Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Шағбан айының құрметіне ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді. Осындай ізгі амалдарды жүзеге асырған имам-ұстаздар жергілікті жұртшылықпен әрдайым тығыз байланыста жұмыс істейді. Әсіресе, халықтың діни сауатын көтеруге айрықша көңіл бөледі.
Мәселен, жуырда аталмыш мешіттің наиб имамы Бақберсін Ізбасаров жамағатқа «Адал ас» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Оның тағылымды сөздерін мұсылмандар қауымы ұйып тыңдады.
Өткен аптада «Қайырымды жұма» аясында әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж 10 көп балалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Олар мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Бүгін облыстық мешітте діни басқарманың 35-жылдығы аясында дүниеден өткен мархұм имамдардың рухына арнайы құран бағышталды.
Асыл дініміздің өркендеуі жолында аянбай адал еңбек етіп, халықтың ризашылығына бөленген:
Ертайқажы Исламұлы, Ғазизқажы Әмірханұлы, Ербол Молдахметұлы, Кәментай Дәулеткелдіұлы, Хауезхан Ғаппарұлы, Кәкімбек Әбілұлы, Тілеген Молдабайұлы, Бақытжан Берғалыұлы, Сайдфазыл Саидрасулұлы, Серік Қуаныштайұлы мархұмдар.
Дін қайраткерлерінің өнегелі істері мен тәлімдерін ұмытпау, оларды құрметтеу – біздің елдігіміз бен бірлігіміздің белгісі.
Мархұмдарымыздың жандары жәннатта, тәндері рахатта болсын.
Алла тағала артында қалған отбасы, бала-шағасына, ұрпақтарына ұзақ ғұмыр, мол несібе бергей!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толғандығы белгілі. Осы айтулы датаға орай өңірдегі қала және аудан имамдары арасында футболдан сайыс өткізілді.
Ойын басталмас бұрын облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі
Тартысты өткен жарыс ойын қорытындысында жүлдегер атанған командаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Қазақстан мұылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен төралқа мәжілісі болып өтті. Оған барлық өңірлердегі өкіл имамдар қатысты.
Онда еліміздегі барша дін қызметкерлерінің алдында тұрған нақты міндеттер мен жұмыс жоспарлары бекітілді.
Үстіміздегі жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланды. Басшылыққа алынар негізгі төрт бағыт та айтылды.
Қостанай облысының Бас имамы төралқа мәжілісінен оралған соң, өңірдегі қала және аудан имамдарымен жиын өткізді.
Мұнда Бектұрсын қажы Торғайбайұлы биылғы жүзеге асырылар маңызды істерге жан-жақты тоқталды. Өз пікірін түйіндей келе өткен жыл қорытындысында көзге түскен бір топ имамдарға Бас мүфтидің атынан Алғыс хаттарды табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Бір ізділікке түсіру мақсатында
Баршаға мәлім, өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілдігінде «Ысырапшылдықтың алдын-алу» жөнінде маңызды мәжіліс өткен болатын. Онда көптеген өзекті мәселелер қозғалды.
Міне, осында айтылған жайларды басшылыққа алған Қостанай қалалық “Жайлаубай ата “ мешітінің қызметкерлері өз міндеттеріне барынша жауапкершілікпен қарауда. Мәселен, олар жуырда шаһарымыздағы дәмханалар мен асханаларда болып, жаназадағы дастарқандар мәзірін бір ізділікке түсіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Университеттегі маңызды кездесулер
Жоғарыда аталған «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Әсет қажы Жарылғасын Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттерімен кездесіп, “Ата-ана алдындағы перзенттік міндеттер” атты тақырыпта лекция оқыды. Онда слайд пен бейне ролик жазбасы қолданылды.
Сондай-ақ имандылық ордасының наиб имамы Қазбек Көшеров аталмыш жоғары оқу орнының орыс топтарында білім алып жатқан жастармен жүздесіп, «Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» жөнінде тілге тиек етті.
Тағылымы мол уағыз
Жақында Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен намазхандарға ой саларлық жиын болып өтті. Онда наиб имам Бақберсін қажы Ізбасаров «Исра және Миғраж» оқиғасының сабақтары тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жамағат дін қайраткерін ұйып тыңдап, ризашылығын білдірді.
«Ауыз ашар» дастарқаны жайылды
Шоқан қажы Әмірханов басқаратын “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Ережеп айының қасиетті бейсенбі күні ораза ұстаушы намазхандарға арнайы “ауыз ашар” дастарқанын жайды.
Жиналған қауым өздеріне осындай құрмет көрсетіп, пікір алысуға мүмкіндік туғызған имандылық ордасының ұжымына шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.
«Құрт көже» таратылды
Бүгін әңгіме өзегіне айналған мешіттің қызметкерлері қаншама үлгі-өнеге боларлық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды жаңғыртуға да айрықша назар аударып келеді.
Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде жамағатқа қыстың қымызы атанып кеткен “Құрт көже“ таратылды. Оның тіл үйірер дәмділігіне тәнті болған жұртшылық ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесу болып өтті.
Онда наиб имам Бақберсін Ізбасаров «Жат ағым, терроризм және экстремизм” тақырыбында қатысушыларға үлкен ой салар мәселені қозғады.
Болашақ педагогтар оның сөзін ұйып тыңдады. Ұстаздар қауымы осындай жүздесуге ұйытқы болғаны үшін дін қайраткеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде жамағат арасында азан айтудан сайыс ұйымдастырылды. Оған көршілес Алтынсарин ауданынан да талапкер қатысты.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Онда азанның дінімізде алатын орны мен дұрыс айтылу шарттары туралы уағыз айтылды. Қатысушылар өздеріне қойылған сауалдарға тиянақты жауап берді.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға «Аққозы қажы» мешітінен Қожагелді Сұлтан, екінші орынды Алтынсарин ауданынан Есенгелді Ерназар, үшінші орынды «Аққозы қажы» мешітінен Жакенов Қосылбай иеленді.
Соңынан қонақтарға дастарқан жайылып, ас берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің қызметкерлері жасөспірімдердің діни сауатын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді.
Шәкірттердің мектептен тыс қолдары бос кездерінде білікті ұстаздар уақытты тиімді пайдаланып, сенбі және жексенбі күндері дәріс береді.
Мұнда оқушылар Құран, әдеп, сияр-шариф пәндерінен сабақтар алады. Бұл орайда наиб имам Қазбек Көшеровтың тындырымды жұмыстарын ерекше атап өткен жөн.
Ол шәкірттермен тіл табыса білудің және іскерлігінің арқасында үлкен құрметке бөленген. Жайсаң мінезі және ұлағатты сөздерімен сауатын көтеріп жатқан балаларды бірден баурап алады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің найб имамы Ерлан Өмірбекұлы Қостанай аудандық Ішкі істер бөлімінде болды.
Ол полиция қызметкерлерімен кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қысқа мерзімді жазасын өтеушілерге уағыз-насихат айтты.
Қазіргі таңда бұл мәселеге байланысты заң қатайтылып, қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға да қысқаша тоқталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ниязбек Қасымбекұлы және аға инженер Айдос Алтынбекұлы Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешіті қызметкерлерімен кездесті.
Өз саласының білікті мамандары жүздесу барысында тілсіз жау болып табылатын өрттің алдын алу, төтенше оқиға орын алған жағдайда дер кезінде қимыл-әрекет жасау және басқа да амалдар жөнінде пайдалы кеңес берді.
Жиынға қатысушылар өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі