Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 30 Октябрь 2023 09:32

Қырғыз қауымдастығы Мәуліт-шариф оқытты

Облыс орталығында ғұмыр кешіп жатқан қырғыз қауымдастығы Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде Мұхаммед Пайғамбарға арнап мәуліт-шариф оқытты.

Онда есімдері көпке танымал дін қайраткерлері Әлішер Ертайұлы, Дархан Манарбекұлы, Әлібек қари және белгілі журналист Қыдырбек Қиысқан орындаған салауаттар жиналған жамағатқа өте әсерлі болды.

Қонақтар жайылған дастарқаннан дәм татты. Көпшілік құптан намазын оқып, жоғары көңіл-күймен тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 30 Октябрь 2023 09:30

Әжелер мектебі құрылды

Биылғы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде ақ жаулықты аналар арасынан әжелер мектебі құрылды. Олар негізі қаланған соң «Әжелер мектебі – тәрбие негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиынды әйел-қыздар секторының ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы жүргізіп, топтың мақсатын жан-жақтағы түсіндірді.

Содан кейін қоғамдағы дін мен дәстүрді негізге ала отырып, қыз балалардың тәрбиесі, жас отбасыларға кеңес беру және жанұялардағы ажырасудың алдын алу секілді маңызды тақырыптар көтеріліп, ұсыныс- пікірлер айтылды.

Ұлғайған жастарына қарамастан мешіт ұстаздарынан дәріс алып, ілім жолындағы ізденістерін еш үзбеген асыл әжелер бұған дейін де мешіттегі көптеген шараларға белсене қатысып, жастарға тәлім беруде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Меңдіқара ауданындағы «Қарамақы ата» мешітінде әйел жамағаттары қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Онда аяулы аналар өз қолдарынан шыққан түрлі туындыларын көрсетті.

Олар көздің жауын алатын жұмыстарымен таныстырып, өзара тәжірибе бөлісті. Аудандық мешіттің қызметкері Ұлболсын және әрдайым қамқорлық танытатын Ақбота Сыздық та қатысушыларға дастархан жайып, шынай алғысқа бөленді.

Басқосу соңында аудандық кітапхананың бөлім басшысы Роза Сағындыққызы көрмеге туындыларын ұсынған жандарға ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 30 Октябрь 2023 09:20

Арқалық: Қорым жұмысымен танысты

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы жергілікті мұсылман бауырларымыздың қамы үшін тындырылған қыруар шаруалардың басы-қасында жүреді. Оның іскерлігіне шаһар жұртшылығының да көзі әбден жеткен.

Мәселен, ол таяуда ғана қалада жаңадан салынып жатқан қорымға барып, оның жұмысымен танысты. Біраз тындырылған істерді өз көзімен көріп, ой-пікірлерін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиев Меңдіқара ауданынла іс-сапарда болды.

Ол ат басын жергілікті «Қарамақы ата» мешітіне бұрып, осындағы мұсылман жұртшылығымен жиын өткізді. Онда қазіргі таңдағы өзекті мәселе отбасының ынтымақ-бірлігі мен құндылығы сөз болды.

Мемлекет шағын отбасылардан құралатыны белгілі. Демек, жанұяның іргесі мықты болуы, бала тәрбиесі әрбір ер азамат пен әйелдің ақыл-парасатына байланысты.

Сондықтан олар жастайынан ұл мен қыздарын еңбекқорлыққа, имандылыққа, тиянақты білім алуға, үлкендерді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулығандары жөн.

Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөздер босқа айтылмаған. Жиын өте тартымды ұйымдастырылғандықтан жиналған жамағат үлкен әсер алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:52

Арқалық: «Ұлы дала дүбірі» сайысы

Өзіміздің қандастарымыз басым тұратын Арқалық қаласында Республика күніне орай алғаш рет «Ұлы дала дүбірі» атты ұлттық ат спорты сайысы өткізілді.

Бұл бауырларымыздың ерекше қызығушылығын арттыратын додаға жергілікті «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы арнайы шақырылды.

Дін қайраткері жарыстың басында Құран аяттарын оқып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің қызметкерлері Республика күніне орай қайырымдылық іс – шарасын ұйымдастырды. Бұл жиынға Успенов элеваторының басшысы Бақтияр бауырымыз ат салысты.

Онда көмекке мұқтаж 10 отбасыға ұн және қажетті тауарлар берілді. Аудан имамы Руслан Маратұлы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ең ізгі тілегін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:39

Лисаков жаңалықтары

Мәуліт жайлы уағыз

Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне Мұхаммед Пайғамбарымызға арналған "Мауліт-шариф" оқылды. Бас имам Әкімбек Асанов жамағатқа бұл мейрамның мәні мен мәнісі жайлы уағыз-насихат айтты.

Пайғамбарымызға байланысты салауаттардан жұртшылық рухани нәр алды. Мешіт шәкірттері арасында ұйымдастырылған салауатты шеберлікпен орындауда үздік шыққан үш шәкіртке демеушілер атынан сыйлықтар тапсырылды.

Мерекеге орай дастарқан жайылды. Содан кейін өмір белестерінен өткен қарттар жастарға батасын берді.

Ұлттық мерекеге арналды

Жақында Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешіті ұжымы және жаны жомарт жандардың ұйымдастыруымен Республика күніне орай ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Оған 14 адам қатысты.

Ойын қортындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Нұрхан Серікбаев, екінші орынды Нұрсая Қарабасова, үшінші орынды Нартай Бердімұрат жеңіп алды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен мадақтама қағаздары тапсырылды. Сөз соңында Бас имам Әкімбек Асанов барлық ұйымдастырушылар мен белсене атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:28

Рудныйдағы рухани кеш

Рудный қалалық «Нұр» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа Республика күні мерекесіне орай дастархан жайылып, рухани кеш болды.

Бас имам Сабыржан Зейнелғабиденұлы жиылған жұртты мейраммен құттықтап, оларға татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен бауырмашылдық, жанашырлық пен отансүйгіштік жайлы сөз етті.

Шаһардың беделді ақсақалдары ыстық лебізін білдіріп, жастарды туған жері мен еліне адал қызмет етуге шақырды.

Жиын соңында асқа бата беріліп, қатысушыларға рәмізімізді айқындайтын көк тудың жалаушасы таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 26 Октябрь 2023 11:07

Тоғыз айдың есебі

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бес бағыт бойынша атқарылған тапсырмаларды жылдық есеп беруге дайындық жасау мақсатында Қостанай облысы имамдарының жиыны өткізілді.

Басқосудан кейін еліміздің тәуелсіздігі жолында бастарын бәйгеге тігіп, құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына Құран Хатым дұғасы жасалды. Оларға құрмет көрсетіп, есімдерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«41424344454647484950»
Страница 46 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником