған Арқалық қаласының Бас имамы Дархан Исламбекұлының ұйымдастыруымен әрі бастамасымен «2020жыл еріктілер жылы» деп жариялануына байланысты жуырда Қасиетті жұма күні шаһарда «Қайырымды жұма» атты игі шара өткізілді.

Аталмыш қайырымдылық Арқалық қаласындағы «Тазалық» ЖШС мекемесінің жұмысшылары күннің суығына қарамастан биылғы түскен қалың қарды тазартуға қомақты үлес қосқан қырық шақты ер кісілер мен әйелдердің адал еңбегіне дән ризашылығын білдіру мақсатында жоғарыда аталған мешіт және жамағаттар атынан ерікті он намазхан екі көлікпен қыс қымызы «Құрт көже» ұсынып, «бауырсақ» таратты.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық мешітте қан тапсыру ұйымдастырылды. Оған мешіт қызметкерлері мен жамағаттар белсене ат салысты.

Бұл ізгі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналды. Сөйтіп 30 кісі жоғары парасаттылық танытып, ұйымшылдықтың нағыз жарқын үлгісін көрсетті. 

Қостанай облыстық қан құю орталығы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай бастамалар мешіт тарапынан жақсы қабылданып, қашанда жүректерге жылулық ұялатады және қанға зәру азаматтарға септігін тигізуге деген ықыластары қуанышқа бөлейді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Среда, 05 Февраль 2020 16:06

Жастар жақсы нәтиже көрсетті

Жақында Федоров ауданы орталығындағы «Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Тілегенов Ерлан «Дін мен дәстүр сабақтастығы» жайында уағыз айтылып, жиналған қауым көп жайды көңілдеріне түйді.

Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында да жарқын істер атқарылды. Соның нақты мысалы ретінде Успенов ауылында жастар арасында үш команда құрылып, волейболдан жарыс өткізілді.

Ойын қорытындысы бойынша жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, олардың табандылығы мен спортқа деген құштарлығы лайықтыбағаланды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Среда, 05 Февраль 2020 16:05

«Ел үлесі — пәтерге» 174 ші үй

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетіліп жатқаны баршамызға мәлім.

Бұл – акция мешітке келуші жамағаттармен қайырымды жандардың үлес қосуымен жүзеге асуда.

Республика бойынша 174 ші үйдің кілті Жангелдин ауданы Торғай селосының тұрғыны, алты баласы бар ана Мадина Қонысоваға бұйырды.

Баспананың кілтін Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің арнайы тапсырмасымен Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы табыс етті.

Қуаныш иелеріне аудан тұрғындары әрі мешіт жамағаттары кілем тарту етті.Үлкен шаттыққа бөленген жанұя шынайы ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

 Бұл есте қаларлық оқиғаға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті тұрғындар куә болды. Олар шаңырақты көріп, ақсақалдар батасын берді.

Баспаналы болған көп балалы отбасының атынан жиналған қауым және ұйымдастырушылар, тілекші жандар жайылған дастарханнан дәм татты.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Вторник, 04 Февраль 2020 15:39

Алтынсарин: «Дін және құқық»

Ы.Алтынсарин ауданының Обаған орта мектебінің акт залында, «Дін және құқық» тақырыбында ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары және мұғалімдер қатысуымен әсерлі кездесу өтті.

Осы кездесуде аудандық ақпараттық түсіндіру тобының бекітілген мүшесі, Алтынсарин аудандық әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Кикимов, жергілікті «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай болды. 

Жүздесуде діни ұйымдар, діни құқықтар және діни салалар туралы жан-жақты түсіндірілді. Аталған басқосу барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар көп жайға қанықты.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Вторник, 04 Февраль 2020 15:38

Рудный: Білім ордасындағы жүздесу

Рудный қаласындағы №19-шы мектепте «Діни сауатсыздықтың зардабы» атты тақырыпта кездесу өтті. Онда ақпараттық түсіндіру жұмысы баяндалды.

Басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп директоры, ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы білімнің құндылығы жөнінде айта келіп, жас өрендерге имандылықты арттырып, өнегелі өмірді қалыптастыруға септігі тиетін жайларға кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда белең алып тұрған жат ағымдардың да қоғамға зияны туралы айта келіп, жастарды одан аулақ болуға шақырды.

Кездесу барысында оқушылардың ой-пікірлері, көзқарастары тыңдалып, сұрақтарға нақты жауап берілді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Вторник, 04 Февраль 2020 15:36

Қайырымды жұма

Өткен боранды күндері облыстық мешіттің арнайы тапсырмасы негізінде өңіріміздің барлық мешіттерінде «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде азаматтардың белсенділігі арқасында мешіттерге келген жамағатты үйлеріне жеңіл көліктермен үйлеріне тегін тасыды.

Мұндай құрметке ие болған кісілер оларға жүректеріне шыққан шынайы алғысын білдірді.

Мәселен, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жаңадан тағайындалған Бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің тікелей ұйытқы болуымен «қайырымды жұма» акциясы да жергілікті халыққа ұмытылмас әсер қалдырды. Мешіт жамағатынан құрылған еріктілер тобы 25 автокөлікпен намаздан кейін жамағатты үйлеріне жеткізіп салды.

Сондай-ақ мешіт ауласында арнайы ыстық палау әзірленіп, барша келуші үлкенді-кішілі қауымға таратылды.

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнай Мұса қажы» мешітінің Бас имамы Қошан Еркебұланның да ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдаумен мұқтаж жандарға ет азығы үлестірілді.

Негізі осындай игі істермен жарысу өте жақсы іс. Ал оны әрбір азамат Алла тағаланың ризалығын алу мақсатында жасаса сауаптан болады.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Понедельник, 03 Февраль 2020 15:13

Бас имамның Түйемойнаққа сапары

Облысымыздың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Денисов ауданында іс – сапармен болды. Оны аудан аудан әкімі Бахыт Мирасұлы қабылдап, маңызды мәселе жайлы әңгімелесті.

Содан кейін аудандық «Әлем» мәдениет үйінде өткізілген Мәуліт мерекесіне қатысты. Онда облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы құран оқып, Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы тағылымды уағыз – насихат айтты. Онан соң Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан қажы Зейнелгабиденұлы ресми тілде пайғамбарымыз жайлы баяндады.

Мәдениет үйінің қызметкерлері ана, ниетке байланысты арнайы қойылымдарды жұртшылық назарына ұсынды. Іс – шара соңында ауданның бас имамы Руслан Маратұлы сөз сөйлеп, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Соңынан Мәуліт мерекесінің құрметіне мешіт асханасында дастарқан жайылып ас берілді.

Онан соң аудандық мұражайда құрметті қонақтарға өлкенің тарихы жайлы таныстырылып, Бақытбек қажы арнайы кітапқа өзінің тілегін жазды.

Ал жұма күні аудандық орта қазақ мектебінде мектеп оқушылары және мұғалімдерімен кездесуде «Ата – ана қадірі» жайында тағылымды насихат айтты. Белгілі дін қайраткерінің сапары ауданның Фрунзе ауылында жалғасты.

Бас имамның уағыздары көпшіліктің жүректерін қозғағаны соншалықты, жергілікті халық дән риза болып ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником